Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын есімнің жасалуы -

Сын есімнің жасалуы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2432 | Размер: | Автор: гость
. Шалқар қаласы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі
Елекбаева Жанат
Сыныбы: 6 а
Сабақтың тақырыбы Сын есімнің жасалуы
Мақсаты Оқушыларды тапқыр да еңбекқор, ойлы болып өсуге тәрбиелеу; мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік қасиеттерге, әдептілікке баулу.
оқушылардың ой-өрісін кеңейту, туынды сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру, тірек сөздер арқылы мәтін жазуға жаттықтыру.
Оқыту нәтижесі Топпен жұмыс жасай алады, сыни ойлауы дамиды, таным қабілеттері дамиды.
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер сұрақ- жауап, диалог. жұптық, топтық жұмыс
Керекті жабдықтар Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ,
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі 1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық тренинг . «Мен қандаймын?» Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есімді қосып айтады. Мысалы : Дастан – дарынды Дастан,
мейрімді Мирас т. б.
3. Топқа бөлу. Оқушылар психологиялық тренингке қатысады. Түстер арқылы 4 топқа бөлінеді.
«Қызығушылық
ты ояту» ББҮ әдісі
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру
Мағынаны тану Әр топқа тақырыпты өз бетінше оқу ұсынылады. Мұғалім жұптасып,топтасып талқылауға бағыт – бағдар береді.

Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін постерге салады.

Оқулықтағы жаттығуды дәптерге орындату
1-топ. 132-жаттығу.
2-топ. 133-жаттығу
3-топ. 134-жаттығу
4-топ. 135-жаттығу
Ортақ 137-жаттығу

Сергіту сәті. «Тізбек» ойыны.
Бір сын есім сөзді бастап айтып беремін. Сол сөздің соңғы дыбыснан басталатын сын есім айтып, осылайша жалғаса береді Мысаслы: Таза - адал - лас - суық т. с. с.

1-топ.Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
2-Топ. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
3- топ. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
4-топ. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзат көңілі өсіп, көтерілер
Қара тастап басқаның бәрі жадырап,
Бір сараңнан басқаның пейлі енер.
Осы өлеңнің ішінен қандай? Қай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді таптырып тақтаға орындату.
.Танымдық тапсырма:
Суық, ызғар, ыстық, боран, жаңбырлы, салқын, дымқыл, жылы.
Осы сөздерге байланысты сөйлем құрау. Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді.

Топпен постерді қорғайды

Оқулықтағы жаттығуды орындау
Ой-толғаныс
ББҮ әдісі (үшінші бағанды толтыру)
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)
Тудың түсі? (көгілдір) Оқушылар ойы тыңдалады
Үйге тапсырма 136 - жаттығу. Ережелерді оқу. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау Топ басшысының бағалауы Топ басшысы бағалайды

Сыныбы: 6 а
Сабақтың тақырыбы Жинақтық, болжалдық, топтау және бөлшектік сан есімдер
Мақсаты Тақырып бойынша мәлімет беру. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту..
Оқыту нәтижесі Оқушылардың жауапкершілігі артады;
Мәтін жазу арқылы сауаттылыққа үйренеді;
Сын тұрғысынан ойлауға жетелейді;
Сабақ алдында қойылған мақсаттардың орындалуын анықтайды:
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер сұрақ – жауап, өз бетімен және топпен жұмыс істеу.
Керекті жабдықтар интеративтік тақта, оқулық, сызба, үлестірмелі тапсырмалар,
сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі 1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару.
2.Психологиялық тренинг .
3 «Атамекен», «Туған ел», «Жаса,Қазақстан», бойынша топқа бөлу Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.
4 топқа бөлінеді
«Қызығушылық
ты ояту»

Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.
Ендігі мәселе – соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.
Н.Ә.Назарбаев Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру

Мағынаны тану Топтық жұмыс (ережемен жұмыс)
1-топ. Жинақтық сан есім 2-топ. Болжалдық сан есім
3-топ. Топтау сан есім 4-топ. Бөлшектік сан есім
Оқулықпен жұмыс
1-топ.169-жаттығу 2-топ.172-жаттығу
3-топ.176-жаттығу 4-топ. Мақал - мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып құрастырып, сан есімдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.
Болса, ала, алтау, кетеді, ауыздағы,
Болса, түгел, төртеу, келеді, төбедегі. (Мақал)
Жұмбақты шешіп,сан есімдерді мағынасына қарай ажырат.
Екеуі қарауыл қарап тұр,
Төртеуі ұйықтап жатыр.
Біреуі қамыр басып жатыр.
173-жаттығу (реттік, болжалдық,топтау сан есімдер жасап жазу)
1-топ. Мың 2-топ. Елу 3-топ. Алпыс 4-топ. Тоқсан Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді.



Оқулықтағы жаттығуды орындау
Ой-толғаныс
Терме диктант. Мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне ажыратыңдар.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсі
здік алып, еркіндікке қол жеткіздік, Әнұранымызды асқақтатып шырқап, Туымызды биікке көтердік.
Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемнің 120-дай мемлекеті танып,70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаған. Осы 18 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетімізде көптеген өзгерістер енді. Білім саласында жаңа типті мектептер, лицейлер, гимназиялар мен колледждер ашылды.
Қайрат Нұртас орындауындағы «Қазақстан» әнін тыңдату

Оқушылар ойы тыңдалады
Үйге тапсырма Шығармашылық жұмыс.
«Тәуелсіздік – ел тілегі» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазып келу. Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
Бағалау Талқылау парағы Өзін өзі бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.