Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау. -

Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1368 | Размер: | Автор: гость
. Пәні : Қазақ тілі Күні: 27.11.2015ж Сыныбы: 8
Шымкент қаласы № 120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қамбарова Нағима Шалғынбайқызының қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау.
Сілтеме Білім стандарты, қазақ тілі пәнінің бағдарламасы
Жалпы мақсаттар 1. 1.тұрлаусыз мүшеден алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, қортындылау.
2. 2.ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге баулу,өз ойын еркін жеткізуге баулу 3.
Міндеттері - .ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
- Оқушылардың уақытын тимді паудалануын дағдыландыру
- Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін – өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі Сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі.
Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.
Ақпараттық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді оқушы болып қалыптасуын қамтамасыз етіледі.
Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
Оқушылар іс-әрекеттер барысында бірін – бірі және өзін-өзі бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйренеді.
Ресурстар 8 -сынып қазақ тілі оқулығы. Астана «Арман - ПВ» 20102жыл. Электронды оқулық Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Интербелсенді тақта. Оқулық.
Негізгі идеялар Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
Сабақтың әдіс-дәсілдері Топтық жұмыс, Сұрақ - жауап, сын тұрғысынан ойлау. әңгімелеу,

Дерек көздер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың жүру барысы

Уақыты Мұғалімнің іс–әрекеті Оқушының іс-әрекеті

1.Топқа бөлу.
3 мин
Сәлемдесу
Сабақтың мақсат- міндеттерімен танысу Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып. Оқушыларды кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу.
Топқа бөлінеді
2. Үй тапсырмасын сұрау.
9 мин
Әр топпен 73 -жаттығу тексеріледі. Қосымша сұрақтар арқылы үй тапсырмасы сұралады.
Оқушылар өз топтарымен ойласып келісіп жауап береді.
АКТ арқылы сұрақ – жауап .
Сұрақ – жауап әдісі бойынша талдау
Жаңа сабақ
10 мин
Әр топта оқушылар сөйлем мүшелерінің ережесін, сұрақтарын, байланысу тұрлерін, шартты белгісін айтады. Сұрақ – жауап әдісі мен талдау жұреді.
4.Пікір талас үйымдастыру.
Проблемалық сұрақ
Фишбоун әдісі немесе балық сұлбасы
10 мин
«Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға кетіп барады.» деген тақырыпта үш топ сөйлем мүшелеріне талдайды. Әр топқа постермен жүмыс үсынылады. Топ болып дайындалап, өз пікірлерін қорғайды.
5.сергіту сәті 1мин Сергіту сәтін ұйымдастырады. Оқушылардың барлығы қатысады.
6.Қорытынды.
Синквейн әдісі немесе бес жолды өлең
10 мин
Бес жолды өлең
Бір сөзбен беріледі (зат есім)
Екі сөзбен сипаттау (сын есім)
Үш сөз жазу (етістік)
4 сөзден тұратын бір сөйлем
Тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз
Сұрақтарды оқи отырып ойлана жауап береді.
7.Үйге тапсырма беру және қорытынды бағалау
3 мин Тақырып бойынша түсінгендерін ой қозғау ретінде эссе жазу тапсырылады және жиынтық бағалары айтылып,қойылады.
Оқушылар үй тапсырмасын алады,өз-өздерін де бағалай алады табыс критерийлері арқылы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.