.
.
ОҚО Құстар, құстар сызылтып ән салады....
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2284 | Размер: | Автор: гостьШымкент қаласы
№34 жалпы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жулдыз Кубейсинқызы Тохсанбаева
Құстар, құстар сызылтып ән салады....
(Сынып сағаты іздену- зерттеу)
Мақсаты: Табиғатпен біте қайнасқан халықтың жеріміздегі құстар тіршілігіне, олардың түрлі қасиет, ерекшеліктеріне, құстардың ең басты қасиетіне назар аударғандығын ұғындыру.
Сахнаның безендірілуі: Табиғат, бау – бақша, айдын көлдің суреті, көл жағасындағы жайқалған құрақ, гүлдер, сайраған бұлбұл құстың дауысы. Қорғауға алынған құстардың суреттері.
Көрініс: «Айдын шалқар көл»
Қатысушылар: Аққу
Тырна
Қаз
Шағала
Мұғалім: - Балалар, құстардың біздің өміріміздегі алатын орны қандай?
– Біздің жанымызды рақатқа несімен бөлейді?
- Қазақ атамыз адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға қалай теңеген?
- Қандай құстардың атын балаларына қойған?
Міне, біз, 1 сәуір «Құстар күніне» байланысты жыл сайын құстар әлеміне зерттеулер мен саяхат жасаймыз. Тапсырмалар алдын - ала берілген сондықтан қазір, қандай жетістіктерге қол жеткіздік, назар аударамыз. Құстар жайлы не білдік, жұптасып білгенімізді ортаға саламыз. Іздену нәтижесі:
1 жұп - «Қарлығаш»
Қара торғай күні бойы ұясынан бау – бақшаға және кері қарай ұясына ұшып келіп жүреді. Есеп бойынша күніне 200 рет барып келеді екен. Қарлығаш жаз айларында миллионға жуық шыбын – шіркей ұстайды. Бір жаздағы сұр қарылғаштың ұстаған жәндіктерін бір сызықтың бойымен қоятын болсақ, ұзындығы 1 километрге дейін жетеді. Құстар жәндіктер сияқты сансыз көп емес, бірақ аз да емес, шамамен 9 мыңға жуық түрі бар. Кейбір құстардың үлкендігі екі метрге жетсе, кейбіреулері көбелек пен инеліктің денесіндей ғана. Салмағы бірнеше грамға жететіні болады.(1 слайд)
2 жұп - «Бозторғай»
Құстардың арасында балықпен және жәндіктермен қоректенетіндері бар. Ал құстардың өзімен немесе жануарлармен қоректенетін жыртқыштары да кездеседі. Сонымен бірге тек қана өсімдіктердің жемістерін азық қылатындары да жеткілікті. Құс атаулары біреуінің дауысына екіншісі түсіне, үшіншісінің тыныс тіршілігіне байланысты қойылған.
Құс денесі қауырсынды,алдынғы аяқтары қанатқа айналған жануардың жалғыз түрі.Құстардың тек кейбіреулері болмаса барлық түрі ұшады деуге болады.
Түйеқұс, пингвиндердің де қанаттары бар, бірақ толық жетілмеген немесе өзгерген. Сондықтан да ұшуға қанаттарының шамасы жетпейді. Ән «Құстар - біздің досымыз»
3 жұп - «Ақсұңқар» (2 слайд)
Құстар жұмыртқа салып, одан балапан шыққанша жұмыртқаны денесімен қыздырып басып отырады. Көптеген құстардың балапандары жұмыртқадан әлсіз, жалаңаш, соқыр болып туады.Олар қанаттанып жетілгенше ұяда ата – анасының қамқорлығында болады. Тауық, құр, үйрек, қаздардың балапандары жұмыртқадан шыққанда үлпілдеген жүнді және көзі ашық болады.
ІІ жүргізуші: Ағаштарға қарасам дем аламын,
Ағаштардан тазалық таба аламын.
Алыстағы теңіздің демін сезіп,
Самғағанын көремін шағаланың.
Көрініс: «Қарлығаш әулие»
Қатысушылар: Төле би
Жоңғар сарбазы
Халық өкілдері
4 жұп - «Бүркіт»
Құстардың көбісі таң атысымен оянады да, кейбіреулері сайрай бастайды. Әр құстың өзіне тән әндері бар.Солардың ішінде ең әнші құс – бұлбұл. Бұлбұл кешқұрым және таң бозара бастағанда әдемі әнімен айналаны әсем әуенге бөлейді.(3 слайд) Табиғаттың және адамның өмірдегі құстың маңызы өте үлкен. Құстар көптеген тұқымдарды таратушы, зиянкес жәндіктер мен кемірушілерді қорек ететін, кейбіреулері өсімдіктерді тозаңдандырады.
Мұғалім: Ал,балалар енді құстардың әңгімесіне құлақ асайық.
1 оқушы: Көкек
Көктем күні болғанда,
Құстар келіп жырлайды.
Бұлбұл сайрап орманда,
Бар табиғат тыңдайды.
Көкек сонда көкектеп
Сұңқылдауын қоймайды.
Көктем күнін жетектеп,
Жеткіздім деп ойлайды
2 оқушы: Қораз
Мен - Қоразбын, Қоразбын,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятам жар салып.
3 оқушы: Балапан
Сүйер бар балақан,
Мен – сары балапан.
Енеме еремін:
Көгалды шоқып көп,
Дән іздеп теремін.
4 жұп - «Лашын»
Құстар-жылы қанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
5 жұп - «Сұңқар»
Құстың қауырсындары мүйізге, біздің шашымыз бен тырнағымызға ұқсас кератин деп аталатын протеиннен тұрады, алайда қауырсындар өте жеңіл және мықты болады. Аққудың 25 000-ға жуық қауырсыны бар. (4 слайд) Ең көп қауырсын колибриде, оның 1000-ға тарта қауырсыны бар, алайда бұл құстың денесін қауырсын емес, қабыршақтар жапқандай көрінеді.
6 жұп - «Ителгі»
Құс сүйектерінің ішкі жағы қуыс келеді, бірақ ұшу кезінде айналып, бұрылуға шыдамды келетін көлденең тірекпен бекітілген. Құстардың өкпелері өте үнемді және ас қорытуы жылдам, өйткені ұшу кезінде өте көп қуат жұмсайды.
7 жұп - «Тоқылдақ»
Табиғатта ұсақ құстарды аулайтын жыртқыштар көп. Құстардың көбісі өмірінің алғашқы жылында-ақ құрбан болады. Ал ірілеулері әдетте ұзағырақ өмір сүреді. Құстардың қаншалықты ұзақ өмір сүретінін анықтау үшін ғалымдар торға ұсталған құстарды зерттейді. Сібірлік ақ тырна, үлкен сарғыш кекілді какаду және қаз рекорд жасап, 80 жыл өмір сүрген.
Мұғалім:
Балалар, енді «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз мақал - мәтелдердің сыңарын жылдам табуымыз қажет. Құстарға байланысты мақал – мәтелдер айту арқылы тіл өнерін шыңдаймыз:
Ақсұңқар-құстың баласы,
Алдына қоймай жем жемес.
Аққу құссыз-көл жетім,
Айтылмаған сөз жетім.
Өлеңге енсе-сөз сұлу,
Аққу жүзсе-көл сұлу.
Қарға баптанып, сұңқар болмас,
Есек мақтанып, тұлпар болмас.
Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Ер жігітке бәрінен,
Туып-өскен ел жақсы.
Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.
Ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес
7 жұп - «Бірқазан»
Құстардың көпшілігі ұшу тірек ретінде қанаттарын қағып, жоғары көтеріледі. Кең, дөңгелене біткен қанаттар жыртқыштардан қорғану үшін тез биікке көтерілуге мүмкіндік береді. Қаз сияқты ірі құстар биікке көтеріліп барып, ұшу үшін желдің екпінімен жүгіреді. Қарлығаш сияқты қанаттары ұзын және тар болып келетін құстар тек бір нәрсенің төбесінен төмен қарай ылдилап барып, аспанға көтеріледі.
8 жұп - «Қоқиқаз»
Құстардың жақ сүйектері қоректің әр түрін тауып, қылғытып, жеп қоюға икемделген тұмсыққа айналған. Жорғалаушылар мен сүтқоректілердің тістері бар, ал құстарда жоқ. Жыртқыш құстардың тұмсықтары етті жұлуға икемді, иілген болады. Балықпен қоректенетін құстардың тұмсықтары өткір және ұзын болып келеді. Дән шоқуға, жаңғақ шағуға, жемістерді жұлуға, жәндіктер аулауға икемделген тұмсықты құстар да болады (5-слайд). Кейбір құстар тұмсықтарын ұя салатын немесе тесік оятын құрал ретінде пайдаланады.
Құстарға байланысты тыйым сөздер:
1.Қара құс бөліп жейді.
2.Сұңқар құс шашып жейді.
3.Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
4.Сауысқандай сақ бол.
5.Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
8 жұп - «Жапалақ»
Құстар өздерінің қайда екенін өзге құстарға жеткізу үшін немесе өздері ұя салатын және қорек табатын аумақтарын қору үшін ән салады.Құстар әні- олардың өзге құстарға аулақ жүруді хабардар ететін тәсілі. Сондай-ақ ән салу, еркек құстарға некелік маусым кезінде ұрғашы жынысты құстарды өзіне тартуға көмектеседі. Құстар әнін көктемгі таң сәріде естуге болады, ал кейбір құстар ымырт түскенде де ән сала береді.
9 жұп - «Бұлбұл»
Оңтүстік мұхиттарда тіршілік ететін альбатростың қанаттарының құлашы ең үлкен болады.Оның қанаттары ұзын, әрі жұқа және бір ұшынан екінші ұшына дейін 3 метрді құрайды. Альбатростың қанаттары оған көп күш жұмсамай-ақ, үлкен қашықтыққа самғауға көмектеседі. Алайда бұл алып құстар аспанға әрең көтеріледі, сондықтан олар жартастардың шыңындағы ұяларынан ауаның ағынының көмегімен ұшады. Дегелек марабу бір секунд ішінде жерге ұшып жетеді.
10 жұп - «Тоқылдақ»
Тауық, қаз, үйрек т.б. үй құстары адамдарды етпен, жұмыртқамен, құс жүнімен қамтамасыз етеді. Құстарды заңсыз жолмен ату мен аулаудың нәтижесі көптеген түрлерінің азаюына алып келеді.
Қазақстанның «Қызыл кітабына» қазіргі таңда құстардың 56 түрі енгізілді. Олардың арасында ақ және қара ләйлек, қызғылт бірқазан мен қоқиқаз, дуадақ пен реликтілі шағала, бүркіт пен лашын және басқалары бар. Мұғалім: Ал, енді оқушылар, кімнің ойы жүйрік, қиялымызды ұштап жұмбақтар сайысын бастаймыз.
Жұмбақтар шешу
1.Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.(.......)
2.Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.
Судан шықса, баладай,
Тәй – тәй басып қалады – ай. (.......)
3.Биікте ұшып жүреді,
Аулар-аулар тышқандар. (.......)
4.Алмас-алмас күшті аңды,
Түлкі, қоян бүреді
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі? ( ........)
5.Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. ( ....... )
6.Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. ( ....... )
Ауылда, қалада мекені,
7.Жолаушы жүрсек шығарып салады.
Алдыңнан шығады
Жаныңды еркелетеді. (........)
8.Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (.........)
9.Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (..........)
10.Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылдақтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс? (.........)
11.Көңілдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Айқындар оны байқаған,
Адамдар оны сақтаған.
Бұл қандай құс? (........)
12.Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (.........)
Халықтық болжамдар :
1. Шағала келсе, сең бұзылады.
2. Жыл құсы қаптап келсе, көктем тез шығады.
3. Көкек қатты, әрі жиі шақырса-көн жылынады.
4 Қарлығаш өрлеп ұшса-күн жылы, құрғақ болады.
5. Бозторғай ән салса, күн ашық, үнсіз жүрсе жауын жауады.
6. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауынды-шашынды болады.
Ән «Құстар қайтып барады»
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, бүгін, біз, табиғаттағы құстардың тұрмыс – тіршілігі жайлы жайлы көптеген қызықты, құнды материалдармен танысып, ойы – өрісімізді кеңіттік. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйіндедік? Кім жауап береді?
- Құстарға әрқашан қамқор болып, құстарды қорғауымыз керек.
- Оларды өлтіруге, азаптауға болмайды.
- Ұя жасап, жем – су беру керек.
Мұғалім: Дұрыс, әлі де болса құстар жайында зерттеу – іздену жұмыстарын жүргізуді жалғастырамыз.Қазір бәріміз бірге мектеп ауласындағы ағаштарға дайындап келген құс ұяларын ілеміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.