.
.
Аширова Раушан Сейтхановна, Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1451 | Размер: | Автор: гость№11 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Түркістан қаласы
Тақырыбы: Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов
Мақсаты: Оқушыны Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңді түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді, ойын ашуға жағдай жасау, балаларды төрт түлік атауларымен таныстыру. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойын дамыту.
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер, постер, үлестірмелер.
Барысы: Ұйымдастыру
1. Сабаққа әзірлік
2. Шаттық шеңбер құру
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу
1. Берілген сурет қиындыларынан яғни мазайкадан суреттер құрастыру арқылы төрт топқа бөлу.
1 топ. «Қамбар ата» тобы
2 топ. «Ойсыл қара» тобы
3 топ. «Зеңгі баба» тобы
4 топ. «Шопан ата» тобы
2. Сұрақ -жауап жұмысын жүргізу
3. Әр топ өз топтарымен таныстырады
А) Топтың аты
Ә) Қай түліктің иесі
Б) Төлдерін ата
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
1. Қамбар ата не жасады?
2. Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? (Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай)
3. Бұл сөзді сендер қалай түсінесіңдер?
4. Атаның қонағы кім болып шықты?
5. Өздерің салған суретті әңгімелеңдер.
ІV. Әр топқа бір-бірден стикер тарқатып беру.
- Балалар стикерде ненің суреттері бейнеленген?
- Түліктердің суреттері.
- Олай болса, біз бүгін Асқар Тоқмағамбетовтің «Түлік туралы сабақ» атты өлеңімен танысамыз.
- Балалар, Асқар Тоқмағамбетов 1905 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген.
- Қазақтың көрнекті ақыны, әрі жазушысы. Оның «Бидай мен қаңбақ», «Түлік туралы сабақ» деген өлеңдері бар.
V. Оқулықпен жұмыс.
1. Іштей оқу
2. Мәнерлеп нақышына келтіріп, түсініп оқу
3. Жалғастырып, әр шумақтан керекті өзегін табу.
4. Сұрақ-жауап жұмысын жүргізу.
- Болат пен Марат неге таласты?
- Оларға кім қосылды?
- Болаттың сұрағына сен қалай жауап берер едің?
Болаттың сұрақтары: Қойдың неше түрі бар?
Сиырдың неше түрі бар?
Жылқының неше түрі бар?
Өлеңге және мына үлгіге сүйеніп Болаттың сұрағына жауап жаз.
- Қой атаулары: қой, қозы, тоқты, тұсақ, саулық, (ешкі-лақ, серке, теке)
- Сиыр атаулары: бұзау, тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажын.
- Жылқы атаулары: жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті.
VІ. Постермен жұмыс
Тапсырма: Әр топ өз шаруашылығы жайында айтып қорғайды.
VІІ. Сурет бойынша жұмыс.
Жылқы, сиыр, түйе, қой түрлерімен таныстыру.
1. Түйе түрлері: айыр өркешті түйе, нар, лама.
2. Қойдың түрлері: қаракөл, арқар, меринос, дегерес, гиссар, еділбай, роман.
3. Жылқы түрлері: ахалтеке, араб жылқысы, дон жылқысы, алтай жылқысы, қарабайыр жылқысы, буденный жылқысы.
4. Сиыр түрлері: қызыл сиыр, ақбас, алатау, тагиль, ярослав, холмагор.
VІІІ. Топтар берілген ұяшықтарды таңдайды.
Тапсырма:
1. Мақалдың жалғасын тап.
А) Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.
Ә) Сиырлының үйі – айран,
Сиырсыздың үйі – сырдан
2. Өлеңнің ұйқасын тап.
Маң – маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Шөл даланың кемесі,
Төрт түліктің төресі
Дертке дауа болатын,
Шұбаты бар киелі.
3. Сөзжұмбақ.
А) Жылқы төлінің атауларының бірі
Ә) Жыл атауынан құр қалған жануар
Б) Ешкі төлі
В) Сиыр сүтінен жасалатын тағам
Г) Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат
4. Ребустың шешуін тап. Суреттегі заттардың бірінші әріптерін пайдаланып сөз құра. Шешуіндегі сөзбен сөйлем құра, талдау жаса.
Шешуі жылқы
ІХ. «Кім жылдам» ойыны
Тапсырма: Бір минутта берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (Қой)
2. Қойдың төлі (қозы)
3. Мақалды жалғастыр: Тұлпар ер қанаты,
4. Сүттен жасалатын үш тағамды ата. (айран, ірімшік, құрт)
5. Қойдың иесі (Шопан ата)
6. Қой түрлерін ата (қой, қозы, тоқты, тұсақ, саулық)
7. Қой аузынан шөп алмас мағынасын ата. (жуас)
8. Жылқы төлі (құлын)
9. Қамбар ата қай түліктің иесі ? (Жылқы)
10. Жылқы түрлерін ата (жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті)
Х. Сабақты қортындылау. Оқушыларды жинаған стикерлері бойынша бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма: «Түлік туралы сабақ» өлеңін түсініп оқу, төлдер суретін салып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.