Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Төрт ана» М. Шаханов -

«Төрт ана» М. Шаханов

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4079 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Нышанбаева Гүлвира
Сүндетқалиқызы
Ғани Мұратбаев атындағы
жалпы орта
мектебі КММ бастауыш
сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Төрт ана» М.Шаханов
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділігі:М.Шахановтың өмірі туралы мәлімет бере отырып,“Төрт Ана” өлеңін оқып мағынасын ашу.
Ә)Дамытушылығы:оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеп, тілді құрметтеуге, әдеп-ғұрыптарды және тарихымызды тереңінен білу. Өзіне тірек болатын тілін, салт-дәстүрін қастерлеу.
Сабақтың түрі:Дамытушылық сабақ.
Пән аралық байланыс:Қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка.
Сабақтың әдісі:мәтінмен,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:М.Шахановтың портреті,топтастыру әдісі,үлестірме қағаздар,интерактивті тақта,жауап белгісі, «бес саусақ» бағалау парақшасы,ойындар «Тиінге азық жинау», «Адасқан сөздер»
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп,топқа бөлу.
2. Психологиялық дайындық:
Оқушылар тақтада көрсетілген смайликтің бет бейнесін көрсету.
3.Үй тапсырмасын пысықтау.
«Құстардың айтысы» ертегі.
Ойын: «Тиінге азық жинау»
1. Торға қандай құстар түсті?
2. Құсбегі деген кім?
3. Құстар тордан босанудың қандай жолын ақылдасты?
4. Бірлік туралы мақал айт?
5. Көгершіндер қандай сөздер айтты?
6. Ертегі соңы қалай аяқталды?
4.Жаңа сабақ
Слайд көрсету.
Мұхтар Шаханов жайлы қысқаша деректер:
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2-ші шілдеде Оңтүстік Қазақстан Облысы, Төлеби ауданы, «Қасқа су»селосында дүниеге келген.1969 жылы «Оңтүстік Қазақстан»институтын бітірген.
Қазіргі таңда «ХХІ ғасыр және Руханият»атты халықаралық лига клубының президенті.
Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта 72 жаста. Ақынның ұстанымы – халықтың көзін ашу.

5. Оқулықпен жұмыс:
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
2. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
6.Топтарға ат беру
1-топ Туған жер
2-топ Туған тіл
3-топ Салт-дәстүр
4-топ Туған тарих
7.Топпен жұмыс
I . Туған жер (Мақал-мәтел)
II . Туған тіл (Өлеңді мәнерлеп жатқа айту)
III .Салт-дәстүр (Бата сөздер)
IV .Туған тарих (Еліміздегі тарихи оқиғалар)
8.Сабақты қорытындылау
Ойын: “Адасқан сөздер”
Берілген сөз тіркестерін тақырыпқа сай жапсыру.
Отан,ауыл,ана тілі,бесікке салу,Мақтарал,қазақ тілі,отбасым,сүндет той,Астана,Байтерек,өнер алды-қызыл тіл т.б.
9.Мағынаны тану:Сын тұрғысынан ойлау.
Туған тарих.(жасыл түс)
Туған тіл.(қызыл түс)
Салт-дәстүр.(сары түс)
Туған жер.(көгілдір түс)
10.Оқушылармен жұмыс:
Сұрақ-жауап
1. М.Шаханов кім?
2. “Төрт ананы” ата?
3. Ақын неше жаста?
4. Ақын қандай өлеңдер жазған?
5. “Достық өлкесінде“ өлеңінің ең соңғы шумағын жатқа айт.
11.Ән:
«Туған күн кешінде»
12.Үйге тапсырма: “Төрт Ана” жатқа айту.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.