Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыр сүлейі – Нұртуған -

Сыр сүлейі – Нұртуған

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1673 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Атабекова Алима
3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сыр сүлейі – Нұртуған
Сабақтың мақсаты: Сыр сүлейі - Нұртуғанның шығармаларымен таныстыру.
1. Білім беру: Балалардың жан-жақты, жырды, термені орындаудың ерекшеліктерін түсіндіру. «Қәнеки, тілім, сөйлеші» термесін оқушыларға үйрету.
2. Тәрбиелі мәні: Жас ұрпақты тәрбиелеуде терме, жырдың тәрбиелік маңызы зор. Термені тыңдау арқылы мазмұнында әрдайым жеке адамның және халықтың өмірі жырланатын поэзияның бұл жанры оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелейді.
3. Дамыту: Оқушының музыкалық қабілетін дамыту және терме мен жырды орындай отырып, оның сөз шеберлігі поэзияға деген қызығушылығын артады.
Пән аралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Үй жұмысын тексеру
3) Дауыс ашу
4) Жаңа сабақ
5) Сергіту сәті
6) Бәйге
7) Қорытындылау
8) Үйге тапсырма
1. Үй жұмысы
Тұрмағанбет Ізтілеуов
1) Тұрмағанбет Ізтілеуов қай қалада дүниеге келген?
2) Тұрмағанбеттің қандай терме өсиеттерін білеміз?
3) «Жастарға өсиет» термесінен үзінді орындау.

Жаңа сабақ
Сыр сүлейі - Нұртуған Кенжеғұлұлы.
Арал өңірінен шыққан Нұртуған ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде 1889-1930ж. Сырдарияның Арал өңірінде туып, өмір кешкен қазақ ақындарының бірі. Әкесі Кенжеғұл кезінде Сыр бойының атақты күйшісі болған. Оған ақындық дарын 12-13 жасынан бастап қонған. Нұртуған ақын қырық жастан аса бере ауыр тұрмыс пен үзірлі дерттен көз жұмған. Әйтсе де тума талант иесі аз өмірінде қыруар жыр-дастан, термелер жазған. Ол Ұлы Абайды өмір бойы пір тұтып, оған бірнеше өлең арнаған. Абайды ұлық тұтуды үндеп, оның өлеңдерін жалықпай үйренуге күллі Алаш баласын шақырып отырған. Бұл сөзімізді дәлелдеу үшін оның Абайға арнаған өлеңдерінен бір ауыз мысал келтірейік.
Қолдансаң сөз асылын,
Абайды біл,
Өзіңше даурыққанмен қаласың құр.
Жүрекке жылы сөзді ұялатқан –
Ол мәңгі тарихтың төрінде тұр.
Тәуелсіздік таңы атқан соң Нұртуған мұрасын зерттеп кәдеге асыруға ықылас туды.
Солардың бірі Әуелбек Қоңыратбаев, және әдебиетші, зерделі тарихшы Әбсаттар Оспанов ақын шығармаларын жинап құрастырып, бастыруға адал еңбегін азаматтық деп балаған ләзім.
Елін, жерін аралап аймақтағы көне көздер мен ақынның жерлестері Нұртуғанның көріпкелдігін алдағыны болжағыштығын, ауа-райы, табиғат құбылыстарын күні бұрын біліп, болжам жасап отыратын қасиеттері болғанын аңыз қылып айтады. Бүгін балалар Нұртуғанның термесі «Қанеки, тілім, сөйлеші» (Оқушылар екі топқа бөлінеді)
І-топ Термешілер ІІ-топ Жыршылар





1) Терме – дегеніміз не?
2) Алпамыс жырынан үзінді орында.
3) Мына айтылған терменің авторы кім?
4) «Тасынба, көңілім тасынба» термесінің авторы кім?

1) «Әр нәрсенің парқы бар» кімнің термесі орындап бер.
2) Эпос дегеніміз не? Қандай мағына береді?
3) Жыршы деп кімді айтамыз, жырау деп кімді айтамыз?
4) Халық термесі «Он үш жалын» орындап бер.

Қорытынды

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма. Сыр сүлейі – Нұртуған «Қанеки, тілім, сөйлеші»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.