Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Т.Ізтілеуов «Адамдық  іс» өлеңі. -

Т.Ізтілеуов «Адамдық іс» өлеңі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5628 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы
Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектеп
Мұғалімі: Шопиева Акмарал Рисбековна

Сыныбы:8ә
Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Т.Ізтілеуов «Адамдық іс» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Т.Ізтілеуов ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, «Адамдық іс» өлеңінің мән-мағынасын ашу, идеясын таныту.
2. Дамытушылық: дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өлең құдіретін таныту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс – тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, жеке оқушымен жұмыс
Көрнекілігі: слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет теориясы.

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
1) Тест
1.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдары. 1857-1931 ж.ж
2. «Қалқаман - Мамыр»дастаны қай жылғы оқиғаны қамтыған? 1722 жылғы
3.Шәкәрім неше жасында әріп таныды? 7 жасында
4.Әнет баба және Қалқаман арғынның ішіндегі қай атадан тарайды? Кішік
5.Мамырдың арғы атасы болатын Кішіктің бір ағасы кім? Мәмбетей

2) «Қалақаман – Мамыр» дастанының құрылысын таңдау.
1.Экспозиция.
2.Басталуы.
3.Байланысуы.
4.Дамуы.
5.Шиеленсуі.
6.Шарықтау шегі.
7.Шешімі.

Т.Ізтілеуов (1882-1932) халық ақыны, аудармашы.
Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы, Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Алғаш Алдашбай ахуннан оқып, сауатын ашқан.
Бұқара қаласында әуелі «Мир араб» (1896-1899), кейін «Көкелташ» медресесінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. «Көкелташ»медрісесінде тәжіктің классик жазушысы Садриддин Айнимен достасып, студенттер арасында қабырға газетін шығарып тұрған. Өзі медреседе оқып жүріп, Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған.
Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану» сияқты оннан астам дастан жазған. Ақын 1936 жылы Ә.Фердаусидің «Шахнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов,
Т.б жоғары бағаланған. Туындының «Рүстем-Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген (слайд бойынша суретпен жұмыс)
Сонымен қатар, Т.Ізтілеуов- айтыскер ақын. Оның біраз айтыстары көпшілікке белгілі. Сондықтан Жамбыл Жабаевпен өте жақын таныс болған. (Сурет).

Мәтінмен жұмыс.
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Оқушыларға мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу дағдысын мән беру.
3.Өлең құрылысына талдау.
Күн туса, қашады айдан-дағы, а11
Жарлы жақсы, қайырсыз байдан дағы; а11
Бұрынғы қариялардан қалған нақыл, б12
«бұл сөзді таптың, деме қайдан дағы?» а11
Тұлпардың тұқымының туымы бар, в11
Белгілі ат болуы тайдан дағы. в10
Алды аға, артта іні жетіп тұрса, г12
Жігітке ол бір құрал, сайман дағы. в11
Деген бар: «төртеу түгіл-төрге шығар!» д 11
Төрің сол-бақыт құсытың айналғаны. а 11
Алтау боп аузың ала бола қалса, е 11
Дұшпанға құл боп анық байланбағы. а 11
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады.
Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.
Адамадық ісіңе жұрт аңсап тұрсың,
Не керек, қарынының құрт майланғаны?!
Көңіліне: «Мен де адаммын!» деп жүрген көп,
Кілегей майға ұқсаған айрандағы.

3. Көркемдігіне талдау.
Шешендестіру (антитеза):
Күн туса,нұр қашады айдан – дағы, Жарлы жақсы, қайырсыз байдан дағы;
Теңеу:
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады,
Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы.

Эпитетті тіркес:
Қайырсыз байдан, бұрынғы қариядан.

Метафора:
Алда аға, артта іні жетіп тұрса,
Жігітке ол бір құрал сайман дағы.

5.Ш.Құдайбердиевтің «Адамдық борышың» өлеңімен салыстыру, оқу:

Сәйкестендіру.
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінен үзінді Тұрмағамбет Ізтілеуовтың өлең үзіндісі
Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін. Адамдық ісіңе жұрт аңсап тұрсын,
Не керек, қарыныңның құр майланғаны?!


6.Білімді бекіту.
1.Оқушыларға бір-біріне сұрақ қойғызу.
2.Ақынның өлеңдегі айтар ойы қандай?
3.Тұрмағамбет Ізтілеуов кім?

7.Қорытынды.
«Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» Т.Ахтанов айтқандай Тұрмағамбет ақынды әркез естен шығармай, онық шығармашылығының қадір – қасиетін біліп жүруіміз керек.

8.Үй тапсырмасы.
Өлеңді жаттау.
9.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.