.
.
Ұстазымыз және біз Ұстазымыз және біз. Спорт сүйер балғынбыз!
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1288 | Размер: | Автор: гостьСпорт сүйер балғынбыз!
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайтуға әсер ету.
Түрі: жарыс түрінде.
Қатысатын командалар: 5 а, 6 б, 6 а , сынып оқушылары, капитан командалары – сынып жетекшілер.
Керекті құралдар: ту, қапшық, қарындаш, ұш шығарғыш, формат, доп, скакалка, тапсырмалар, т.б.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Чемпион болу оңай ма
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты спорттық жарысқа қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдану басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі өтетін «Ұстазымыз және біз, спорт сүйер балғынбыз!» атты эстафеталық ойындар жарысын көріп тамашалаңыздар!
Сонымен ортаға жарысқа қатысқалы отырған оқушыларды шақырамыз.
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Спортсмен оқушыларды шақырамыз.
Жарысқа қатысқалы отырған сынып жетекшісі бастаған оқушылар шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
І топ –5 а класс
ІІ топ –5 б класс
ІІІ топ – 6 а класс
ІҮ топ – 6 б класс
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарыстың шарттары:
1. Таныстыру./топ атын, ұранын таныстыру/
2. Өз туыңды тік!
3. Сурет салу
4. Акробатика
5. Өз біліміңді тексер!
6. Кім шапшаң?
7. Паравоз.
8. Қаражорға биі.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт – сапар!
1. Таныстыру
Әр топ атын, ұранын таныстыру.
2. «Өз туыңды тік!»
Ойын шарты: команда мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы қолындағы туды тігіп келеді.
3. «Сурет салу».
Ойын шарты:
1 – бала ұш шығарғышты апару.
2 – бала қарындашты апару.
3 – бала қарындашты ұш шығарғышпен ұштау.
4 – бала қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу
5 –бала не салу керектігін ыммен түсіндіру
6 –бала берілген суретті салу
Мұғалім барлық құралдарын жинап, әділқазыға тапсыру
4. «Акробатика».
Ойын шарты: Әр команда мүшелері гимнастикалық
орындықтан секіріп өтіп, аунап түседі және жүгіріп келеді.
5. «Өз біліміңді тексер!»
Ойын шарты:
1 – бала допты секіртіп апарып, тапсырма орындау, жүгіріп келу
2 – бала аяқ арасына допты қыстырып, секіріп барып, тапсырма орындау, жүгіріп келу.
3 – бала допты аяқпен итеріп барып, тапсырма орындау және жүгіріп келу
4 – бала допты қолмен демеп жермен апару, тапсырма орындау, жүгіріп келу.
5 – бала скакалкамен секіру, тапсырма орындау, жүгіріп келу
6 – бала қос аяқпен секіріп, тапсырма орындау, жүгіріп келу.
Мұғалім екпінмен жүгіру.
6. «Кім шапшаң?»
Ойын шарты: шведтік қабырғаға өрмелеп шығу және түсу.
7. «Паравоз» ойыны.
Ойын шарты:команда ойыншылары ретсіз орналасып, қолтықтасып тұрады, осы тізбекпен кедергілер арқылы өту.
8. «Қаражорға биін нақышына келтіріп билеу».
Әрбір қазақ баласы
Дәл осылай билесін.
Жар салып алты Алашқа,
Әрбір қазақ баласы
Дәл осылай билесін, – дей отырып, соңғы бөлімді бастаймыз.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз.
Әділқазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті қауым!Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да – дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.