Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түр.Түрдің критерийлері. -

Түр.Түрдің критерийлері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1917 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
№10 Жалпы орта білім беретін мектебінің география және биология пәні мұғалімі
Алданазарова Камила Алданазаровна

Биология..9 сынып
§38.Түр.Түрдің критерийлері.
«Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түр, популяция, түрдің критерийлері мен олардың ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасау.
Міндеттері:
 Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
 есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
 пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
 өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;
 өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.

Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: тірек-конспект, интерактивті тақта, ООМ.

Сабақтың барысы:

Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме

1 кезең.
Ұйымдастыру
кезеңі Оқушылардың зейінін жинақтау:

Көшбасшыға сөз беріледі. ООМ
А Б В С Д Е






2 кезең.
Жетекші білім мен оқу амалда-
рын өзектендіру кезеңі Мұғалімнің жаңа тақырыпқа кіріспе жасауы
Эволюция нәтижесінде жаңа түрлердің түзілуі мен түрдің морфологиялық,физиологиялық, генетикалық, экологиялық (критерийлері) өлшемдері мен ерекшеліктері . Кіріспе жасауға 5 минут уақыт беріледі.



3 кезең.
Стандарттық және өзгермелі
жағдайларда
білімді қолдану
үлгісін құру

Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс
Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады.

Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталып, тақтаға жазылады:
1.Түр.
2. Микроэволюция.
3. Популяция
4. Дарақтар.
5. Критерий (өлшем)
6. Морфологиялық өлшем
7. Ежелгі өлшем
8. Сыртқы құрылысы.
9. Егіз- түрлер
10. Физиологиялық өлшем
11. Биохимиялық
12. Генетикалық өлшем
13.Дербес түр
14. Хромосома саны
15. Жыныстық оқшаулану
16. Толық жүйеленген бірлік
17. Түраралық будандастыру
18.Экологиялық өлшем
19.Түрлердің біркелкі таралу аймағы
20.Түрлердің аумаққа бытыраңқы таралуы
21. .Өлшемдер жиынтығы .
Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мәтінді оқу жылдамдығы:
1 бетке 3 мин.ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «-» таңбамен белгіленеді.
Біріншілік белгілеу.

Тірек сөздерді дәптерге жазуға 21 сөзге 2 минут 30 с уақыт беріледі.
Екіншілік белгілеу.
4 кезең
Білімді өз бетінше қолдану

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
Қарама-қарсы сұрақтар:
1.Түр дегеніміз не? (түр-тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі)
2.Түр ұғымының негізін қалаған ғалым(К.Линней)
3.Қазіргі заманғы түсінік бойынша түр дегеніміз
(Бұл сыртқы белгілері мен тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас ,біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып-популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен будан түзбейтін дарақтардың тобы)
4.Түрге тағы да қалай анықтама беруге болады
(Бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы)
5.Түрдің өлшемдерін атап айтыңдар
(морфологиялық, физиологиялық,генетикалық,экологиялық )
6.Морфологиялық өлшем дегеніміз не
(Бұл тірі ағзалардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ұқсастығы)
7.Егіз – түрлер дегеніміз не
(Бұл сыртқы айырмашылықтары айқын білінбейтін жануарлар немесе өсімдіктердің мүлде дербес түрлері)
8.Егіз түрлер қалай айқындалып, ажыратылады?
(Оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану арқылы ажыратады)
9.Бүгінгі күні негізгі болып есептелетін түр өлшемі? (генетикалық)
10.Адам түраралық будандастыруда қандай кедергілерді жеңді
( биологиялық кедергіні)
11.Жануарлардың түр аралық будандарының ең басты ерекшелігінеде, мысал келтіріңіз
( ұрпақ бере алмауы)
12.Түрдің таралу аймағына табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылатын өлшем (экологиялықі)
13.Түрлердің барлығы өзінің таралу сапасы бойынша неше топқа бөлінеді
(2)
14.Кез келген түр табиғатта қалай өмір сүреді? (оқшауланған дарақтар түрінде)
15.Таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін ,үнемі еркін шағылысатын бір түр дарақтарының тобы қалай аталады? (Популяция)
16.Түр иеленушілікті сенімді түрде анықтау үшін қандай өлшемді алу керек? (өлшемдер жиынтығының барлығын қолдану қажет) Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
5 кезең
Бақылау және өзін-өзі бақылау Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді.
5+30
Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін
30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады.
Осы тақырып бойынша
І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады, ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді.
Төртінші белгілеу .
6 кезең
Түзету және рефлексия Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген. Белгілеу саны 4-у болса бағалауға жеткілікті.
Бесінші белгілеу
барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8 кезең
Қорытындылау Тез және сапалы жұмыс жасаған, толық жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабаққа қатысып отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау. Барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. Барлық оқушы мадақталады.
ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 балдық шкаламен бағаланады.
9 кезең
Үй тапсырмасы §38.Түр.Түрдің критерийлері. Оқу, мазмұндау. Қосымша материалдар жинақтау, ізденіс жұмыстары

Тірек сөздер
1.Түр.
2. К.Линней
3. Популяция
4. Дарақтар.
5. Критерий (өлшем)
6.Морфологиялық өлшем
7. Ежелгі өлшем
8. Сыртқы құрылысы.
9. Егіз- түрлер
10.Физиологиялық өлшем
11.Биохимиялық
12. Генетикалық өлшем
13.Дербес түр
14. Хромосома саны
15. Жыныстық оқшаулану
16. Толық жүйеленген бірлік
17. Түраралық будандастыру
18.Экологиялық өлшем
19.Түрлердің біркелкі таралу аймағы
20.Түрлердің аумаққа бытыраңқы таралуы
21. Өлшемдер жиынтығы .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.