Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. -

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1439 | Размер: | Автор: гость
. Сабирова Шынар Асылбековна
Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы
Желаев мектептен тыс жұмыс орталығы.
қосымша білім беру педагогы
хор үйірмесінің жетекшісі

Қосымша білім беру педагогы...тәрбиелеуші ретінде .
«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.»
Ж.Ж.Руссо .

Жалпы білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – бәсекеге барынша қабілетті маман дайындау. Қосымша білім беру педагогінің білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек. Педагогикалық шеберлік дегеніміз – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнерінің негізі. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әрбір ізденімпаз педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз мамандығын терең меңгерген, ғылымның тиісті салаларынан хабардар, әсіресе, балалар психологиясының, жас ерекшеліктерінің мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген адам болуы тиіс. Сондықтан, педагогтың сапасын ең жоғары деңгейге көтеру – уақыт талабы дейміз. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылық ерекшелігі – оның оқу іс-әрекетін түрлендіріп, қосымша материалдармен байытып, тұлғаның жүрегіне жол таба білуінде.
Біздің мақсатымыз – шәкіртті тәртіпсіз етіп тәрбиелеу емес, ойшыл, епті, ерікті, сезімтал етіп тәрбиелеу,бала жүрегінің дүрсілін сезіну,музыка арқылы оларды мейірімділікке,музыканы сүюге,өнерге қүрметпен қарауға,үйретіп отырған пәнімді оқушы санасына жетік меңгерту.Оны күнделікті тәрбие жұмысында ұмытуға болмайды. Оқушыға тәртіп талабын қойсаң, оны сыйлайтыныңды да сездіріп қойғаның дұрыс, себебі бала талап-тілекті түсінбеуі мүмкін. Адамды адам сыйлау арқылы ғана түсініседі, сыйласады. Тәрбиенің құдіреттілігі сонда, күн сәулесін уыстап бергендей, ендеше зиялы азамат – тәрбие жемісі.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.