Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Символдық мәліметтермен амалдар орындау -

Символдық мәліметтермен амалдар орындау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1315 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Ордабасы ауданы
Шұбарсу жалпы орта мектебі
Бірінші (ілгері) деңгей информатика пәні мұғалімі.
Сагымбекова Эльмира Агабековна
(Кембридж оқыту бойынша ашық сабақты қысқа мерзімді жоспарлау)
Пәні Информатика
Күні 26.02.2015ж
Сыныбы 9 «Б»
Сабақтың тақырыбы Символдық мәліметтермен амалдар орындау
Сілтеме Информатика оқулығы. Информатика негіздері журналы. Презентация.
Мақсаты Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амал түрлерін пайдалана отырып,есептер шығаруға,программа құруға дағдыландыру.
Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық өрістерін дамыту.
Оқыту нәтижелері
Ойларын ортаға салады, топқа ойын жеткізе алады және өз пікірін дәлелдейді
Сабақтың типі Жаңа сабақты меңгерту
Қолданатын әдістер АҚТ-ны пайдалану
Сын тұрғысынан ойлау,
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Ресурстар Бағалау парағы, таратпа материалдар, түрлі –түсті қағаздар, карандаштар.
Тапсырмалар Сұрақ-жауап, кеспе қағаздары.
Сабақ бойынша жазбалар Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Ұйымдастыру.
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныпты монитор, пернетақта деп 3 топқа бөлу. Мұғаліммен сәлемдесу.

Топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлайды.
Топ ережесін құрады.
Үй тапсырмасын сұрау(«Миға шабуыл» сұрақ-жауап)
1-сұрақ 2-сұрақ



3-сұрақ 4-сұрақ
5-сұрақ. Түстер коды.
Негізгі бөлім
«Мағынаны тану».
Джигсо әдісі. Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс -әрекеті
Жаңа тақырып бойынша оқулықтан тапсырма беріледі. Жұмыстың мақсатын түсіндіреді,
бақылайды.
Екі топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы жеке оқып түсінеді,жұппен талқылайды, топпен ортақ ойға келеді. Топта топ басшы қалады қалғандары басқа топтарға барып олардың тапсырмасы туралы түсініп келеді.
Әрқайсысы өз түсінгендерін басқаларға айтып түсіндіреді. Ортадан бір оқушы тұрып басқа топтың тапсырмасын айтады, бірақ сол топқа барып келген оқушы емес, келесі бір басқа оқушы айтады.


«Ыстық орын» әдісі 1. Символдық шама деген не?
2. Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?
3. Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?
4. Бір жолдық айнымалыға қанша символ жазуға болады?
5. Write операторының қызметі қандай?
6. Read операторының қызметі қандай?
7. Жолдық шамаларға қандай амалдар қолданылады?

Сергіту сәті
Қорытынды Бүгінгі өткен тақырып бойынша сұрақ –жауап арқылы білімдерін тиянақтайды
Бағалау Екі жұлдыз, бір тілек.
Рефлексия 1.Бүгінгі сабақта не үйрендім?
2.Сабақ қызықты болды ма?
3.Сабақ несімен ұнады?
Үйге тапсырма Символдық шамалар.Күнделікке жазып қою.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.