.
.
Төрт түлік мал Төрт түлік мал
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2553 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты: балалардың төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту. Төрт түлікке не жатады? Малдың атаулары жайлы білім беру. Төрт түлік малды қадір тұтып, күтіп баптауға, төрт түлік туралы айтылған ұлағатты сөздерді зердеге тоқуға тәрбиелеу.
Методикалық әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекі-құралдар: төрт түлктің суреті, текшелер, жолақшалар, ұлттық ойыннның көрнекі жабдықтары, үлестірмелі суреттер.
Байланыс: тіл дамыту сабағын, айналамен таныстыру, сауат ашу, есеп, дене тәрбиесі, имандыққа тәрбиелеу, ән-муыка, бейнелеу сабақтарымен ұштастыру.
Жаңа сөздер. Барысы
Балалар біздің ұлтымыз қандай?
– Қазақ.
Қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығы туралы әңгімелеу. Ерте заманнан мал өсірумен шұғылданған. Көлік ретінде де пайдаланған. Төрт түлікке қандай малдар жатады? Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі.
Ата-бабаларымыз жылқы, түйе мен сиырды ірі қара деп, ешкі мен қойды ұсақ малдар деп атаған.
Ешкі атасы – Сексек ата.
Сиыр атасы – Зеңгі баба.
Түйе атасы – Ойсыл қара.
Қой атасы – Шопан ата.
Жылқы атасы – Қамбар ата
Төрт түліктің бізге қандай пайдасы бар?
Жылқы, түйе – бізге жесек ет, сауып ішсек қымыз, мінсек көлік, керекті жерімізге қиналмай-ақ жетіп барамыз.
Сиыр – сауып ішсек сүт, сүтінен май, құрт аламыз, жесек ет болады.
Қой, ешкі жүнінен киім тоқып киеміз, сүті мен етін жесек тамақ болады.
Төрт түліктің баласын қалай атайды?
Төрт түліктің баласын «төл» деп атайды.
Түйенің төлін – «бота».
Сиырдың төлін – «бұзау».
Ешкінің төлін – «лақ».
Қойдың төлін – «қозы».
Жылқының төлін – «құлын» деп атайды.
Түйе қалай дыбыстайды?
Түйенің төлін еркелетіп «ботақан» дейді:
Мө, мө деген әні бар,
Енесін тез сағынар.
Жібек жүнді ботақан
Мөлдір көзді жануар.
Ешкінің төлін еркелетіп «шұнақ» дейді:
Мә, мә деген әні бар,
Байқамасаң жамырар.
Селтеңдеген лағым,
Бір тынымсыз жануар.
Қойдың төлін еркелетіп «қошақан» дейді:
Мә, мә деген әні бар,
Жібек тоны сәні бар.
Қошақаным момақан,
Сүйкімді бір жануар.
Жылқының төлін еркелетіп «құлыншақ» дейді:
Күмбір-күмбір әні бар,
Желкілдеген жалы бар.
Желдей жүйрік құлыншақ,
Желмен шапқан жануар.
Сергіту жаттығуы: «Төлдер» әні.
Дидактикалық ойын: «Жұбын тап»
Тақтада жайлаудың суреті және сол суретте төрт түлік төлінен адасып қалған сюжет бойынша балалар кезек-кезек шығып төлдерді түліктердің жанына тауып орналастыру керек.
Реттік санау бойынша тұра және кері санау арқылы «Нүктені қос» ойынын ойнайық.
Бәріміз бірігіп санамақ ойнайық!
Бір дегеніміз баспақ,
Бұзаулар жүр бастап.
Екі дегенім ешкі,
Ешкі қойдан есті.
Үш дегенім үйрек,
Жем бер қолға үйрет.
Төрт дегенім тайлақ,
Тайлақты қой байлап.
Бес дегенім бие,
Құлынына ие.
Алты дегенім атан,
Желіп жүрген атам.
Жеті дегенім жорға,
Жорғаны мін жолға.
Сегіз дегенім сиыр,
Сиыр тұзға үйір.
Тоғыз дегенім тоқты,
Тоқты жемді соқты,
Он дегенім осы,
Төрт түліктің досы.
Балалар тыңдаңдаршы бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты. Бәріміз есікке құлақ түре қоялық. Сол кезде есіктен Жұмбақбай ата кіреді.
– Сәлеметсіңдер ма балалар, бүгін сендер төрт түлік жайлы әңгімелеп жатыр екенсіңдер. Енді мен сендерге төрт түлік туралы жұмбақтар жасырайын:
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар /түйе/.
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбесіп келеді /аттың екі құлағы, төрт аяғы/.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Екі шыбыртқышы бар /сиыр/.
Мұғалім: жақсы Жұмбақбай ата енді сіз біздің балалардың өнерлі де
тапқыр екенін байқаған шығарсыз. Енді сіз бізбен бірге балалардың өнерін көріңіз!
Ал мен ауызша есеп айтайын:
Әйгерім дүйсенбіде әжесіне қонаққа кетіп сәрсенбіде оралды.
Қонақта неше күн болды?
Сиырда неше аяқ бар?
Жылқыда неше құлақ бар?
Түйеде неше өркеш бар?
Ешкіде неше мүйіз бар?
Ал енді балалар біз төрт түлікті бейнелейік.
Қорытынды.
Гүлшат Ержанқызы Кебекбаева, Алматы облысы Райымбек ауданының Тоғызбұлақ ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.