.
.
Сыр мен сымбат Сыр мен сымбат
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2081 | Размер: | Автор: гостьМақсаты:
- Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап, қорғай білуге шақыру;
- Оқушылардың жалпы сұлулықты дұрыс түсіне білуге тәрбие леу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құра ортаға жиналып, төменде берілген әнді орындайды.
Сыр сұлуы
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Сөзі З.Шүкіровтікі
Оқу ақпараты
Өткен сабақтағы ішкі жан сарайы сұлулығы мен сымбат сұлулығы адамға тән құндылықтар болса, осы тақырыптың екінші сабағында қоршаған орта сұлулығы сөз болады. Оқу ақпаратындағы ойға орай оқушылар әсемдікті сезіне білуді ішкі жан дүниесімен сәйкестендіре, өздері өмір сүріп отырған кең келбетінен іздестіреді.
Сұлулық - ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Кең даланы жосып жүрген киіктер керуені мен көздері жәудіреген ботаның сұлулығы табындырмай қоймайды. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Ал ай мен күннің сұлулығында шек жоқ шығар. Тіпті еркелеп соққан самал жел де сұлу. Сол желмен ырғалған ақ қайыңдар да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әр адам сұлу. Сол себепті сұлулықты бағалап, аялай білген жөн. Әсемдікке, әдемілікке, көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның сұлулығына табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта «жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған» деп бекер айтылмаған шығар.
Мәтінмен жұмыс
Мәтінде табиғаттың еркесі керілген кер маралдың сұлулығы жөнінде айтылады. Мәтінмен жұмыс жасауда мұғалім назары автор ойымен ұштасатындай болуы керек. Оқушылар табиғаттағы сұлулық туралы өздері әңгімелеп береді.
Тәңірісі сұлулықтың марал деген...
О.Бөкей
Дәйексөз
Дәйексөздің мағынасын түсіндіріп, мұғалім оқушыларға рухани саулықтың қоршаған ортаға қатысты екендігін түсіндіреді.
Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.
Г.Құрманбай
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өлеңде айтылған ойға сәйкес адамның сұлулығы табиғатпен тұстасып жататын құбылыс екендігіне мән береді. Мұғалім көркем табиғат аясында туып, өскен адам жан-жақты сұлу болатынын айтады.
Өлеңді оқып, сыртқы сұлулығы жан әлемімен үйлескен әнші туралы өз ойларыңды дәптерлеріңе жазыңдар.
Сұлу Күләш
Қ.Бұғыбаева
Сахналау
Берілген сахналық көріністі оқушылармен пікірсайыс ретінде ұйымдастыруға болады. Мұғалім оқушыларға рөлдерді бөліп береді.
Сұлулықпен сырласу
Б.Айтуқызы
Тапсырма
Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқыған соң, оқушылар қоршаған орта, табиғат пен адам тұтастығы туралы өз пікірлерін қорытып жазады. Жұмыс сабақ барысында сыныпта орындалады.
Өлең мазмұнына сәйкес табиғаттағы сұлулық туралы өз пікірлеріңді дәптерге түсіріңдер.
Сен сұлу
М.Жұмабаев
Білем анық: жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзген ай сұлу.
Кешкі ескен жібек жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түрлі гүл сұлу,
Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.
Жүректен жүрекке
Сабақтың соңында оқушылар мұғаліммен қосылып, төменде берілген әнді орындайды.
АлтынымСөзі Н.ӘлімқұловтікіӘні Ә.Бейсеуовтікі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.