.
.
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің Түйе
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1491 | Размер: | Автор: гостьбастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Қалжан
Пәні: Ана тілі
Сыныбы: 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүй-гіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктің суреті, суреттер, тест тапсырмалары.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, топтастыру.
Типі: жаңа білім беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
в) Оқушыларға 4 жолды тақпақ айтқызу.
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сиыр өлеңін жатқа айтқызу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Топтастыру стратегиясы. Слайд №1
Жаңа сабақ. а) Жұмбақ шешу.
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Б) Ребус шешу. Слайд №2
- Балалар төрт түлік малға нелер жатады?
- Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.
Слайд №3
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.
Өздерінің балаларын сол түлік төлдеріне теңеуі де сондықтан. Мысалы: «Ботам», «Ботакөзім», «Құлыным», «Қоңыр қозым» т.б. Төрт түлік бізге кисек киім, ішсек тамақ, мінсек көлік.
Мақал-мәтелдерді оқытып мазмұнын түсіндіру.
- Ендеше балалар, бүгін біз төрт түлдік малдың бірі түйе туралы жырды өтеміз. Түйе киелі жануар.
Слайд №4
Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық-суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. «Асыра сілтеу, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаған қызық өкмет тұсында өркешті жануарлар елімізде азайып кеткен. Түйе бағуды тиімсіз деп тапты ма кім білсін, біртіндегі колхоз-совхоз тұында бұл түліктің саны соншалықты көбейе қойған жоқ. Ал осы күні елімізде 150 мыңдай Ойсылқара тұқымы өрісте жүр. Маңғыстау, Қызылорда секілді облыстарда түйе шаруашылығы ертеден тамырланып, қазір де іргелі қожалықтар жұмысын жүйелі жүргізіп отыр.
Түйе малының жалпы атаулары:
Бота Інген
Тайлақ Бура
Нар түйе Үлек
Айыр түйе Атан
Аруана
Айыр түйе қос өркеш – түйе тұқымының бір түрі.
Аруана – сыңар өркеш түйе. Аруана айыр түйеден гөрі ыстық, төзімді (екі-үш есе), бірақ жүні аз болады. Аруана Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
Слайд №5 Слайд №6
Желмая – жалғыз өркеш тйенің (нардың) жүйріктігіне байланысты аңызға айналған түрі. Қазақ аңызында өмір бойы «Жерұйықты» іздеп өткен халық мұңшысы Асан қайығының көлігі. Дана қарт желмаяға мініп, жетпіс жыл жаөан кезген деседі. Шөл мен аштыққа қырық күн шыдаған. Ыстық-суыққа төзіп, ұзақ жүрісте қажымайтын мықты болғаны үшін, халық желмаяны «қара жердің қайығы» деп атап кеткен.
«Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір» демекші күніне 40-50 шақырым жүрмесе қаны тарамайтын ойсылқара негізгі екі жылда бір боталайды. Дегенмен күтімін тапса өзге түліктер секілді өсімтал. Пайдасы шаш-етектен.
- Балалар, түйе сүтін не деп атайды?
- Шұбат.
Слайд №7
Түйе сүтінен өндірілген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңінен қолданылады. Өзінің биологиялық құрамы бойынша тек нәрлі және дәмді азық қана емес, сондай-ақ А,В1,В2,С дәрумендерінің көзі. Мысалы, В1,В2 витаминдері бойынша түйе сүті бар керегіңе жарайды, құрт-май, балқаймақ алынады, ірімшік жасалады, шұбат ашытылады. Сосын бір ерекшелігі – інген мая 15-16 ай бойы сауылады. Сүті шайды жақсы үйіреді. Ал шұбаты дертке шипа, емдік қасиеті мол, аса пайдалы тағам.
Түйенің терсінен таспа, қайыс жасаған. Негізі түйе түбіті мен шудасы тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Маң даланың маңғаз жануарының жүні киім болғанда еті – ем, шұбаты – шипа.
көрпе
Жүні шекпен
тоқыма бұйым
- Балалар, түйенің төлін қалай атайды?
- Бота.
- Түйе атасын атаңдаршы?
- Ойсылқара.
- Түйені қалай шақырады?
- Көс-көс.
- Түйе қанда шөпті жақсы көреді?
- Жантақ, алабота, ащы қурай.
Оқулықпен жұмыс.
«Түйе» жырын түсініп, мәнерлеп оқу. Парта бойынша оқыту.
Түйенің пайдасын сызбаға түсіру.
Слайд №8
Тест тапсырмалар:
1. Түйе баласын қалай шақырады?
а) пұшайт-пұшайт
ә) көс-көс
б) құрау-құрау
2. Түйе не істейді?
а) кісінейді
ә) мөңірейді
б) боздайды
3. Түйе атасы кім?
а) Шопаната
ә) Ойсылқара
б) Қамбарата
Сабақты бекіту. Мақал-мәтелдерді оқытып, мағынасын сұрау. (түсіндіру).
*Жылқы-малдың патшасы, түйе малдың қасқасы.
*Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
*Түйе қашып, жүктен кете алмас.
*Түйе көп болса, жүк симайды.
*Түйе өлген жерде жүк қлады.
Үйге тапсырма: «Түйе» жырын түсініп, мәнерлеп оқу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.