Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары сабақта -

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары сабақта

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2064 | Размер: | Автор: гость
. Танирбергенова Сапура
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қоянды ауылы
№ 35 ЖББОМ КММ биология пәнінің мұғалімі

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары сабақта
Мен өз іс-тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы негізінде біраз элементтерін пайдаланамын. СТО дегеніміз- мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі,практиклық іскерліктерін қалыптастыруы, сабаққа деген қызығуын оятып, білім сапасын көтеру. Балаға білімді дайын күйінде бермей, білімді өзі алатындай біліктермен қаруландыру қажет. Жеке, жұптық, топтық жұмыста оқушы өз пікірін ашық айтуға үйренеді. Осы орайда 6-сыныпта «Жемістер» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты:
А) білімділік- өсімдіктің генеративті мүшелерін еске түсіріп, жемістер туралы мағлұмат беру. Оның маңызын, ерешеліктерін сипаттау;
Ә) тәрбиелік - өсімдіктердің терең сырларын меңгеруге көмектесу, қорғауға аялауға үйрету өз елінің, жерінің қадірін білуге сүюге елжандылыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Б) дамытушылық- оқу үрдісінде өздігінен білім жинап, белсенді және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ой өрісін кеңейту.
Әдісі- түсіндірмелі оқу, эвристикалық қозғау салу, СТО стратегиясының элементтерін дамыта оқыту.
Түрі- дәстүрлі, аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.
Көрнекілігі: «Жемістер» нақ нұсқасы, сызба-кестелер, кубиктер, суреттер, альбом.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың ұраны: «Жеміс жесең жетілесің»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Миға шабуыл
1. Гүлдің негізгі бөлімі. (аталық, аналық )
2. Аталық және аналық жыныс жасушасының қосылуы. (жынысты көбею)
3. Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі. (тозаңдану)
4. Тозаңдану нешеге бөлінеді? (2)
5. Бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі. (өздігінен тозаңдану )
6. Бір гүлдің аталық тозаңының 2-ші гүлдің аналығының аузына түсуі (айқас тозаңдану)
7. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер ерекшелігі (ашық реңді, хош иісті)
8. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің ерекшелігі (гүлдері реңсіз және иіссіз)
9. Аталық және аналық жасушаларының қосылуы (ұрықтану)
10. Ұрықтану қай кезде жүреді? (тозаңданудан кейін)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Кестесін толтырады. Әр оқушы осы сұрақ көлемінде жеке жұмыс жасайды. Білетіндерін ортаға салып, білгім келеді дей отырып, мұғалім нұсқауымен мәтінмен жұмыс жасайды.
2. Топпен жұмыс. Кластер тұрғызу.
І топ.

ІІ топ

3. «Кубизм» әдісі бойынша әр жұпқа жемістер (қызанақ,лимон,өрік,шомыр,тұқымша ,дәнек,жаңғақ және т.б) үлестіріледі.
Оқушылар сипаттаңыз , салыстырыңыз, зерттеңіз, қолданыңыз бөлімдері бойынша жұмыс жасайды.
4. Мағынаны тани білу бөлімі. Бұл кестеден оқушылар берілген анықтамалар қай жеміске сәйкес екендігін таниды
Анықтамалары Атаулары

1.Жемістің ішінде тұқымдары көп сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ,шырынды. А.Бұршаққын
2.Бір және көп ұялы, көп тұқымды Б. Жаңғақ
3. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. В. Жидек

4. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Г. Қауашақ
5. жеміс қабы ағаштанып қатайып кеткен жеміс Д. Бұршаққап
Жауаптары: 1.----------; 2.---------; 3.---------; 4.---------; 5.----------;
5. « Жемістер сыр шертеді» - табиғаттың таңғажайыптарына шолу.
Мысалы: Діңде өсетін жеміс.
Бұл ағаш жаботикаба немесе бразилия жүзімі деп аталады, ол Бразилияда өсетін, биіктігі 11метрге жететін, мәңгі жасыл өсімдік. Гүлдері ақ түсті, жемістерінің қабығы қалың, жылтыр , хош иісті, тәтті дәмді,дм 3-4 см, жүзімге өте ұқсас, әр жемісінде 1-ден 4-ке дейін тұқымдары болады.
Дүние жүзіндегі ең үлкен бұршаққын мен бұршаққап
Гвианада өсетін мора ағашының бұршаққабының ұзындығы 25см, ені 8см, салмағы 100г. Оңтүстік Азияда өсетін ентада ағашының бұршаққынының ұзындығы 1,8м, ені1,5м.
Жер астында өсетін жемістер –арахис немесе жер жаңғағы.
Уақыт пен ауарайын болжайтын жемістер.
Батыс Африканың тропиктік ормандарында өсетін гриффония ағашының бұршаққыны қақыраса – ол тұқым себу мерзімі келгендігінің белгісі. Биіктігі 18м келетін клаоксилон ағашының жемісі піссе –Жаңа жылдың келгендігі.
6. «Жеміс жесең -жетіле бересің,
Көкөніс жесең –көсегең көгереді», - жемістердің емдік қасиеттеріне шолу. Мысалы: Өріктің адам ағзасына тигізетін пайдасы. Өрік каротиннің (А дәрумені) мөлшері жағынан жұмыртқа сарысынан, сары майдан кем емес. Балалар ағзасына өте пайдалы. Көне Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина өрікті емдік мақсатқа барынша пайдаланып отырған. Оның тұндырмасы ішек, асқазан ауруларына ем. Шырыны жүйкеге жақсы әсер етеді. Бауыр және гипертония ауруларына да пайдалы. Өріктің құрамында йод микроэлементі көп. Сондықтан, оны зоб(Жемсау) науқасына қарсы дәрі деп есептеуге әбден болады.
7. «Жемісте де алуан мінез жатыр ...» тест тапсырмаларымен жұмыс
ІY. Бекіту. Топтастыру, сызба –кестелермен жұмыс
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Кестені аяқтап оқушылар үйренгендерін жазады.
Y. Үйге тапсырма: Жергілікті жерде өсетін ағаштардың атын, жеміс түрлерін кестеге толтыру.
YІ. Сабақты қорытындылау.
Осы сияқты әр түрлі әдіс – тәсілдер қолдану оқушы білімін тереңдетіп, пәнге қызығушылығы артып жаңа қоғамға лайық білімділікті қанат қып самғайтын жеке тұлға дайындауда септігі мол деп айтар едім.

.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.