Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұстазым мені шығармашылыққа шабыттандыр -

Ұстазым мені шығармашылыққа шабыттандыр

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2197 | Размер: | Автор: гость
. Мақала
Тақырыбы: «Ұстазым мені шығармашылыққа шабыттандыр»
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Бүгінгі таңдағы жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат қана шеше алады. Олар: дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, мұғалім баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Еліне қорған, ұлтына қамқор болар ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет – ақ. Міне, бұл биік – оқушының шығармашылығы арқылы келетін іс, ендеше оқушыларды шығамашылыққа баулуды алғаш мектепке келген сәттен бастап – ақ қолға алу керек.
Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді.
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі тануға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір – сайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өз жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрету – сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді.Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні,болашағы жайында мол мағлұматтар ала отырып,танымдық,тәрбиелік,білім-дағдыны үйренері хақ.Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған,оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы тиіс.Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді.
Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б)
4. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
6. Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;
7. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Осындай әдіс – тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.
Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілі мен қазақ тілі сабақтарында да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Мысалы:
1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:
Қыран қала Дархан
Мұз бұлақ есек
Қысым сүт киім
1. «Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра
2. Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:
Зықыл (қызыл) рыса (сары)
Ыңқал (қалың) ікби(биік)
Анжу (жуан) рат(тар)
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деп Абай атамыздың сөзімен айтар болсақ, шығармашылық қабілеті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ.
Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.
Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.