Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды  пайдалану жолдары -

Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1932 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Қиғаш жалпы орта мектебі

Баяндама

Тақырыбы: Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды
пайдалану жолдары



Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мажитова Анар Женисовна



Атырау – 2015ж.
Тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды пайдалану жолдары

Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне – өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет.
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып, өз алдына отау тігіп өзінің ішкі – сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті – әдет – ғұрпымызды, салт – дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана – сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.
Қазақ ағартушысы М. Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс – тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі.Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс.Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтаудың ең басты алғы шарты болып табылады.
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді,тәрбиелі шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қойылмайды.Педагогтық жетістіктігін бағалау да өте қиын.Оның сапасын сызғышпен өлшеп,әрбір мысқылына дейін таразыға тартатын дүние емес.
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез-құлықының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының,оның моралдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсердің өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды.Бұл – ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогы Д.К.Ушинский «Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-қайраты күшті,мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек.
Тәрбие жайындағы белгілі бір мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі,ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту,сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық – қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз.Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», - деп жазылған.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды.Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен,іс-қимылынан танылып,сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған.Сондықтан егеменді ел жастардың санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор.Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен-өзіңді ізде,өзіңе-өзің бағын,өзіңді-өзің тани біл», - дегеніндей әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды.Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады,соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орын алады.Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады», - деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті, парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұрғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.
Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза,иман жүзді,біреу қолдуынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт,қоғамдық орын,ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.
Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату – бізідің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен сынып жетекшінің де ролі ерекше.
Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,қнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндет.
Жақсы ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екендігі даусыз.Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу – сынып жетекшінің міндеті.
Ғұлама Абай баланың бойына алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық сіңіру парыз деген.
Міне,осы алты қасиет пен үш асыл мінез-құлық.
1.Елімен туған-туыс,жұрағат,жекжат,дос-жолдасқа адал болу.
2.Өте әділетті болу.
3.Шындықты тура бетке айту сияқты асыл мінезді атап көрсеткен.
Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болуы керек екенін,ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі.Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да,түсінікті ете алады.Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткенінің талаптары,объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп отырып,өзінің ата- бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.
Ұлы педагог К.Ушинский «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды» - деп текке айтпаған.
Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет – ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру.
Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады.Заман талабына сай тәрбие беру – мұғалімнің басты міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақ халқының салт – дәстүрлері. Авторы: Сейіт Кенжеахметұлы. Алматы – 2006ж
2. «Қазақстан мектебі» журналы №6, 2005ж
3. «Қазақстан мектебі» журналы №3, 2007ж
4. «Қазақстан мектебі» журналы №4, 2008ж
5. «Сынып жетекші» журналы №9, 2007ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.