Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы -

Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1842 | Размер: | Автор: гость
. Досжанова Майра Прназарқызы,
Түркістан медицина колледжінің патологиялық физиология пәнінің оқытушысы
ОҚО,Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ-мастер класс
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы
Сыртқы тыныс деп - организмнің оттегіні қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін процестердің жиынтығын айтады.
Қазіргі таңда тыныс алу жүйесі ауруларының қолайсыз аяқталуы, өлімге әкелетін барлық себептердің 5 пайызын құрайды.
Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне, мүгедектігіне, өліміне жиі әкелетін кең тараған аурулары, сыртқы тыныс алу ағзалары болып есептеледі.
Бұл аурудың шылым шегумен, дұрыс тамақтанбау нәтижесінде және физикалық белсенділіктің төмендеуімен байланыстылығы анықталды.
Қазіргі таңда медицина қызметкерлеріне қойылып отырған талаптардың біреуі тыныс алу жеткіліксіздігі бойынша адам өлімін болдырмау. Әрине тыныс алу жеткіліксіздігін алдын-алудың басты тәсілі салауатты өмір салты. Болашақ медицина мамандарына, тыныс алу туралы білімнің өте жоғары деңгейде болуы аса қажет, себебі медициналық тәжірибеде кез-келген дәрігер немесе фельдшер, акушер бұл аурумен ауырған науқастың жағдайын тез арада клиникалық тұрғыда бағалап, оған шұғыл медициналық көмек көрсете алуы керек.
Ал, акушерияда асфиксияда туылған нәрестенің тұңғыш реанимациясы босану бөлімінде жасалатынын, нәресте асфиксиясының алдын-алу шараларын білуі қажет.
Педагогикалық мақсат: Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр студенттің өзін-өзі өзгертуші субьекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқыту идеясы бойынша студентке оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр студентке өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Сондықтан, бүгінгі сабақтағы менің педагогикалық мақсатым:
• Оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;
• Пәнаралық байланысты тереңдету;
• Қажетті ақпараттың көлемін ұлғайту;
• Компьютерлік графика, мультимедиа кешенін пайдалану арқылы оқыту процесін дараландыру, студенттердің дербестігі мен белсенділігін арттыру;
• \Студенттердің өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
• Өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау арқылы алған білімді есте сақтайтын, ғылыми түрде талдай алатын студенттерді қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тыныс шамасыздығының этиологиясы, патогенезі, тыныс реттелуінің бұзылыстары кезіндегі ағзада болатын өзгерістер жайлы студенттердің білімдерін нығайту.
Дамытушылық:
• Дарындылықтарын пайдалы бір салаға бағыттау;
• Дарындылықтарын дамытуға жағдай жасау;
• Студенттерді білім мен ғылымға баулу;
• Белсенді клиникалық ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдығын, төзімділігін қалыптастыру,адамгершілікке, мейірімділікке,үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету және оқуға деген ынтасын арттыру.
Студент білуі керек:
• Тыныс алу жеткіліксіздігінің жалпы сипаттамасын;
• Гиповентиляцияның обструктивті түрін;
• Гиповентиляцияның рестриктивті түрін;
• Алқынудың себебін, негізгі даму жолдарын;
• Асфиксияның себебін, негізгі даму жолдарын.

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
• Дамыта оқыту
• Оза оқыту
• Деңгейлеп оқыту
• Кәсіптік бағдар беру
• Бақылау және бағалау
• Ақпараттық оқыту
• Интерактивті оқыту

Сабақтың хронокартасы

№ Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыты
I Ұйымдастыру кезеңі(топты түгелдеп тексеру, журнал толтыру) 2 мин
II Оқытушының кіріспе сөзі(тақырыптың мотивациясына тоқталып, сабақтың жоспары мен мақсаттарын айту) 3 мин
III Үй жұмысы бойынша интерактивті тақтада тапсырмаларды орындау 20 мин
IV Үй жұмысын бағалау 5 мин
V Жаңа тақырыпты талқылау. Пресс-конференция ұйымдастыру 40 мин
VI Студенттердің пресс-конференцияда көрсеткен білімдерін бағалау 5 мин
VII Тесттілік бақылау 10 мин
VIII Сабақты қорытындылау 3 мин
IХ Үйге тапсырма беру 2 мин

Сабақтың жабдықталуы:
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:
 «Тыныс алу жүйесі» бойынша плакаттар;
 «Өкпе» моделдері;
 Слайдтар;
 Тірек схемасы;
 Тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы тақырыбы бойынша видеофильмдер
Үлестірме материалдар:
 Жағдаятты есептер;
 Суретті тесттер;
 Интерактивті тапсырмалар;
 Мәтіндік тесттер
Техникалық оқу құралдары:
 Интерактивті тақта, проектор, компьютер;
 Видеофильмдер;
 СД, ДVД дискілер;
 Электронды оқулық
Пресс-конференцияны ұйымдастыру:
Студенттердің тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында рөлдік ойын технологиясын қолданамын, яғни пресс-конференцияны иммитация жасап, студенттерге түрлі баспасөз құралдарының тілшілерінің рөлдерін, осы саланың мамандарының ролдерін орындауды тапсырамын. Жаңа тақырыпты толығымен меңгеру үшін тыныс алу патологиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін ескеру керек, сол мақсатта студенттерге үй тапсырмасына қазіргі таңдағы тыныс алу патологиясы жайлы ғаламтордан мәліметтер жинақтау. Бұл тапсырмалар студенттердің іздену, өзін-өзі дамыту, өз ойын дұрыс жеткізе алуға мүмкіндік береді. Тыныс алу жеткіліксіздігінің патофизиологиясын талдау мақсатында, Қалалық орталық ауруханасының пульмонологтары, қалалық перзентхананың акушергинекологтары, жедел жәрдем бригадасының реаниматолог дәрігерлері және әртүрлі баспасөз Қарағанды қаласының «Мейірбике ісі» журналының тілшілері, Түркістан қаласының Түркістан газетінің тілшілері, Алматы қаласының Денсаулық журналының тілшілері, Шымкент қаласының «Аман бол» газетінің тілшілерінің қатысуымен пресс-конференция ұйымдастырылады. Пресс-конференцияда баспасөз құралдарының тілшілері келген мамандарға сұрақ қояды. Қойылған сұрақтарға мамандар өздерінің дайындаған интернет материалдары мен слайдтар арқылы жауап береді.

Сабақты төмендегі кесте бойынша қорытындылаймын:
№ Студенттердің аты жөні Өтілген сабақ бойынша бағалау Жаңа тақырып бойынша бағалау Тест қорытындылары Қорытынды баға
1

Дайындалуға арналған тапсырмалар:
Тыныс алу жүйесі аурулары жайлы интернет жүйесінен мәліметтер жинақтау;
Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус, жағдаятты есептер, тесттер құрастыру;
Жаңа тақырыптан жаңа сөздерді жазып келу-глоссарий.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.