Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Төрт түлік туралы жырлар -

Төрт түлік туралы жырлар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2729 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жылысу ауылы
М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Байсынова Айнұр Сатыбалдиевна
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар
Сабақтың мақсаты: Төрт түліктің пірлерімен таныстыру, жануарлардың
пайдасын ұғындыру. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту түралы түсініктерін кеңейту. Үй жаунарларын танып білу .
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру,
тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке,
еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар,
ойын түрлері.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: Оқыту, түсінігін айту, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт:
Көк байрақтың астында
Жайнап өскен баламыз
Отан үшін күрескен
Батырлардай боламыз
Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар бүгін сайыс сабақ өтеміз .Ол үшін үш топқа бөлінеміз .
І топ - Ботақан 2 топ - Қошақан 3 топ -Тұлпар
Үй тапсырмасын тексеру.
1. «Кім жылдам » ойынын ойнаймыз.
1. Әліппенің атасы кім?
2. Өнер білім бар жұрттар өлеңінен бір шумағын айтып бер?
3. Туған тілім?
4. Мақал-мәтел?
5. Оқуға шақыру
6. Жылқы бағатын кісіні кім дейміз?
7. Бостандық таң атты?
8. Төрт түлік пірлерін ата?
Сонымен балалар,сиыр малының бізге қандай пайдасы бар екен?

Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.
- Ал, жақсылап қараңдаршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ?
- Мына жұмбақты шешіп көрейік.
Жұмбақ
Иір –иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
- Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
2. Жаңа сабақ:
Бүгінгі өтетін сабағымыз «Төрт түлік туралы жырлар». Біздің ата бабаларымыз төрт түлік малды бағып, сонымен күн көрген . Төрт түлік малға арналған тапсырма бар. Мына тірек сызбаларда сиыр, қой, жылқы, малдарының қандай пайдасы бар екенін жазып шығасыңдар.
3. Ал балалар төрт түлік туралы жырларды кім біледі?
Балалар айтып шығады.
Дәптермен жұмыс
Сүттен жасалынатын тағамдар.
Еттен жасалынатын тағамдар жазыңдар.
Қортындылау:
Сұрақ-жауап.

Қой
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айрылса,
Қоймай ұзақ аңыраған .

Аппақ қою, сүті бар,
Ақ шағала құрты бар,
Ақтылы қай жануар .

Торы құлын
Жағы қалақтай,
Мойны садақтай,
Төбелі жұлдыздай,
Жүні құндыздай,
Жалы жібектей,
Саны білектей,
Көзі моншақтай,
Өзі жұп жұмыр,
Даусы шіп-шіңкір,
Басы құп - құлдыр ,
Жұтынып жүруші еді,
Бұлтиып тұрушы еді,
Далаға шығып ап,
Құрығын тігіп ап,
Асырды салареді,
Айнала шабар енді.

Сиыр
Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Керілген желін, сала емшек,
Сауғанда жанын сүйсінген,
Ірімшік пенен құтты майы,
Жегенде тілді үйірген .

Түйе
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Екі өркешін қам басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Тілін тіккен теспеген,
Мұрындағы келіскен,
Алабота жиені
Ашуы тұрай тірескен,
«Шөк» дегенде «бық» деген
Шешіп үйін жүктеген.

IV. Бағалау:
V. Үй тапсырмасы:
1) Торы құлын. Сиыр жырларын мәнерлеп оқу.
2) Төрт түлік туралы эссе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.