Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстаз өз білімін жетілдірмей, оның шәкірті дамымайды. -

Ұстаз өз білімін жетілдірмей, оның шәкірті дамымайды.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 951 | Размер: | Автор: гость
. Еспенбетова Зауре Азимбаевна
Мақтарал ауданы, Атамекен ауылы, «Жібек жолы» жалпы орта мектебі
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Ұстаз өз білімін жетілдірмей, оның шәкірті дамымайды.»
Г. Уэлс
Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті-Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу
Егеменді еліміздің алдыңғы қатардағы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжуы арқылы қоғамымыздың барлық саласын түбегейлі өзгерістерге әкеліп, жаңа талаптар қойылып отыр. Сол өзгерістердің бірі білім саласында болып жатқаны баршамызға белгілі. Кембриджбағдарламасының негізгі міндеті-Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Ол үшін біз, мұғалімдер, ең алдымен өзіміз өзгеруіміз керек. Өзгеру үшін не істеу керек және қазіргі таңда мұғалім қандай болуы тиіс деген сұраққа мен жауапты мұғалімге арналған нұсқаулықтан таптым. Бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нақты жеткізе білетін, құлшынысы жоғары, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларды құзырлылықпен танытатын оқушыны қалыптастыру. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру саласында Кембридж тәсілі ұстаздарды жан- жақты өзгерістермен өрістетуде.
Әйгілі зерттеуші Л. С. Выготский «Дәстүрлі оқыту – бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту – «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», деген болатын. Әрбір мұғалім барлық сабақтарында оқушылардың шығармашылықпен айналысуына барынша қолайлы жағдай жасау керек.Сабақтарымда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, жеті модульді тиімді қолдану, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына, өз ойын еркін жеткізе білуіне оң әсері тиетініне сенімді болдым. Алдағы уақытта сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін өз сабағыма жиі пайдаланып тұратыныма сенімдімін. Мен осы жаңа бағдарламамен болашаққа анық жарқын қадам басатынымызға және осы жобаны іске асырушылардың бірі болғаныма қуаныштымын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.