.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Құстар класы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1718 | Размер: | Автор: гостьҚазығұрт ауданы
«Жылыбұлақ» жалпы орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Жамалова Ақерке Сейдаханқызы
Сынып: 7
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Құстар класы
Сабақтың мақсаты:
БілімділікОқушыларға құстардың құрылысы мен ерекшелігін айтып түсіндіру.Жорғалаушылармен салыстыра отырып, белгілерін ажырату, құс жұмыртқасымен танысу. Құстардың топтарға бөлінуін, қыртөссіздер, қыртөстілер қаңқасының басты ерекшелігін, құстар жануарлардың маңызды тобы екендігін, құстардың тіршілігі, адамға пайдасы туралы, жыл маусымдарына байланысты құстардың бірнеше топтарға бөлінетіндігін, Қызыл кітапқа тіркелген құстар жайында, саятшылық туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық: Құстарды топтарға бөлу, сол топтардың өзіндік ерекшеліктерін жүйелей, қорытындылай отырып, білімдерін, жүйелі сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оның берекелі тіршілігін құрметтеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар құстардың қандай топқптарға бөлінетінін, асқарту мен жыныс мүшерін, құс жұмыртқасының құрылысын, сирек кезедесетін құстар туралы біледі.
2.Сабақтың барысы:
3. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Қоршаған өмір әлемі,
Не деген көркем әдемі!
Сол сұлулықты сақтайық,
Мадақтайық, мақтайық
Қайырлы күн балалар!
Қайырлы күн қонақтар!
-Балалар, бүгін бір-бірімізге жақсы күн сыйлап, амандасайық
Оқушылардың қызығушылын ояту
М: Мына суреттерде не бейнеленген? (слайд көрсету)
О: Құстардың
М: Қандай құстар? (Оқушылардың жауабы)
М: Олай болса біз бүгін не туралы әңгімелейміз?
О: Құстар туралы
М: Дұрыс айтасыңдар.
М: Қандай құстарды білесіңдер?
М: Қазір, мен сендерге жұмбақ жасырамын, соның жауабына қарай бөлінеміз
1.Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
2.Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды. (Бұлбұл)
3.Бейбітшілік құсы (Көгершін)
4.Биік шыңда тіршілік ететін құс (Қыран)
Топқа бөліну
1 топ «Қарлығаш»
2 топ «Бұлбұл»
3 топ «Көгершін»
4 топ «Қыран»
«Ой қозғау»
М: Жер бетінде құстар болмаса тіршлік қандай болар еді?
(Оқушылардың жауабы)
М: Құстардың адам өміріне пайдасы мен зияны? (Оқушылардың жауабы)
Сонымен, қандай құстарды білесіңдер? (Оқушылардың жауабы)
М: Олар қандай ортада тіршілік етеді?
М: Құстардың ішкі құрылысы туралы не білесіңдер?
ІІ. «Мағынаны ашу»
Әр топ постерге білгендерін жазып, қорғайды
1 тапсырма. Қауырсын жабынды жануарлар (3 минут)
1 топ. Құстар класы
2 топ. Құстардың тыныс жүйесі
3 топ. Құс жұмыртқасының құрылысы
4 топ.Құстардың шығу тегі
2 тапсырма. Құстарды топқа бөлу. ( 3 минут)
Құстар – омыртқалы жануарлардың ішінде жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Олар: қыртөссіздер (жүгіретін құстар), жүзетін құстар (пингвиндер), қыртөстілер (ұшатын құстар). Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 жылы 11 отрядқа жататын 56 құстың түрлері тіркелді. Қараша қаз, қутұмсық қаз, сұңқылдақ және кіші аққу, мәрмәр, шүрегей үйректерде Қызыл кітапқа тіркелген. Бұлардың ішінде халық аққуды ерекше киелі құс санайды. Ол туралы аңыздар, әңгімелер, күйлер кеңінен таралған. Аққу пәктіктің, адалдықтың, сұлулықтың белгісі деп есептеледі.
Барлық топтарға арналған тапсырма. Мына құстарды топтарға бөлеміз.
1 топ. Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар.
2 топ. Жүзетін құстар
3 топ. Қыртөстілер (ұшатын) құстар
4 топ. Сұңқартектестер
Сергіту сәті
1.«Қандай құс?» ойыны (2 минут)
1. Баласын аппағым дейтін қандай құс? (қарға)
2. Қандай құстың тамағы шоқуменен табылған?(сауысқан)
3. Қандай құстың түсіне тары кіреді?(тауық)
4. Қандай құс ұша алмайды?(пингвин)
5. Махамбеттің өлеңіндегі қандай құс?(қызғыш)
6. Қандай құс қорегін түнде аулайды?(үкі, жапалақ)
7. Кез - келген ұяға жұмыртқа салатын қандай құс?(көкек)
8. Қандай құс орман дәрігері?(тоқылдақ)
9. Қандай құстың қазаны бар?(бірқазан)
2. «Кім жылдам» ойыны. Сандар сөйлейді.
3 тапсырма. Құс шаруашылығы (3 минут)
1 топ. Құс шаруашалығын дамытудың мақсаты
2 топ. Үй тауығының қолтұқымдарының өсірілетін бағыттары
3 топ. Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта өсірілетін тауықтың қолтұқымдары
4 топ. Құстардың адам өміріне пайдасы
Бекіту. (3 минут)
«Ағаштарға құстарды қондырайық» ойыны.
Сонымен оқушылар құстар туралы мәліметтер алдық. Мына ағашқа құстарды қондырайық. Ол үшін құстарда жасырылған сұрақтарды бір-бірден шығып, жауап береміз,
Қауырсын жабынды жануарлар дегеніміз ол – (құстар)
Құстардың дүние жүзінде таралған түр саны қанша? (8600).
Құстарды зерттейтін ғылым – (орнитология)
Құстардың денесі неше бөлімге бөлінеді?бас,мойын,тұлға.
Құстардың жүрегі неше қуыстан тұрады?4
Құстардың дыбыс шығаруы қандай мүшеге байланысты:көмекей.
Рефлексия
Маған сабақ ұнады/ұнамады
Сабақта менің көңіл-күйім жақсы болды/ төмен болды
Топқа көмегім тиді/ тимеді
Тақырыпты түсіндім/ түсінбедім
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.