Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Төлдер айтысы -

Төлдер айтысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1700 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Есмаганбетова Мадина Қазыққызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Оқу іс-әрекеті тақырыбы: Төлдер айтысы
Оқу іс-әрекетіңнің мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.
Ақпаратты компьютерлік технологиямен жұмыс жасау арқылы балалардың жұмыс жасау іскерліктерін жетілдіру, белсенділіктерін дамыту. Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетіне қажетті құрал - жабдықтар: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, үй жануарларының суреттерімен, маскалары

Психологиялық дайындық
- Балалар, таңертең көзімізді ашып оянғанда терезеден қарасақ ең алдымен нені көреміз.
- Күнді, күннің шуағын, нұрын көреміз.
- Олай болса, бүгін бізге келген қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік.
Саламатсыздар ма!

Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік Қабақ шытқан не керек Күліп өмір сүрейік
Олай болса,балалар сендердің де күн сияқты күлімдеген аналарың өздеріңді қалай еркелетеді екен соны білгім келіп тұр.
Дидактикалық ойын « Төліңді тап»
Дәптермен жұмыс . « Төлдер айтысы» ертегісімен таныстыру
Төлдер айтысы» ертегісін тамашалайық. Экранға назар аударайық.
( музыка ырғағы ойналады және әр кейіпкер сөйлеген сайын үнтаспадан дыбыс шығарылып, әуенмен сүйемелденеді) Слайд көрсетіледі
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер қатынасты?
-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
-Лақ не айтты?
-Құлын не айтты?
-Бұзау не деді?
-Қошақан мен бота не деді?
Адам не деп жауап берді?
Сергіту

2. «Не қалай дыбыстайды»
Балалардың жауабын тыңдау. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Ешкі бақылдайды. (төлдерімен суреттері, дауысын шығару)

Төрт түліктің пірлері
Қой атасы – Шопан ата
Сиыр атасы – Зеңгі баба
Түйе атасы – Ойсыл – қара
Жылқы атасы – Қамбар ата
Ешкі атасы – Сексек ата

Шығармашылық тапсырма
Суреттерді пайдалана отырып, сөйлем құрау, сызбамен жазу
І топ Қой
ІІ топ Сиыр
ІІІ топ Жылқы

Лақ ______ ___________. Қой _______ ________ _________.

4. Тыйым сөздер
«Малды басынан ұрма»,

«Малды теппе,ақты төкпе»,

«Малға теріс мінбе»

5. Ойын «төрт түлікті шақыру»
«Бақташы ата келеді. Балалар, сендер бәрің де үлкен еңбек еттіңдер. Төрт түлік мал еңбек еткен адамның ғана қарнын тойғызады, азығын сыйлайды. Мен сендерге ризамын, сендер төрт түлік малдар туралы көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге «Төрт түлікті шақыру»- деген ойын ала келдім.
«Төрт түлікті шақыру»
Ойын шарты: Бақташы атай төлдердің маскасын балаларға таратып береді.
Балалар масканы киіп кейіпкерлердің роліне енеді. Пұшай-пұшайт дегенде қошақандар жүгіріп бақташының қасына жиналады.
Шөре-шөре - дегенде лақтар секіріп келеді.
Құрау-құрау - дегенде құлындар келеді.
Аухау-аухау - дегенде бұзаулар,
Көс-көс - дегенде ботақандар шауып келеді.
Шопан ата: Менің өрісте толы малым бар. Мен енді жайылымға қайтамын.
Қорытындылау:
- Біз бүгін қандай ертегімен таныстық?
- Сонымен балалар, төрт түліктің қандай пайдалары бар екен?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.