Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрлаулы мүшелер -

Тұрлаулы мүшелер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1997 | Размер: | Автор: гость
. Пәні:Қазақ тілі
Сынып:3 «А»
Сабақтың тақырыбы:Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты:Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері атты жаңа ұғым қалыптастыру.
1.Білімділік:Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзінде меңгерту. Бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту.
2.Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту,өз ойын тез,әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды сыйластыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, достыққа баулу.Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ребус, бағалау парақшалары.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, нұсқау, үйрету, жаттықтыру, ойын.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару. Оқушылар:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Мұғалім: Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, қазақ тілім – дей келе бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.
II. Өткен сабаққа шолу.Ребус шешу. Ребустың жауабы: «Астана».
Беделі зор бас қала
Бәйтерегі жас қала.
Ол қай қала? (Астана)
Бүгінгі сабағымызда Астана қаласына, яғни Астана қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасаймыз.
- Астанаға тез барғыларың келе ме?
- Пойызбен бе, әлде ұшақпен бе?
- Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.
Әр оқушы билеттің артындағы сұраққа жауап береді.
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Бастауыш дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
- Баяндауыш дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
- Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қойылады?
- Айдос бормен жазды деген сөйлемдегі бастауышты көрсет?
- Әсем қазақ биін биледі деген сөйлемдегі баяндауышты көрсет?
III. Жаңа сабақ.
а) Көркем жазу сәті.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық,
Көркем етіп жазайық – дей отыра көркем жазу сәтін бастайық.
Оқушыларға партада дұрыс отыру ережесін, дәптерді дұрыс қоюды ескерту.
«Астана» деген сөзді бір жолға жазып шығу.
ә)Бәйтерекке саяхат.
Оқулықпен жұмыс. 60-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқып, ұқсастықтары мен өзгешеліктерін анықтау.
Қар жауды. Бүгін жапалақтап қар жауды.
-Осы екі сөйлемде қандай ұқсастықтар бар? (екі сөйлемде де қар туралы айтылып, жауғанын білдіріп тұр)
-Ал, екі сөйлемде қандай өзгешелік бар? (айырмашылығы – бірінші сөйлем 2 сөзден, ал екінші сөйлем 4 сөзден құралған. Бірінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Ал, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылған)
-Яғни, балалар, қар жауды – сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан ғана тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.
-Ал, енді балалар, тұрлаулы мүшелерсіз екінші сөйлемді айтып көрейікші.
б)Ақордаға саяхат.
61-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тұрлаулы мүшелерді табу. Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көру.
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.
62-жаттығу.Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жазу. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу. Мәтінге ат қою.
Балалар Ақлима әжейге көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар отын жарды Ақлима әжей балаларға риза болды.
Сергіту сәті. «Пантомимикалық ойын». Үш қатардан үш оқушы шығып кеспелерде жазылған тапсырмаларды орындап бейнелейді. Оқушылар іс-қимылдың кім немесе не жайында екенін табуы тиіс.
1-оқушы: Ұшып бара жатқан құстың бейнесі.
2-оқушы: Сапта келе жатқан сарбаздың бейнесі.
3-оқушы: Шай ішіп отырған адамның қимылы.
в) Ханшатырға саяхат.
63-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазу. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу. Мақалдардың мәнін түсіндіру.
1.Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
2. Жаман жолдас жолда қалдырады.
64-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, мағыналық байланысына қарай ретімен айтып беру. Тұрлаулы мүшелерді табу. Қай ертегіден алынған сөйлемдер екенін табу.
1. Тырна түлкіге тамақ беріпті.
2. Құмыра түлкінің басына сыймапты.
3. Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.
IV. Бекіту кезеңі.
г) Тәуелсіздік монументіне саяхат.Венн диаграммасымен жұмыс.
V. Бағалау-рефлексиялық кезеңі.
Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.