Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түлік  туралы сабақ -

Түлік туралы сабақ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1289 | Размер: | Автор: гость
. Шындалиева Гүлнара Аманкелдіқызы,
№50 « Жеңістің 50 жылдығы »жомкмм бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы:Түлік туралы сабақ

Сабақтың мақсаты : Өлеңді ырғағын келтіріп мәнерлеп оқып,негізгі идеясын ашу ,түліктің адам өміріндегі маңыздылығын анықтау.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді ырғағына келтіріп мәнерлеп оқиды,негізгі идеясын ашады, түліктің адам өміріндегі маңыздылығын анықтайды.
Әдіс- тәсілдер: «Ойлан, Бірік ,Бөліс », Ия, Жоқ» « Ассоциация әдісі» « Аквариум және балық» Тұжырымдамалық карта,Ойын.Үнін сал және шақыр ,Білім футболы әдісі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды төлдер суреттері арқылы топқа біріктіру.
1-топ. Қошақан .
2-топ. Ботақан .
3-топ.Құлыншақ.
Үй жұмысын сұрау . « Ойлан ,Бірік, Бөліс» әдісі арқылы .
Оқушылар үйге берілген Қараторғай мәтінінен түсінгендерін дәптерге барынша көп жазады .(Ойлан). Одан соң олар өз идеяларын жұбымен біріктіреді(Бірік )және соңында бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды.(Бөліс).
« Ия ,Жоқ» әдісі бойынша сұрақ –жауап арқылы үй жұмысын пысықтау.
№ Сұрақ-жауап. Ия Жоқ
1 Қамбар ата қарлығашқа ұя жасады ма?
2 Әңгіме қыс мезгілі жайлыма?
3 Қонағым қол басындай,мінезі қорғасындай қараторғай жайлыма?
4 Қамбар атаның үйшігі қарағайдың басындама?
5 Үйшіктің доңгелегінде көгершін отырма?
6 Қамбар атай шөп шапса қараторғай шегіртке қырадыма?

Жаңа сабақ.
«Ассоциация» автор жайлы мәлімет топтастыру.
Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында туылған.Ақын жазушы .Әзірет Сұлтан ,Семафор ашық,Екі заң атты драмасы .Ажалды жеңген алыптар,Берлин көшесінде өлең жинақтары . 1983 жылы қайтыс болған.
АКТ-дан көрсету.Жұмбақтар шештіру.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.(сиыр)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.(қой)
Қамыс құлақ ,тостаған тұяқ
Мінсең қанат ,сүті дәрі , еті тамақ.(жылқы)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Екі құлағы бар,
Иегінде сақалы бар.(ешкі)

Топтық жұмыс . «Аквариум және балық » әдісі бойынша жаңа сабақтың мазмұнын ашу.Оқушылар үлкен шеңберде тұрып 1,2 деп санайды . 1-лер сыртқы шеңберді, 2-лер ішкі шеңберді құрайды. Балалар төрт түлік жайлы не білетіндерін сыртқы шеңбердегілерге түсіндіреді. Егер ішкі шеңбердегілер түсіндіре алмаса жылжымайды. Ойын осылай жалғасады.

Тұжырымдамалық карта жасау.
1-топқа.Төрт түлік түрлерін ата.
2-топқа. Төрт түліктің пайдасы.
3-топқа.Төрт түліктің адам өміріндегі маңыздылығы.
Топтар жұмыстарын қорғайды, өз ойларын ортаға салады.
Топтар бір-бірін фигуралармен бағалап отырады.
Мал төлдері туралы түсінік.
Оқушыларға мал төлдерінің суреттері көрсетіліп, содан соң мал төлдерінің атын атап,әр төлдің суретін енесінің қасына апарып қояды.
Оқулықпен жұмыс. Мал төлдерінің аттары .
Түйе төлі-бота ,
Жылқы төлі- құлын .
Сиыр төлі- бұзау,
Қой төлі- қозы,
Ешкі төлі- лақ.
Ойын . « Үнін сал және шақыр» Қане, балалар өзіміз дыбыстап айтып көрейікші
Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Түйе боздайды. Ешкі бақырады. Жылқы кісінейді.
« Төрт түлігім ырысым» суреттер топтамасы бойынша топтарға тапсырма .
1-топқа .Түлікке байланысты мақал –мәтелдер .
2-топқа .Түлікке байланысты тыйым сөздер .
3-топқа. Түлікке байланысты эссе жазу.
Оқушылар топта орындап ,талдап ,жазғандарының мағынасын ашады.
1-топ.Мынадай мақал –мәтелдер жазды.
Мал өсірсең қой өсір ,
Өнімі оның көл-көсір.

Мал бақсаң сиыр бақ ,
Сүт кетпейді шарадан .
Түйе атасы –нар.
Ат адамның қанаты.
2-топ. Малды басынан ұрма .
Малға теріс мінбе .Малды теппе,
Ақты төкпе -деп ескерткен.

3-топ.Төрт түлік туралы эсске жазу.
Төрт түлік.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі төрт түлікке жатады. Түйе –төрт түліктің төресі. Оның еті –тамақ ,шұбаты-сусын ,жүні- киім.Жылқы –ер қанаты .Ол сезімтал ,талғампаз жануар. Жылқының жүйрігі , жорғасы болды.Сиырдың сүті пайдалы .Сүтінен айран,қаймақ ,құрт, ірімшік алынады. Қой мен ешкі –уақ мал.Қойдың
сүйікті шөбі –жусан. Жүнінен киіз басылады.Ешкінің сүті, түбіті пайдалы.


Қорытынды. Топтар бір-бірін фигуралармен бағалайды.
Балалар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.