.
.
Дүниетану Құстар қалай өсіп-өнеді?
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1454 | Размер: | Автор: гостьТақырыбы: Құстар қалай өсіп-өнеді?
Сабақтың мақсаты: құстардың көктемдегі тіршілігі, олардың көбеюі туралы
білімдерін толықтыру; құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сөйлеу тілін дамыту,ой-өрісін,қиялын дамыту.
Тіршілік атаулыға қамқорлықпен қарауға баулу.
Көрнекілігі: жануарлар бейнеленген суреттер.
Әдістері Түсіндіру,Сұрақ-жауап,оқулықпен,дәптермен жұмыс
Көрнекілігі: құстар мен жәндіктер бейнеленген суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы әңгімеден басталады
Психологиялық дайындық.
Жаңа материалмен жұмыс.
а) «Қалақай құрты мен Шыбын» ертегісі оқылады.
Қалақай Құрты мен Шыбын
- Жібер, мені, Шыбын! Мына ағаштағы орын менікі, күнге менің де қыздырынғым келеді!
- Сен кімсің?
- Мен Қалақай Құртымын.
- Онда қалақайыңа барып қон.
- Ағаштың қуысындағы үй менікі. Мен қыс бойы осы жерде қыстап шықтым.
- Мен де ағаш қуысында ұйықтадым.
Сұрақ:
а) Жәндіктер қайда қыстап шықты?
ә) «Жыл құстары» мәтіні оқылады.
Жыл құстары
Күн жылынып, жәндіктер жер бетіне шықты. Жыл құстары да ұшып келді. Құстар ұя салып, жұмыртқа баса бастады. Жұмыртқаны жарып, балапандар да пайда болды. Құстар балапандарына қорек іздеп, құрт-құмырсқаларды аулап жүр.
Көкшымшықтың бес балапаны бар. Ол балапандарын күніне 600 рет қоректендіреді. Сонда әр балапанға 120 үлес тамақ, яғни 40 таңертеңгі ас, 40 түскі ас, 40 кешкі ас тиеді екен.
Сұрақ:
1. Көкшымшықтар немен қоректенеді?
2. Олар қандай пайда келтіреді?
3. Оларға қандай қамқорлық жасау керек?
Оқулықпен жұмыс.
1. Мәтіннің көлемі үлкен болғандықтан сынып төрт топқа бөлінеді.
1-топ қызғылт бірқазанға дейін;
2-топ бірқазан туралы;
3-топ көкек туралы;
4-топ құстардың балапандарына қамқорлығы туралы оқиды. Оқушылар оқыған бөлімдері туралы алдымен топта, содан соң ұжымда талқылайды.
2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
а) Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
ә) Бұл өзгерістер немен байланысты?
б) Оларды қалай қорғау керек?
3. Оқушылар мәтіннен құстарға зиян келтіруге болмайтын негізгі шарт туралы жазылған жерді тауып оқиды (соңғы бөлік).
- Жылы жақтан ұшып келген құстарға қандай қамқорлық жасайды?
- Ұя жасайды. Мысалы, қараторғайға ағаштан ұя жасап, оны ағашқа іліп қояды.
- Ал осы ұяны ағашқа қалай ілесіңдер?
- Ұяны ағашқа қақпай, оны жіппен мықтап байлап қою керек. Егер шегемен қағатын болсақ, онда өсімдікке зиян келтіреміз.
- Тағы қандай ережелерді білесіңдер?
- Құстардың ұясына тиісуге болмайды. Ұя маңында жүрсең, құстар ұяға жолай алмай қалады. Оның жұмыртқалары суып кетеді. Жұмыртқа суып кетсе, балапандар өліп қалады. Жұмыртқа бірқалыпты жылылықты ұстап тұруы қажет.
- Ұяда жатқан құстың жұмыртқасын ұстауға болмайды. Өйткені одан кейін құс жұмыртқасына жоламай кетеді.
- Құстарды қоректендіруді тоқтатпаған дұрыс. Жемшашарға жиі жем салып тұру керек.
Өзекті жағдаят.
- Жер бетінде құстар жойылып кетсе, не болар еді?
Оқушы жауаптары тыңдалады.
Табиғатпен байланысы.
Сызба арқылы жұмыс жүргізіледі.
өсімдік - жәндіктер - құстар
Жұмбақтар шешіледі.
1. Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа)
2. Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бәрі кеуделі,
Бөкен санды.
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті.
(Шегіртке)
3. Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көрейік,
Шешуін кім табады?
(Қоңыз)
Сабақты қорытындылау.
1. Құстар мен жәндіктердің тіршілігі туралы не білдіңдер?
2. Қандай қорытынды шығардыңдар?
Үйге тапсырма беру.
Құстар мен жәндіктер туралы жұмбақтар табу. Бақылау күнделігіндегі тапсырманы орындау. Мәтінді оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.