.
.
Төл сөз және оның тыныс белгілері Төл сөз және оның тыныс белгілері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 12353 | Размер: | Автор: гостьМолдаханова ГауҺар Сейдалықызы
Б.Өтен атындағы мектеп-интернаты кмм,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрін төл сөз дейміз. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.
Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай–ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады. Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.
Төл сөз бен автор сөзі ауызекі тілде дауыс интонациясымен және әрқайсысының өздеріне тән сөздерімен, құрылымымен ерекшеленсе, жазу тілінде олардың арасы түрлі тыныс белгілерімен айырылады. Төл сөзге байланысты қойылатын тыныс белгілері: тырнақша, сызықша, қос нүктелер, үтір, нүкте, көп нүкте, леп және сұрау белгілері. Бұларды іштей екі топқа бөлуге болады: 1) төл сөзді автор сөзінен айыратын тыныс белгілері; 2) төл сөзді сөйлемнің мағынасын, интонациясын аңғару үшін қойылатын тыныс белгілері. Алғашқы тобына тырнақша, сызықша, үтір, қос нүкте, леп және сұрау белгілері жатады. Төл сөзбен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай қойылатын тыныс белгілерге мысалдар С.Мұқановтың «Ботакөз» романынан келтірдім. Олар төмендегідей:
1. Бірінші төл сөз, одан кейін автор сөзі келгенде:
Төл сөз, – автор сөзі.
Төл сөз? – автор сөзі.
Төл сөз! – автор сөзі.
Төл сөз... – автор сөзі. Мысалы,
– Пожалуйста, – деді ол, күле сөйлеп Асқарға.
– Тұр! – деді Айбала, Балтабектің аяғынан ақырын қозғап.
– Асқар үйдемісің? – деді Кенжетай сырттан.
Тырнақшаға алынып жазылуға тиісті төл сөздердің тыныс белгілері де дәл осындай. «Бәрекелді–ай! – деді ол, – сырғанағандарға көзі қызығып, конькиді ала келмеген екем!». «Балтабектікінен басқа қайда кетті дейсің? – деді ол пештің үстіне шығып жата беріп, – байқайтын, ұйқымның келуін қарашы!»
2. Автор сөзі төл сөздің алдынан келген жағдайда қос нүкте қойылады. Мәселен, Ұста: «Мұны қайдан көрдім?» – деп ойлады.
Сөйлем тырнақшаға алынған төл сөзбен аяқталып тұрса, нүкте тырнақшаның сыртынан, ал леп, сұрау белгілері мен нүкте тырнақшаның ішінен қойылады.
3. Автор сөзі төл сөздің ортасында келгенде:
– Төл сөз, – автор сөзі, – төл сөз.
– Мені, – деді Амантай далаға шыққан Асқарға, – губернатор шақырған екен. Еріп жүрші, шырағым.
– Төл сөз? – автор сөзі. – Төл сөз. – Бұл не жұмбақ? – десті екеуі қосынан. –Көл ортасында бұл жалау қайдан пайда болды?
– Төл сөз... – автор сөзі. – Төл сөз.
– Жаңа... – деді шал сасқалақтап, – Итбайдың төре баласы Сарыбас... солдатпен кеп шешеңді атып өлтіріп кетті... Саған кетті.. Жасырын!
4. Автор сөзі төл сөздің ортасында және соңында келгенде:
– Төл сөз, – автор сөзі. – Төл сөз, – автор сөзі.
– Ол кісінің айтқаны көп... Ботажан .. – деді Балтабек Ботакөзге жалтақтап, – Айбала екеуің Степанның үйінен бір байлам темекі сұрап әкеліңдерші, насыбайым таусылып қапты. Айбала екеуің барып келіңдер тез. Әй бала, сен де баршы мыналар қорқар, – деді Балтабек Сағитке.
Сонымен бірге тырнақшаға алынатын төл сөздер де бар: «Ә, – деп ойлады Асқар, – жас қызды бұл еркем дейді екен ғой. Аты сол ма екен, әлде еркелетіп қойған аты ма екен?» «Мынау – деді, – ақ лентаны суырып ап, – қайың!». «Ә, – деп ойлады Асқар, – жас қызды бұл «еркем» дейді екен ғой. Аты сол ма екен, я еркелетіп қойған аты ма екен?
Көркем шығармада жалпы әңгіме желісінен ауытқып келтірілген диалог тырнақшаға алынады. Мысалы: «Сандықтың аузын аша бер, әке!» – деген еді Итбай Байсақалға, Қотыркөлге аттанарда.
Сызықшамен жазылған төл сөздің ішінде келген төл сөз тырнақшаға алынады. Мысалы:
– Қорықтың ба, шырағым? – деді шал. Қорықсаң да, айтайын, Жаңа Итбайдың Сарыбасы кеп: «Шахтаға жан жолатпа, ешкімді шығарма да, кіргізбе де!» – деп кетті.
Мақалдар да тырнақшаға алынады, бірақ оның алды–артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. Мысалы: «Қонғанша қонақ ұялады, қонғасын үй иесі ұялады» дейді.
Цитата да тыршақшаға алынады. «Биік мансап – биік жартас. Ерінбей еңбектеп жылан да шығады. Екпіндеп ұшып қыран да шығады» дейді Абай.
Төл сөз екі түрлі қолданылады: бірі – төл сөзді текст ішінен бөлмей, абзацсыз (жаңа жолсыз) қолдану; екіншісі – төл сөзді абзацпен бөліп тастау. Бірінші жағдайда төл сөз тырнақшаға алынады, екінші жағдайда сызықша арқылы жазылады:
Әкей оқта–текте иінін қозғап қалып, күбірлеп сөйлеп те қояды: «Генерал – поручик!..Ол менің ротамда сержант қана еді! Содан бері көп–ақ өткені ме?..»
– Асан үйінде екен, – деді біреу жүгіріп кеп.
– Қалима ше?
– О да үйінде.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әбілқаев А. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. Алматы, 2008
2. Мұқанов С. «Ботакөз» Алматы, 1983
3. Сауранбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954. – 68 б.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.