Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Төрле , төрле , Жаңа  жыл ! -

Төрле , төрле , Жаңа жыл !

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1994 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы : Төрле , төрле , Жаңа жыл !
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың дүниетанымын кеңейту , мәдениеттілікке тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі : плакаттар . шарлар , шырша , ойыншықтар .
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі .
1 – жүргізуші Армысыздар , асқар таудай ағалар , ақ жаулықты аналар !
2 – жүргізуші Сәлеметсіздер ме , сымбатты сіңлілер мен ақылды әпкелер !
Екеуі : Жаңа жылдарыңыз құтты болсын !
1 – жүргізуші Жаңа жылың құтты болсын , жас ұрпақ ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап .
Үлкенге ізет , кішіге көмек көрсетіп ,
Жақсы істермен көңіліңнің досын тап .
2 – жүргізуші Жаңа жылың құтты болсын , аталар ,
Сергек ұрпақ өздеріңнен от алар .
Қара нарлар , көтеріңкі жыл жүгін ,
Соңдарыңнан ере берсін боталар .
1 – жүргізуші Жаңа жылың құтты болсын , аналар ,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар .
Сендер барда дүниеге келеді
Ұлы ақындар , дүр ғалымдар , даналар .
2 – жүргізуші Жаңа жылың құтты болсын , бауырлар ,
Жарқырай бер , жас қалалар , ауылдар .
Кемелді елге кереметін табыстап ,
Тереңдерге кетіп жатқан тамырлар .
1 – жүргізуші Жаңа жылың құтты болсын , әпкелер ,
Сендерге еріп әрбір үйге бақ келер .
Сендерге еріп жақсылыққа серік боп,
Сендерге еріп іні , сіңлі тапты өнер .
2 – жүргізуші Жаңа жылың құтты болсын , байтақ ел ,
Жүректерге сөзін бүгіп айтар ер .
Бір – бір жасқа бәрімізді үлкейтіп ,
12 айдан кейін бізге қайта кел .
1 – жүргізуші Армысыздар , балалардың жақсы анасы ,
Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы .
Сіздер үшін бүгінгі сән менен сый ,
Сіздер үшін бүгінгі ән менен күй .
2 – жүргізуші Төрлет , кәне , Жаңа жыл ,
Үлестір құт – береке .
Көп қуаныш ала жүр ,
Көп болсыншы мереке .
1 – жүргізуші Әуелден жомарт серіміз ,
Асылын жырдың теріңіз
Білгіңіз келсе қазақты ,
Ән – күйін тыңдап көріңіз !
2 – жүргізуші Жаңа жыл – туған елдің даналығы .
1 – жүргізуші Жаңа жыл – дала ырысы , дала гүлі .
2 – жүргізуші Жаңа жыл – тұнық көзді тыныштықтың .
Бірге : Жаңа жыл – жаңа өмірдің жаңа жыры .
1 – жүргізуші Балалар , сендерге бір жұмбақ жасырайын , шешіп қөріңдер .
Жаңа жылым келерде
Әрбір үйдің төрінде
Шаттық пенен қуаныш
Ұялатар көңілге
Жарқырайды , жанары ,
Жауабын кім табады ?
Шешуі : шырша
2 – жүргізуші тікен – тікен , тік пісте ,
Қысы – жазы бір түсте .
Бұл не ?
Шешуі : шырша
1 – жүргізуші Дұрыс айтасыңдар , балалар .
Жап – жасыл шырша
Мектепте төрде .
Шыршаны құрса –
Керемет көрме .
2 – жүргізуші Жап – жарық шамдар
Жарқ етіп жандар .
Әр түсті шарлар
Суреттей сәні
1 – жүргізуші Айнала оны
Айтамыз әнді
Шыршамыз болмаса
Тойымыз біздің
Бола ма мәнді .
2 – жүргізуші Мәңгі жасыл шыршаның
Жақсын адам нұр шамын .
Жаңа жылды тойлаймыз
Жарқырап тек тұрса күн .
1 – жүргізуші дей келе құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Ғалымжан Жасталапұлына беріледі .
Ән : «Шырша жыры» орындалады .
2 – жүргізуші Ескі жыл қайдасың !
1 – жүргізуші Әне өзі де келе жатыр !
Бірге : Қош келдіңіз , ескі жыл .
Ескі жыл : Қымбатты балалар , Жаңа жылдың да дабылы қағылды . Ендеше менің де өздеріңмен қош айтысар уақытым жетті .
Ескі жылда есіркеп ,
Жаңа жылың жарылқап
Елде болсын тыныштық ,
Бейбіт күнің жарқырап !
Қоштасамын бүгін мен
Сіздерді қимас көңілмен .
Тармхтың еніп қойнына
Айтамын жүрек сөзін мен :
Келер «Қой» жылына
Тыныштық пен бейбіт күн
Болсын деп тілеп әманда .
Уақытым бітті тұрмаймын ,
Қоштасып қол бұлғаймын .
Қош сау болыңдар !
Барлығы : Сау бол , Ескі жыл ! Біз сізді ұмытпаймыз !
1 – жүргізуші Өткен жылмен өкпесіз жоқ қоштасып ,
Қойменен енді солай достасып ,
Бар бақытын осы өмірдің көрейік ,
Ғасырменен бірге қайнап астасып .
Ән : Сағындық Мадина
2 – жүргізуші Алақай – алақай !
Жыл келді шапқылап ,
Қанеки , қарсы алайық жақсылап !
1 – жүргізуші Келді міне жаңа жыл аппақ болып ,
Ән болып , жұмбақ болып , тақпақ болып .
2 – жүргізуші Аулымыздың тұсына қонып жатыр ,
Аяз болып , мұз болып , қатқақ болып .
1 – жүргізуші Жаңа жылдың алдында ,
Барлық бала жанында .
Жүрсін деген тілекпен ,
Бүгін бізге дөп келген .
Танысайық келетін ,
Қой деген жылменен .
2 – жүргізуші Кел , Жаңа жыл , төріме ,
Тыныштық әкел жеріме !
Ырыс – құт әкел еліме ,
Кел , Жаңа жыл , төріме !
1 – жүргізуші Қош келдің , Жаңа жылым ,
Көп болар жаңалығың ?!
Бірге : Қонысың құтты болсын қой жылы ,
Қонарсың мектебіме ырыс болып .
Жаңа жыл : Рахмет балалар ! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет ! Биылғы жыл мені де қуантар деп ойлап келдім .
Өзіммен бірге тарихымды арқалай келдім . жақсылығымды ала келдім .
Ендім бүгін төріме ,
Жақсылық себеп көңілге
Бейбітшілік пен ырыс – құт
Әкелдім биыл еліңе .
2 – жүргізуші Жаңа жылым бірлік берсін еліме ,
Береке мен ырыс келсін жеріме !
1 – жүргізуші : Аяз ата мен Ақшақар кешікті ғой . Бәлкім біздің мектептегі шырша тойын ұмытып кетті ме екен ?
2 – жүргізуші : Аяз ата келе жатыр асыға ,
Аппақ қардай немересі қасында .
Дорба толы базарлығы тағы бар ,
Ән – жыр айтқан кенеледі шашуға .
1 – жүргізуші : Ендеше Аяз ата мен Ақшақарды адаспай жылдам жетсін , дауыстап шақырайық .
Барлығы : Аяз ата ! Ақшақар !
Аяз ата : Амансыңдар ма , ұлдарым ,
Амансыңдар ма , қыздарым ?
Қандай көркем қырларың ,
Қандай әсем жырларың !
Асулармен алыстым ,
Асау желмен жарыстым ,
Тойларыңа асығып ,
Өздеріңмен табыстым .
Ақшақар : Сәлем , асыл достарым ,
Сендерге тілек қосамын .
Шырша тойын жасайық ,
Тойлап көңіл ашайық .
Балапан өсіп құс болар ,
Жақсыдан жақсы іс қалар .
Қой жылы халыққа
Зор қуаныш құт болар .
( Аяз ата бата береді )
- Құтты болсын Жаңа жыл ,
Елге бақыт әкелсін .
Жаратқан жалғыз Алламыз
Несібені мол берсін .
Білім қуған жастарға
Мұратқа жетер жол берсін .
Ақпейілді жандарға
Шаттық өмір , дем берсін .
Ауру , сырқау адамға
Құлан таза ем берсін .
Әумин !
Аяз ата : Айналайын , балалар ,
Сыйлық толы шанам бар .
Сендерге сыйлық әкелдім ,
Өнерлі бала ала алар .
2 – жүргізуші : Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Жаңалық ізде сен
Жаңа ән , жаңа жыр ,
Жазып бер бізге сен .
1 – жүргізуші : Жаңа жылды қарсы алып ,
Жасаймыз той жылда біз .
Жарқын , жарқын ән салып ,
Жалғасады жырға жыр .
2 – жүргізуші : Құрметті Аяз ата мен Ақшақар сіздердің құрметтеріңізге ән айтып , би билейміз .
1 – жүргізуші :Кезекті әр сыныптың дайындаған әндеріне береміз
5 – сынып ән
2 – жүргізуші : өлеңде әзір , әнде әзір ,
Ойын да әзір , бәрі әзір .
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл , жаңа жыл .
6 – сынып би
1 – жүргізуші : Көңілде жұбаныш ,
Тасысын береке .
Жаңа жыл – қуаныш ,
Жаңа жыл – мереке .
7 – сынып әзіл
2 – жүргізуші : тамаша сый алып
Келді аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән айтамыз .
Ән :6 - сынып
1 – жүргізуші : мектебіміздің бишілерін шақырамыз
Қошеметпен , құрметпен қарсы аламыз
Бишілеріңіз ырғалтып би билетіп
Қол соғып биік шыңға самғатамыз .
Деп бишілерді ортаға шақырамыз .
Би :7 – сынып
2 – жүргізуші : қуанышпен шаттыққа кенелейік ,
Жадырап ән шырқап тербелейік
Төрле төрле халқымның құтты жылы !
Бәріміз дөңгелене би билейік .
Әзіл : 5 – сынып
1 – жүргізуші : Жаңа жылым, жаңа жауған қардай бол
Жақсы тілек адамдарға арнай бер
Қуат алып жыл сайын арманым
Биіктерден биіктерге самғай бер
Ән : 7 - сынып
2 – жүргізуші : Жаңа жылда жаңартамын үй ішін
Жаңа жылдық жаңа көңіл -күй үшін
Шырша тігіп , ойыншықтар ілемін
Жарқыратып бөлменің бір мүйісін
Би: 5 - сынып
1 – жүргізуші : Жаңа жылды бәрің мендей тойлаңдар ,
Туған елге жақсы тілек ойлаңдар
Қаңтар айын жаңа жылдай қабылдап
Бұрқыраған боранымен ойнаңдар .
Әзіл : 6 – сынып
Ақшақар : Кәне тағы өлең , тақпақ айтыңдар ,
Жаңа жылдық сыйлық алып қайтыңдар .
Аяз ата : Ал, балалар , біз Ақшақар екеуміз тамаша демалдық . Ойнадық , ән айтып , би биледік . Біздің баратын жеріміз көп . Сендер сияқты бүлдіршіндер тағатсыздана күтіп отыр . Рұқсат етсеңдер біз қайтайық . Сау болыңдар !
Ақшақар : Келер жылы кездескенше !
Барлығы : Сау болыңыздар Аяз ата , Ақшақар .
2 – жүргізуші : Өтсін жақсы жаңа өмірдің күндері ,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі .
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары ,
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі .
1 – жүргізуші : Жаңа жылда жақсылық болсын ,
Әр үйге құт , береке қонсын !
2 – жүргізуші : Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз .
Бірге : Жаңа жылдарыңыз құтты болсын !
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.