"Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау"
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1812 | Размер: | Автор: Публикатор№31 жалпы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Момбекова Айгуль Мырзабайқызы
Тақырыбы: "Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау"
Коучингтің мақсаты: мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлау туралы мәлімет беру және сын тұрғысынан ойлаудың оқыту сапасын арттырудағы ықпалы туралы өзіндік түсініктерін қалыптастыру .
Күтілетін нәтижелер- мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау элементтерінің әдіс тәсілдерін сабақ жоспарларына ендіре алады.
Ресурстар: Слайдтар, бейне ролик, постер, маркер, стикер т.б.
№ |
Коучинг кезеңдері |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Уақыты 90 мин |
Мұғалімге сұрақтар және мұғалімнің іс-әрекеті |
Күтілетін нәтиже |
І |
Ұйымдастыру |
Сәлемдесу, Психологиялық ахуал орнату |
5 мин |
Жылы лебіз туғызу. Жұптар қол ұстасып, жүректен шыққан жылы лебіздерді айтады. |
Жылы ахуал туғызады. |
ІІ |
Топқа бөлу |
Реттік санмен 1-10 аралығында бөлу |
5 мин |
1ден 10ға дейін санап топқа бөлінеді |
Топқа бөлудің әдістерін үйренеді |
ІІІ |
Топ ережесі |
Топ ережесін құру |
5 мин |
Топта қандай ережелер сақталуы керек? |
Топ ережесін құруды үйренеді |
IV |
Ой салу |
«Миға шабуыл» Суретке көңіл бөліңіздер . Ол жерде не байқадыңыздар?
|
10 мин |
Қызықты суреттерді көрсетеді, мұғалімдердің пікірлерін біледі, сын тұрғысынан ойлауға жетелейді. |
Мұғалімдер өз ойлары мен бөліседі. |
V |
Бейнефильм |
«Как сохранить креотивность»
|
10 мин |
Бейне фильм көрсетеді, сұрақ жауап арқылы мұғалімдердің пікірін біледі. |
Сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап береді. |
VI |
Таныстырылым |
Сын тұрғысынан ойлау |
10 мин |
Сын тұрғысынан ойлау туралы слайд және ресурстармен қамтамасыз ету |
Сын тұрғысынан ойлау туралы теориялық білімдерін жетілдіреді.
|
VII
VIII
|
Сергіту сәті
Постермен жұмыс |
«Қызыл өрік»
«Болашақтағы менің мектебім» |
5 мин
25 мин |
Билеу
Критерилер бойынша постер сызып, мұғалімдер өз ойларын қорғау. Критерилер: -Тақырыптың өзектілігі ашылуы керек. -Нақты дәлел көрсету. - Эстетикалық талғамы. |
Пікір алмасады, өз ойларын еркін жеткізеді. |
ІХ |
Рефлексия (кері байланыс) |
"Бес саусақ" тәсілі
|
5 мин |
|
Кері байланыс жазуды үйрену |
Х |
Қорытынды |
14 тілек бейне фильмін көрсету |
10 мин |
Мұғалімдерге бейне фильм көрсету арқылы демалдыру |
Жақсы әсер алады |