.
.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1857 | Размер: | Автор: гостьБейнеу кешкі мектебі КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәне мұғалімі
Зарлыкова Жанар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ –жауап, талдау, топтастыру, танымдық ойындар.
Сабақтың көрнекіліктері: интербелсенді тақта, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: әдебиет, халықтық педагогика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.145- жаттығудың орындалуын тексеру
2. Зымыран сұрақтарға жауап алу
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді.
3. Негізгі сын есім дегеніміз не?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?
5. Сын есімнің құрамына қарай бөлініуі
6. Дара сын есім дегеніміз не?
7. Күрделі сын есім дегеніміз не?
8. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.
3. Төменде берілген жұрнақтарды тиісті сөздерге жалғаңдар.
-ынды, -інді, - улы, -ғыр, -гір, -дай, -сыз, -қыш
Қой... жуас, жолдас... адам, жаса... сағат, айт... ақын, біл... маман, ал... бүркіт, түй... сөз.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сын есімнің мағыналық түрлері (Слайд арқылы схема бойынша сабақты түсіндіру)
Сын есімнің мағыналық түрлері
ІV.Дәптермен жұмыс
146- жаттығу. Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек жазу
Сапалық сын есімдер Қатыстық сын есімдер
Ақшыл аттылы
147- жаттығу. Жұмбақтарды оқып шығыңдар. Қатыстық сын есімдерді тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айтыңдар.
Тапқышым – қатыстық сын есім, етістіктен жасалған;
Шығыршықсыз, тіреусіз, сүйеусіз – қатыстық сын есімдер, зат есімнен жасалған;
V.Сергіту сәті (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында)
Бір сөзбен айтқанда.
1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен)
2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау)
3. Тез ашуланатын адам (ашушаң)
4. Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ)
5. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)
6. Бойы ұзын адам (бойшаң)
7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)
8. Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда (сыныптас)
VI. Деңгейлік тапсырмалар
148- жаттығу
І деңгейдегі тапсырма
Мәтінді пайымдап оқып, мазмұнын әңгімелеңіз (бір оқушы мәнерлеп оқиды).
ІІ деңгейдегі тапсырма: Құрамындағы сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыз (Екі бағанға бөлу).
ІІІ деңгейдегі тапсырма: Ертегіні ары қарай жалғастырып, мәтінді аяқтаңыз.
Ой қозғау:
І деңгейде мазмұндаған оқушыға сұрақ: Мәтінде не туралы баяндалады, сын есімнен болған қандай сөздерді кездестірдіңіз?
ІІ деңгейдегі сапалық және қатыстық сын есімді ажыратқан оқушыларға сұрақ: Жаттығу мәтінінде жесір әйелдің, яғни, үш ұлдың анасының шеберлігін, кестелеген орамалдарын қандай сөздермен берген? Мағыналық түрлеріне қарай ажыратып түсіндір.
Үлгі:
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Ескі үй, жесір әйел, керемет, шебер кісі, торқа орамал, үлкен орамал, әсем үй, кең аула, қызыл кірпіш, Сабан төбелі үй, керемет өнерлі, кестелі бұйымдар, кестеленген үлкен орамал, көк шатырлы аспан түстес көгілдір қабырғалы әсем үй, қызыл босағалы қақпа да алтын сырлы. жемісті ағаштар, әнші құстар, кестелеген орамал
ІІІ деңгейдегі оқушыға сұрақ: Ертегіні қалай жалғастырдыңыз? Құрастырған үзіндіде сапалық және қатыстық сын есімдер кездесе ме?
149 - жаттығу. Мәтінге ат қою
150 – жаттығу. Дәптермен жұмыс.
151- жаттығу.Төмендегі өлең жолдарын есте сақтап жазып, сын есімдерді мағынасына қарай ажырату.
VII. Семантикалық картамен жұмыс
№ Мысалдар сапалық қатыстық
1 Қызғылт
2 Аттылы
3 Үлкен
4 Өнерлі
5 Шебер
6 Жүгіргіш
Бекіту.
1. Сын есімнің мағыналық түрлері дегенді қалай түсінесің? Сапалық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз. Қатыстық сын есім деген не? Мысалмен дәлелдеңіз.
2. Қай сөздерден қатыстық сын есім жасалады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 154,155-жаттығулар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.