Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өсімдік ұлпалары -

Өсімдік ұлпалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2559 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Өсімдік ұлпалары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға өсімдіктерде болатын ұлпалардың түрлерімен таныстыра отырып, әр ұлпаның атқаратын қызметі мен бір – бірінен айырмашылығын талдауды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: табиғатқа, өсімдіктер мен жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру және қорғау.
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, ұлғайтқыш құрал, биологиялық диктант.

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
2) Үй тапсырмасын тексеру (10 минут)
3) Жаңа сабақты түсіндіру (20 минут)
4) Жаңа сабақты бекіту (8 минут)
5) Үйге тапсырма (3 минут)
6) Оқушыларды бағалау (2 минут)
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлеметсіздер ме?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?

Үй тапсырмасын тексеру.
Биологиялық диктант
1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - ... бар. 2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты ... дейді. 3. Жасуша ..., ..., ... . 4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін ... тұрады. 5. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене – ... . 6. ... жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. 7. ... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. 8. Хромопласт пластидтер дамуының ... . 9. ... ... жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. 10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға ..., ... түс береді.
Жауаптар: 1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; 10)Ақырғы кезеңі.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобын ұлпа дейді.
Жасушалар тобы → ұлпа → мүше → организм
Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші, жабын, негізгі (қоректік және фотосинтездеуші), тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы.
1. Түзуші ұлпа жасуша қабықшасы жұқа, бір бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. Ол сабақтың, тамырдың ең ұшында болады. Жасушалары ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады, тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Өсімдіктердің ұзарып өсуі, ағаштың жуандауы, жас жапырақтардың үлкеюі түзуші ұлпаға қатысты. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті.
2. Жабын ұлпа өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.
Өң жасушалары тірі бір – бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өскен кезеңінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті,сабақты және тамырды сыртынан қаптап тұрады.
Тоз – көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналады. Бұл – су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз қакбат.
Қыртыс – ең соңынан түзілетін қабат. Өсімдік сабақтары жуандаған сайын тозда жаңа қабаттар пайда болып, қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болады.
3. Негізгі ұлпа өсімдіктіңғ барлық мүшелерінде кездеседі, тірі жасушалардан тұрады. Сабақта, пиязшықта, жемтамырда, жапырақта, тамырсабақта болатын қоректік ұлпалар қор жинауға қатысады. Жасушалар арасындағы ауа кеңістіктері де қоректік ұлпаға жатады. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып, негізгі ұлпа деп атайды.
Фотосинтездеуші ұлпа хлоропластары бар тірі жасушалар тобынан тұрады. Олар жұқа өңнің астында орналасады. Жапырақ пен сабақтағы фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының арасында бос кеңістіктер бар. Ол кеңістіктегі ауа өсімдік мүшелерін оттегімен қамтамасыз етеді.
Негізгі ұлпа → сіңіру → фотосинтездеуші → қорға жинаушы → газ алмасу қызметін атқарады.
4. Тірек ұлпасы - өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде орналасатын ұлпалар. өсімдікте тірек қызметін атқарады. Тірек ұлпасы сабаққа жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет береді. Нәзік сабақтар қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкенн жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ұлпаға анықтама беріп, өсімдік ұлпасын атаңыздар.
2. Жабын ұлпа нешеге бөлінеді, әрқайсысын жеке сипаттаңыздар.
3. Тірек ұлпа жасушаларының ерекшеліктері және атқаратын қызметтері қандай?
4. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаның әрқайсысының атқаратын қызметі?
5. Түзуші ұлпаның басқа ұлпадардан ерекшелігі қандай?
6. Су жинаушы жасушалар қандай ұлпаға жатады, олар қандай өсімдіктерде болады, атқаратын қызметін түсіндіріңдер.

Үйге тапсырма: Өсімдік ұлпаларын оқып келу. «Біліміңді тексер» тапсырмасын дәптерге жазып, орындау.

Оқушыларды бағалау.
Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.