.
.
Ұстаздық-ұлы қызмет. Ұстаздық-ұлы қызмет.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1433 | Размер: | Автор: гостьҰлы ұстаздар жайында халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық-ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді...Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз",-деген. Менің ойымша, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі , педагог «білім мен білік көзі» ғана емес, сонымен бірге ақылшы, жәрдемші және дос болып табылады
Қазіргі таңда адам баласы дамыта оқыту мәселесі туралы ойлау үстінде. Мұндағы басты рөл ұстазға тиесілі.
Ұстаз еңбегі білімінің сапалылығы мен тәрбиенің саналылығымен өлшенеді. Бүгінде әрбір сабақты балалар үшін ғажайып рухани құндылықтар әлемін ашатын белсенді, әрі шығармашылық таным үрдісіне айналдыру қажеттілігі туралы көп айтылып және жазылып жатыр. Мұны білім деңгейі жоғары ғана емес, психолог-педагогтар жүзеге асыра алады.
Сонау жылдары орыс ақыны Л.Н. Толстой баланың тұлғасына, оның қажеттіліктері мен қабілеттіліктеріне, шығармашылығы мен әуестігіне аса ұқыпты, ықыласты әрі сүйеспеншілікпен қарау қажеттілігін насихаттаған. Ұстаз әрқашан білім беру үрдісінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да балалардың дербес ерекшеліктері мен бейімділіктерін есепке алуға, олардың шығармашылық қабілеттеріне әсер етудің алуан түрлі құралдарын қолдана отырып, барынша дамытуға тырысу керек.
Қазіргі ұстаз сабырлылық, зейінділік, зиялылық, ізеттілік, байсалдылық, күйзеліске деген тұрақтылық, ұйымдастырушылық, білімдарлық сияқты қасиеттерге ие болумен қатар, стильді, шамасын сезіне біліп, техникалық құралдар мен технологияларды еркін қолдана білуі қажет деп ойлаймын.
Ұстаз еңбегі – бұл сабақтарды өткізуге күнделікті дайындықпен, қызықты материалды саралап таңдау, өз сабағына деген құштарлық, қосымша білімді меңгеру әрі оны балаларға жеткізе білумен өлшенеді.
Педагогика – бұл бір орында тұрған ғылым емес, ол – үнемі алға деген ұмтылыс, қандай да бір кезекті мәселерді шешу және жаңа мәселелердің пайда болуы. Шығармашыл педагог өз жұмысында әрқашан жаңа әрі қызықты әдістер мен тәсілдерді қолданады.
Ұстаз әрқашан оқушымен дара тіл табуға тырысады, себебі әрбір бала жаратылысынан дарынды болып келеді, ал ең басты міндет оның қабілетінің ашылуына көмектесу болып табылады. Балаларға деген тұлғалық-бағдарланған тәсілдеме оқушы мен ұстаз арасындағы оқу диалогі арқылы құрылады. Театрларға, музейлерге, көрмелерге, экскурсияларға бару, қызығушылық бойынша үйірмелердегі жұмыс, бос уақытты өткізу, ойындар, викториналар, пікірталастар, байқаулар, жарыстар, мерекелерді өткізу – осының барлығы ұстазға оқушылармен ортақ тіл табысуға көмектеседі.
Педагогтің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы, ұстамдылығы, қандай да бір оқиға бойынша дұрыс әрі әділ шешім қабылдауы, адалдығы мен кең пейілділігі, оның тәрбиленушілеріне үлгі болады деп ойлаймын. Жақсы ұстаз өз шеберлігін ұштай отыра,нағыз кәсіпқой, зор білімді және батыл жүректі, рақымы мол, балаларды жақсы көруі керек.
Педагог бір жағынан алып қарағанда, актер болып табылады. Ол өзінің жеке бас күйзелістерін «сахнаға» көшіруіне құқылы емес.Ұстаз өмірінде пайда болған қандай да бір қиындықтарға қарамастан, сыныпқа жарқын көңілмен кіруі қажет.
Менің пікірімше, кез-келген адам ұстаз бола алмайды, себебі бұл мамандық көп еңбек етуді, зор жұмыс тәжірибесін, жоғары деңгейдегі төзімділілікті, балаларға деген сүйіспеншілікті, өз мамандығына деген қызығушылықты талап етеді.
Ұстаз туралы анық әрі дәлме-дәл айтылған мына бір пікір қалай орынды айтылған десеңізші: «Ол – әртіс, бірақ оның тыңдаушылары мен көрермендері оған қол соқпайды. Ол – мүсінші, алайда оның еңбегін ешкім көрмейді. Ол – дәрігер, дегенмен оның емделушілері оған емдегені үшін алғыс білдірмейді және кейбір кезде емделгілері келмейді. Оған күнделікті шабыттану үшін күшті қайдан алуына болады? Тек қана өзінен, тек қана өз ісінің ұлылығын түсінуден».
Демек, ұстаз мамандығы еңбек те, әуестік те болып табылады...
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.