.
.
СИМВОЛДЫҚ ЖОЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН ФУНКЦИЯЛАР СИМВОЛДЫҚ ЖОЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛҒАН ФУНКЦИЯЛАР
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4465 | Размер: | Автор: гостьД.Ж.АХМЕТОВ
Қарқаралы қаласы, академик О.А.Жаутыков атындағы №1 орта мектептің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдармен таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін, программа құру дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: Өз бетімен ізденуге, ұжымдық қарым-қатынасқа, еңбекқорлыққа, ынталылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: теориялық сабағы
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, флипчарт, үлестірме тапсырмалар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру №2 есеп, №9 есеп
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
1. Қандай шамалар символдық типке жатады?
2. Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?
3. Символдық шамаларға қолданылатын қандай стандартты функцияларды білесіндер
4. Chr(x)- х санын символға түрлендіреді
5. Ord(х)- х символын оның кодына түрлендіреді
6. Pred(х)- кодына сәйкес келесі символды береді
7. Succ(x)- кодына сәйкес алдынғы символды береді
8. Upcase(х) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.
3. Жаңа сабақ
Кіріспе
Программаларда кездесетін әр түрлі символдардан тұратын тізбектерді жолдық қатарлар деп атайды. Өрнектерде жолдық қатарлар апострофқа алынып жазылады. Turbo Pascal-да жолдық қатарларға компьютердің жадынан 0 байттан 255 байтқа дейін орын беріледі. Жолдық қатарлардан тұратын идентификаторлар String типі арқылы сипатталады. Идентификатордың типінен кейін тік жақшаның ішінде осы идентификатордың ұзындығының мәні неше символдан тұруы мүмкін екені көрсетіліп кетеді. Егер бұл мән көрсетілмесе, онда жолдық қатар ұзындығына компьютердің жадынан 255 символға дейін орын беріледі. Жолдық қатарлы идентификаторды типтер бөлімінде (TYPE) немесе бірден айнымалылар бөлімінде (VAR) сипаттауға болады.
Жолдық шамлармен жұмыс істеу үшін қолданылатын функциялар мен процедуралар
Length (Str) –Str жолындағы символдардың санын есептейді. Нәтиже бүтін типті сандар болады. Мысалы:
S:=’Сканер’;
D:=length(S);
Writeln (D); Экранға шығатын нәтиже: 6
Delete (Str,Poz,N) – Str жолының Poz позициясынан бастап N символдарды жояды. Егер Poz>255,программалық тоқтатылу болады.
Мысалы: S:=’Етістік’;
Delete(S,2,3);
Writeln (S); Экранға шығатын нәтиже: Етік
Insert (Str1,Str2,Poz) –Str1 жолын Str2 жолына Poz позициясынан бастап қояды.
Мысалы:
S1:=’ма’;
S2:=’Форт’;
Insert(S1,S2,4);
Writeln (S2); Экранға шығатын нәтиже: Формат
Copy (St, Poz, N) – St жолынан Poz позициясынан бастап N символды қиып алады. Егер Poz St жолының ұзындығынан ұзын болса,онда нәтиже бос орын болады.
Мысалы:
S:=’Программа’;
S:=Copy(S,4,5);
Writeln (S); Экранға шығатын нәтиже: грамм
Concat (St1,St2,…,StN) –St1, St2, … , StN тізімде көрсетілген рет бойынша бойынша тіркеседі. Барлық тіркелген символдардың қосындысы 255 символдан аспауы керек.
Мысалы:
S1:=’дар’;
S2:=’бағ’;
S3:=’шам’;
s:=Concat(S2,S1,S3);
Writeln (S); Экранға шығатын нәтиже: бағдаршам
4.Оқушыларға үлестірме тапсырмалар орындату. (3 мин.)
№1 Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін компьютерсіз анықтаңдар
F:=’ИНФОРМАТИКА ’;
L:=’Length(F) ’;
Writeln(‘L=’,L);
№2 Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін компьютерсіз анықтаңдар
S:=’Монитор’;
Delete(S,3,2);
Writeln(S);
№3 Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін компьютерсіз анықтаңдар
F:=’ИНФОРМАТИКА ’;
P:=copy(f,3,5)+ copy(f,9,1)+ copy(f,8,1);
M:=copy(f,4,4)+ copy(f,2,1);
Writeln(P=’,P,’M=’,M);
№4 Программа үзіндісінің орындалу нәтижесін компьютерсіз анықтаңдар
A,B,S айнымалыларының типтері қандай?
A:=’программа’;
B:=Length(A);
S:=Copy(A,4,5);
5.Компьютерде практикалық тапсырмаларды орындату.
№1 Informatika сөзінің ұзындығын табу және жаңа сөз шығару бағдарламасын құру.
program misal1;
var a,b:string; с:integer;
begin
a:='informatika';
c:=length(a);
b:=copy(a,3,5);
writeln(с, b);
end.
№5 Берілген сөз тіркесінде «а» әріпін «о»әріпіне ауыстыратын программа құрыңдар
Program misal2 ;
Var a:string;
K:integer;
Begin
Writeln (‘matindi engiz’);
Readln (a);
K:=1;
For K:=1 to length(a) do
If A[K]=’a’ then A[K]:=’o’;
Writeln(a);
End.
6.Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылау кезеңінде тест сұрақтарына super test бағдарламасында жауап береді.
1) LENGTH(S) жолдық функциясы ..
a) S-жолдық айнымалысы таңбасының санын есептеу
b) S- жолдық айнымалысын кері оқу
c) S- жолдық айнымалысын өшіру
d) S- жолдық айнымалысын көшіру
e) S- жолдық айнымалысының таңбаларын жеке-жеке жолдарға жазу
2) COPY(S,N,M)
a) M мәтінінен N таңбадан бастап S таңба қиып алу
b) дұрыс жауап жоқ
c) S мәтінінен N-1 таңбадан бастап M таңба қиып алу
d) S мәтінінен N таңбадан бастап M таңба қиып алу
e) S мәтінінен N+1 таңбадан бастап M таңба қиып алу
3) CONCAT(S1, S2,...Sn) функциясы ..
a) S1, S2,...Sn - деп жазу
b) S1, S2,...Sn мәндерін кері ретпен шығару
c) S1, S2,...Sn мәндерін реті бойынша біріктіру
d) S1, S2,...Sn жеке-жеке қиып алу
e) S1, S2,...Sn жеке-жеке жолдарға жазу
4) INSERT (S1, S2, N) функциясының қызметі ..
a) S1 жолын S2 жолынан N таңбаны өшіру
b) S1 жолын S2 жолының N нөмірінен бастап енгізу
c) S2 жолын S1 жолының N нөмірінен бастап енгізу
d) S1 жолын S2 жолынан кейін N қайталап жазу
e) S2 жолын S1 жолынан кейін N қайталап жазу
5) DELETE (S,N,M) функциясының қызметі ..
a) S мәтінінен N+1 таңбадан бастап M таңба қиып алу
b) M мәтінінен N таңбадан бастап S таңбаны өшіру
c) S мәтінінен N-1 таңбадан бастап M таңбаны өшіру
d) S мәтінінен N таңбадан бастап M таңбаны өшіру
e) дұрыс жауап жоқ
6) Мәтін ұзындығын анықтау үшін ... функциясы қолданылады:
a) DELETE
b) CONCAT
c) LENGTH
d) COPY
e) UPCASE
7) a:='информатика', b:='портфель'; D:=copy(a,3,3), S:=copy(b,1,3), D мәні неге тен?
a) форма
b) пор
c) инфо
d) фор
e) порт
8. a:=“алтыбақан” Length(a)+10 Нәтижесі қандай?
a) 10
b) 9
c) 19
d) 20
9. String типінің диапазоны
a) 0-ден 255-ке дейін
b) 0-ден 32000-ке дейін
c) 0-ден 120-ке дейін
7.Үйге тапсырма: №5, 6 (а, ә)
8.Рефлексия
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты не білгілері келетінін, не білгендерін және кері байланыс жасайды.
9. Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.