.
.
ОҚО. Отырар ауданы, Темір ауылы Сыйынар ем, Ана деген тәңірге! сабақ жоспары
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: Публикатор«С.Әлиев атындағы шағын жинақты
жалпы орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Практикант: Бақытбекова Жазира Бақытбекқызы
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы: Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!
Мақсаты: Аналарға деген сүйіспеншіліктерін, ананы құрметтеуге, қадірлей білуге тәрбиелей отырып, ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, безендірілген сахна.
Тәрбие сағаттың барысы:
Кіріспе:
Т. Нұрай: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, қымбатты ұстаз-аналар мен қызғалдақ арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Маржан: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!
Т. Нұрай: Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Маржан: Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мейрамы қыздар мен аналар мейрамын атап өтуге жиналып отырмыз.
Т. Нұрай: Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді.
Маржан: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
Т.Нұрай: Ал енді 3 «А» сынып оқушыларын қарсы алайық.
- Ана кім? (қолдарында анаға арналған теңеу сөздері бар оқушылар саппен сахнаға шығады: көңілді, аспазшы, қамқоршы, жұбаныш, сүйікті, асылымыз, асыраушы, ұстаз, іскер, сезімтал, қуаныш, гүліміз, көмекші, аяулы, дос, ерекше, арулар, т.т.) Бұл сөздердің артқы жағынан алға қаратқанда
«Мерекелеріңізбен!» деген сөз шығуы керек.
Т. Нұрай: Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай 3 «А» оқушымыздың орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар. Сөзін жазған:Ғ.Қайырбеков , әнін жазған: Ш.Қалдаяқов
Маржан: -Ұстаздар және арулар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
Т.Нұрай: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сыйпай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең.
Маржан: Ән: «Ұстазым », орындайтын: Пернебай Гүлжан
Т. Нұрай: - Маржан мейрамның шығу тарихына айтып кетпедікпе.
Маржан: - Айтсақ айтайық.
1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың
2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.
Маржан: 1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петербург қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын.
1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды.
Т.Нұрай: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі «ана» деген сөзбен астасып жатыр.
Маржан: Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 3 «а»-сынып қыздарының түрік биін қабыл алыңыздар!
Т.Нұрай: Жарайсындар, қыздар!
Маржан: Нұрай бүгін біздің аналарымызды,ұстаздарымызды және бізді құтықтамақшы болып шет елден қыздар келіп отыр екен
Т. Нұрай:: Олай болса қыздарды ортаға шақырайық. Қыздардың өздерін таныстырып, жылы лебіздік құттықтау сөздерін естімедік пе?!
Маржан: Грузин қызы - Полина
Т.Нұрай: Сыған қызы - Изобелла
Маржан: Қазақ қызы - Ботакөз
Т.Нұрай: Үнді қызы - Рошни
Маржан: Орыс қызы - Наташа
Т. Нұрай Өзбек қызы - Гузәл
Т.Нұрай: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.
Маржан: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
Т. Нұрай: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Маржан: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Т.Нұрай; Алдарыңызда Ақтөре Нұрсұлу «Көңілді күн» әнімен.
Т.Нұрай: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге - деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. (қазақ қызы)
Маржан: Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Үнді биі», қабыл алыңыздар!
Т.Нұрай: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда өзбек биі.
Маржан: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекте орыс биі.
Т.Нұрай: Сыған қыздың биші аяғы
Билемесе тұра алмас.
Мерекеде би билесе
Қандай ана қуанбас! сыған биі
Маржан: Бишілер бар бізде грузин қызы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада «грузин биі» қабыл алыңыздар.
Нұрай: - Бәрекелді, қыздар!
Маржан: Келесі кезекті қыздарымыздың аналарымызға арнап шығарған шығармашылығынан жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!
Гүл-гүл жайнап бәріміз
Кіреді біздің сәніміз
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Т.Нұрай: Сырнай тартып би билер
Тойларыңа балалар
Бағалаймыз еңбегін
Аман болсын аналар - дей отырып бізде құрбыларымызға билеп бермедік пе?!
Маржан: Қыздарымыздың орындауында Үнді биін тамашалаңыздар.
Т.Нұрай:Ал енді қыздарымыздың сән үлгісін қабылалыныздар
Т.Нұрай: Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Маржан\Нұрай: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Маржан: Құрметті қонақтар, біздің «Сыйынарем, Ана деген тәңірге!» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Нұрай:Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен іс-шарамыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.