Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түйіндеп тоқу -

Түйіндеп тоқу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1373 | Размер: | Автор: Публикатор
. Айнабек Тіллә Рәсілқызы,
Аманкелді жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Түйіндеп тоқу

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға түйіндеп тоқу тәсілін үйрету.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сызбалар бойынша жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Эстетикалық тәрбие, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас, әңгіме, сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: түйіндеп тоқылған бұйымдар, ағаштан жасалған рамка, түрлі түсті тоқыма жіп, нұсқау картасы, сызбалар, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Жаңа тақырып.
Кіріспе.
Қазіргі кезде халықтық өнер қайта жанжанып, жаңа мақсатта қолданылуда. Халықтық ішінен әр түрі өнер иелерін кездестіруге болады. Олар халықтық өнер түрлерін бүгінгі күн талабына сай асқан шеберлікпен жасауда.
Ата-бабаларымыздың қалдырған асыл мұрасын сақтап, жетілдіріп ертеңгі күнге мұра ету біздің борышымыз. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың қазақтың қол өнерінің бір түрі, ұмыст болған өнер түрін қыздарға үйретіп керегімізге жарату. Осы орайда түйіндеп тоқудың бір түрі әсемдік бұйымдарды жасауды жете түсініп, үйрендік. Бұл әжелерімізден қалған өнерді жалғастыра отырып түйіндеп тоқуды мақсат еттік. Бұл бұйымды күнделікті өмірде қолданамыз. Мысалы, онымен дивандарды, орындықтардың бетіне жабуға және вазаның, теледидардың, телефонның астына қоюға болады. Бұл бұйым үй жиһаздарына сән беріп тұрады. Түйіндеп тоқуды әр адам өзі үйреніп тоқуға болады. Оның әрбір бұрышындағы фигураны адам өз қалауынша жасауына болады.

ІІІ. Түйіндеп тоқудың жасалу жолдары:
1. Кез келген бұрыштың 1-ші шегесіне жіпті байлаймыз. Жіпті 2-ші шегеге іліп, 3-ші шеге арқылы өтіп, 4-ші шегеге іліп жалғастырамыз.
2. Дәл осылай екінші бағытта жіпті орай бастаймыз.
3. Үшінші бағытты да осылай орындаймыз.
4. Үш бағытта айқасқан жіптердің қиылысы пайда болады.
5. Осылай жіптің үш түрлі түсін керіп болған соң, жобалаған кескінді қарап отырып әрбір жіптердің қиылысын байлау арқылы түйіндейміз. Бұл түйіндейтін жіп әркімнің қалауы бойынша немесе алдыңғы керген жіптердің түсімен түстес болса да болады. Жіптің ұзындығын 15-16см етіп қиып дайындап аламыз.
6. Қалаған кескінді түгел түйіндеп болғанымызды тексеріп шығамыз. Әрбір түйінделген жерде астыңғы түсті қалдырып, үстіңгі түстің әр тордың ортасынан қиып шығамыз.
7. Жіптердің ұштарын тарқатып, тегістеп тарап қоямыз.
8. Жіпті шегеге керген жерден қиып, кергіштен босатамыз.
Нұсқау картасы.
Түйіндеп тоқу

№ Жұмыстың орындалу реті Сызба түрінде Қажетті құралдар

1 Кез келген бұрыштың 1-ші шегесіне жіпті байлаймыз. Дәл осылай басқа бағытта ораймыз.


Кергіш, түрлі-түсті жіптер
2 Жіптерді үш бағытта орап шығамыз.


Кергіш, жіп, қайшы
3 Әрбір үш жіптің қиылысын байлау арқылы түйіндейміз.


Кергіш, жіп, қайшы
4 Әрбір түйінделген жерде астыңғы түсті қалдырып, үстіңгі түсті ортасынан қырқамыз, қырқып шыққаннан кецін щеткамен тарап тегістейміз.
Кергіш, жіп, қайшы, щетка
5 Бұйымды кергіштер босатамыз.



IV. Қауіпсіздік ережесін ескерту.
1. Кергішпен жұмыс істегенде өте сақ болу керек, өйткені оның әрбір алты бұрышында шегелер болады, ол шегелер қолды жарақаттауы мүмкін. Сондықтан ұстағанда тұйық жағынан және үстелдің бетінен көтеріп ұстауы қажет.
2. Қайшыны жолдасыңа бергенде сап жағынан бергені дұрыс. Себебі қайшы қолды жарақаттауы мүмкін.
3. Жіпті үзгенде қайшымен қиып үзген жөн. Егер жіпті қолмен немесе тіспен үзетін болса, онда тістің сыртқы қабатына зақым келеді, ал қолмен үзетін болса қолды қиып жіберуі мүмкін.

V. Сарамандық жұмыс.
Кергішке жіпті орау, түйіндеу тәсілдерін үйрету.
VІ. Сергіту сәті. Карточкалардағы сұрақтар жауап беру.
1) Бөстек – адамдардың астарына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш.
2) Сырмақ – киізден сырып, ойып жаслатын төсеніш.
3) Сандық – киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым.
4) Кебеже – тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқсас ағаш бұйым.
5) Киіз – көшпелі тұрмыс жағдайында мал өнімдерінен оның ішінде жүннен әзірленетін бұйым.
VІІ. Бұйымды ақырғы өңдеуден өткізу. Киім щеткасымен тазалау. Кергіштен босату.
VІІІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың жұмысын бағалау. Жақсы орындалған жұмыстарды мадақтау.
ІХ. Үйге тапсырма. Жіптердің қиылысын түйіндеп тоқуды үйрену.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.