Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ -

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1674 | Размер: | Автор: гость
. СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
Колганатова Рзагул Достановна
І (ілгері) деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ орта мектебі

«Тегінде адам баласы адам баласынан
ақыл,білім,ар,мінез деген қасиеттерімен ғана озады»
Абай Құнанбайұлы
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы оларға мектеп жұмысын жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында білім беру жүйесінің басты міндетіне жататын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары,білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беру жүйесін жаңарту,одан әрі дамыту көрсетілген.Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.Бұндай жаңарулар педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды,қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды,ойлау қабілеттерін арттыруды,мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін уйрену.Басты міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
2) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
3) АҚТ –ны қолдану;
4) Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
5) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру мен оқыту;
6) Білім берудегі басқару мен көшбасшылық.
7) Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет.Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп,соның нәтижесінде еркін,өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы,сенімді болуды қалыптастырады.Күнделікті сабақтарда ынтымақтастық ахуал қалыптастыру білімге құштарлықтарын,көңіл-күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып ,олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді.Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары,дарындылықтары айқындала бастайды.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтік оқыту тәсілі де тімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады.Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу ,сұбаттасу «миға шабуыл», логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады.Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру,оқушының танымдық қабілетін дамыту,саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе.Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған ,ақыл-ойын жан-жақты дамытқан «Мендік» пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мқғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.Жаңашыл іс-әрекеттерге жетелейді.Кембридж бағдарламасының әдіс-тәсілдерін меңгеруде «Желілік жүйесі» форумына шығып, өзара байланысты үзбеуге болады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы.Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан-жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда.Оқыту барысында озық ,тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Осы мақсатта Әйтеке би ауданының мектептерінде педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бірлескен бағдарламасын, жаңа оқыту тәсілдерін оқу үдерісіне енгізуге байланысты Ақтөбе облысының білім саласы бойынша Кембридж бағдарламасымен жұмыс жасайтын жетекші мектебі Қарабұтақ орта мектебіне қарасты «Шамшырақ» қауымдастығының жетекшісі ретінде жыл бойы «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас», «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы білім кепілі», «Мұғалім мен оқушының нәтижелі ынтымақтастық іс-әрекетін дамытуда диологтік оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семнарлар өткіздім. Семинардың сапалы өтуіне аудандық білім бөлімінің басшысы А.Бекенов пен әдіскер Л.Нагишеваның және аудандық білім бөлімінің әдіскерлерінің қолдауы әсер етті. . Семинарға Қарабұтақ орта мектебінің жетекшілігіне қарасты Қарабұтақ ОМ, Абай атындағы О.М, Еңбекту О.М, ЖарөткелО.М, С.Оразалин атындағы О.М, Милі О.М, Сейсекенов О.М, Қызылжұлдыз О.М,Белқопа О.М.Шевченко атындағы орта мектептің І,ІІ,ІІІ деңгейлі мұғалімдері белсенділікпен қатысып, аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды және қатысқандары үшін сертификаттар табысталды.Бұл семинардың мақсаты-білім беру жүйесінде сындарлы оқыту теориясының рөлі мен маңыздылығын ашып.оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай ,жүйелей кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай,қолдана білуге машықтандыруды мектеп мұғалім –тәрбиешілермен талқылау.Бұл семинарда ашық сабақтар өткізіліп, коучинг-сессиялар өткізіліп мектептің мұғалімдері мен тәрбиешілері үшін жаңалық көзі мен жаңа тәсілдерді үйренуге жол ашты.Мектеп басшылары мектепті дамыту жұмысына ынта-ықыластарын білдірді.
Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында : «Жылдам өзгеріп отырған заманда алынған білімнің,кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін , өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген.Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден-бір себебі – осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады.Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор.Бағдарламаның оқушыға қаншалықты тиімді боларын ,оның білім мен тәрбие берудегі үлесінің зор екенін білдім.Бұл пікір «Шығыс Аристотелі» атанған Әл Фараби бабамыздың ойымен үндесері хақ.Оқыта отырып тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын ағылшындар терең меңгеріпті.Зерттеуші- психолог Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі»деп атаған қасиеттері айтылады.Бас-кәсіби түсінік,қол-оқытудың тәжірибелік дағдылары,жүрек-кәсіби-өнегелік тұтастық . Бұл жердегі үлкен құнды пікір-әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып ,шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік ,жанашырлық көрсете білу. Кеңес заманындағы «2»алған баланы жазалаудан арылу,оқушыға ой еркіндігін,сөз бостандығын беру .Елбасымыздың бүгінгі таңдағы сындарлы саясатының бірі-заман ағысына қарсы жүзер, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты-терең білім,кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі іске асыруға,өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»делінген.Ал,бүгінгі ұстаздар алдындағы үлкен міндет-заман ағымына сай білім беруді дамыту,білім сапасын жоғары деңгейге көтеру.Осы орайда,жаңа форматта оқыту мен оқудың Кембридждік әдіс-тәсілін қазақстандық мұғалімдерге меңгертуді қолға алғаны белгілі.Ағылшындардың бұл бағдарламасының біздің халықтың менталитетіне келісе бермейтін тұстары да кездеседі, дегенмен,бұрынғы дәстүрлі жаттанды оқытудан алшақтап,оқушыға іздендіре отырып білімді игерту ең тиімді әдіс деп білемін.Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясының гуманитарлық пәндерді оқытуда тиімділігі зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі әдістерді қолданып,өз шеберлігін таныту қажет.Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес,шыңдалған шығармашылық ой.
Төрткүл дүниедегі алпауыт елдермен тереземіз теңеспек үшін заман талабына сай біліммен қарулануымыз қажет және осы жолда тынбай жұмыстанып,талмай ізденейік демекпін,әріптестер.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық І (ілгері)деңгей
2. Қосымша материалдар
«Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» C. Бич, 2012ж
3.«Мектептегі жастарға кеңес беру» Джин Раддак, Джулия Флаттер
4. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар www.cpm.kz
5. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» Мирсеитова С. - 1998
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.