Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өсімдік - тірі организм -

Өсімдік - тірі организм

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1995 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы: Өсімдік - тірі организм
Мақсаты:
а)Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін кеңейту.
ә)Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеп, қорытынды шығаруға
машықтандыру.
б)Тәрбиелік: Байқағыштыққа, бір – бірін құрметтеуге, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, өсімдік суреттері.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық .
Күннің бетін бұлттан арылту. (1 слайд)
10 онд. = бірл. 1м = дм
7+х=13 2сағ = мин
7+а

ІІ.Өткен сабақты қайталау. (2 слайд)
-Балалар, біз кімбіз?
-Адамды қоршаған орта қалай аталады?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Өсімдіктер неге тірі табиғатқа жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Ой толғаныс». Сөзжұмбақ шешу. (3 слайд)
1.Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.
2.Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
3.Қай аң тышқаннан қорқады?
4. Тышқан аулағышты бес
әріппен қалай атауға болады?
5. Оқушыға күнде еріп
Жүретін не ....
6. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
7. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

-Ерекше жолдан қандай сөз шықты?
-Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдік - тірі организм» деп аталады.

2. Кіріспе сұрақтар.
-Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
-Өсімдік жақсы өсу үшін қандай жағдайлар қажет?
-Ауа, су, жарық, қорек, жылу.

3.Оқулықпен жұмыс.
Әр топ мүшелері оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқып, түсінгенін айтып береді. Мәтін бойынша пысықтау тапсырмалары.
1.Ағаштың мүшелерін ата.
2.Шөптектес өсімдіктің мүшелерін ата.
3.Өсімдік неліктен тірі екенін дәлелде.
4.Жапырақты ағаштарды ата.
5.Қылқан жапырақты ағаштарды ата.

4.Дәптермен жұмыс.

5. Ойын. «Өсімдіктерді топқа бөл»

6. Сергіту сәті.
ІҮ. Сабақты бекіту жұмыстары.
Саяхатқа шығу.
- Біз бүгінгі сабағымызда табиғат аясына саяхатқа шығамыз. Ол үшін бізге қандай заттар керек?
Құбылнама - бағытты дұрыс анықтау үшін керек.
Карта - қай жерде орман, өзен, көл т.б. барын анықтайды.
-Қандай көлік түрін таңдаймыз?
Көлікке отыру үшін мына тапсырманы орындайық.

1. СубТЕСТ (слайд)
1. Қызанақ, қарбыз, алма, сәбіз.
2. Қайың, бәйшешек, шырша, қарағай.
3. Өрік, алмұрт, банан, қияр.

2.Дала көрінісі. (слайд)
-Көзімізді жұмып жазғы даланы елестетейік, көз алдарыңа не елестеді?
-Далада өсіп тұрған гүлдерді, шөптерді көрдік.
-Енді осы өсімдіктердің аттарын атап шығайық.

3. Біз орманға келдік. Кірпінің тапсырмасын орындайық. (слайд)
Ағаштарды өз жапырағымен сәйкестендіру.
Қайың
Қарағай жапырақтардың
Емен суреті
Шырша
Үйеңкі

4. Өзен жағасына келдік. Биологиялық диктант. (слайд)
Біз . . . жағасына келдік. Онда түрлі . . . өсіп тұр. Жақын маңнан . . . даусы естіледі. Кенет аспанды . . . басты. Жарқ-жұрқ . . . ойнады. Сіркіреп . . . жауды.

Ү. Сабақты қорыту.
5.Сыныпқа келдік.
Ойын «Ағаштағы жапырақты жинау» (слайд)
Сұрақтар:
1.Бақшада қандай өсімдіктер өсіріледі?
2.Бақта қандай өсімдіктер өседі?
3.Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың қандай айырмашылығы бар?
4.Жапырағын күзде түсіретін қылқанжапырақты ағашты ата
5.Қандай ағаштың жапырағы жүрекке ұқсайды?
6.Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі?

6. Проблемалық сұрақтар тудыру.
-Орман неліктен өртенеді?
-Өрттің өсімдікке қандай зияны бар?
-Ауаның ластануы өсімдікке әсер ете ме?
-Лас судың табиғатқа әсері қандай?
-Табиғатты қалай қорғау керек?
-Неліктен біз өсімдіктерді қорғауымыз керек?

Қорытынды

Тыйым сөздер айту.

ҮІ.Үйге тапсырма : 34-36 беттерді оқу, ағаштың суретін салу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.