.
.
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың табиғат зоналары Солтүстік Американың табиғат зоналары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1392 | Размер: | Автор: гостьМақсаты:
Материктегі табиғи зоналық ерекшеліктерінің жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын ашып көрсету және материктің табиғат зоналарына сипаттама беру.
СТО жобасы элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды табиғатты сүюге, табиғи ортаны таза ұстауға, экологиялық ұстанымдарды сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: СТО жобасының элементтері, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, стикерлер, суреттер, презентация.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру – 3 минут
2. Қызығушылықты ояту – 3 минут
3. Мағынаны ашу – 15 минут
4. Ой-толғаныс – 5 минут
5. Үйге тапсырма – 2 минут
6. Бағалау – 2 минут
1. Ұйымдастыру.
Сыныппен амандасып, психологиялық ахуал орнату. Оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін таңдата отырып, топтарға бөлу. Топ ережесін түсіндіру. Топ басшысын сайлау. Бағалау парақтарын тарату.
2. Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ ретінде өлең шумағы оқылады.
- Балалар, осы өлең жолдарында қай ерекше бір материк туралы айтылған?
- Ендеше, бүгін өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Солтүстік Американың табиғат зоналары. Тақырыпты бастамас бұрын алдымен табиғат зоналарын еске түсірейікші.
(Мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып, тақтаға топтастыру құрады.)
- Табиғат зоналары дегеніміз не?
- Табиғат зоналарының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
- Олардың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Мағынаны ашу.
Солтүстік Америкада табиғат зоналарының таралуы ерекше болып келеді. Оған әртүрлі факторлар себеп болады. Жазықтарда табиғат зоналары 2 бағытта таралған:
1 – ендік бағытта: арктикалық, субарктикалық және қоңыржай климаттық белдеуінің солтүстігінде.
2 – бойлық бағытта: қоңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде.
Әрі қарай мұғалім табиғат зоналарының неліктен олай таралғандығын түсіндіріп, жалпы шолу жасап шығады.
Табиғат зоналары туралы одан ары толық білу үшін әр топқа оқулықпен жұмыс жасата отырып, постер құруға тапсырма береді. Оқулық және қосымша берілген суреттерді қолдана отырып, әр топ өз табиғат зоналарына сипаттама береді.
4. Ой-толғаныс.
Мұғалім оқушыларға оқулықтың қосымшасы, қосарбеті және атласты пайдаландыра отырып, дәптерге тапсырма орындатады. Әр оқушы өз қалауы бойынша қосарбеттегі санмен берілген ұлттық парктің атын жазып, қай белдеу, қай табиғат зонасы, қандай ел және материктегі орнына қысқаша сипаттама береді. Мысалы:
61 – Мамонт үңгірі ұлттық паркі, субтропиктік белдеуде, аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасында, материктің шығысындағы Аппалач тауларында, АҚШ елінің аумағында орналасқан.
5. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, үйге тапсырма ретінде тақырыпты оқу, кескін картаға материктің табиғат зоналарын түсіру және әр топтың өз аты бойынша қосымша шығармашылық жұмыс жазып келуді тапсырады.
6. Әр топ басшысының бағалауын тыңдап, оқушыларды бағалайды.
Сабаққа қатысқандарына рахмет айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.