Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсідік тұғырым -

Тәуелсідік тұғырым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1433 | Размер: | Автор: гость
. Тәуелсіздік тұғырым.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Ақбастау елді мекені
«Ақбастау» жалпы орта мектебінің
қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сейтметова Бибигул Асановна
«Тәуелсідік тұғырым»атты ашық тәрбие сағаты
11-сынып

Мақсаты:Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.

Барысы:
1. Кіріспе.
2. Тәуелсіз ел-Қазақстан.
3. Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
4. Тарихи оқиғалар тізбесі.
5. Желтоқсан құрбандарына тағзым.
6. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер
7. Қорытынды.

1. Кіріспе
Тарихқа көз жүгіртсек қазақ –нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп- қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болсын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық..

1¬¬-жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар!
Еліміздің егемендік алуы,халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты,бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп,серпін ала келді.Ол – баршамыз бейбіт өмірде,еркіндікті аңсаған ақ ниет,ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі-16 желтоқсан-тәуелсіздік күнімен құттттықтаймыз. Қанша жыл, ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі.

1-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды, үміт те
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!

Оқушы
М. Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,
Мазмұны жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да

Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес –күрестердің ұлысы!

2-жүргізуші:
Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған
Жете алмай құрбан болды қанша адам.

1-жүргізуші:
Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

2-жүргізуші:Иә,қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.1836-1838жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды.

2-жүргізуші:1925-23 жылдары Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь»саясатын жүргізді. Елді аштық тығырығына тіреп,негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел айырылып,Қазақстанда тұратын 2 млн. қазақ аштықтан қырылды.

1-жүргізуші:1986 жылдың желтоқсаны.
Атыраудан Алтайға,Сарарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп дүрбелең жайылды.Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарына қыл шылбыр салынды.Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.Бастарына қара бұлт үйірілді.

2-жүргізуші:Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар еліккеннен,еріккеннен шыққан жоқ,алдына мақсат қойып шықты. «Ұлтшылдық», «бұзақы», «арамтамақ» тәртіпсіздікті «ұйымдастырушылар»деген жалғаннан ойлап тапқан жала бүкіл совет еліне таратылды.Қазақ ұлтшыл халық деген атқа қалды.

Оқушы:
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн
Қыранды қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.

Оқушы:
Нашақор деп,ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.

Оқушы:
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын
ОМОН-дар бастан тепкен күн.
Оқушы:
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн
Аппақ қар қанға боянып
Қып қызыл мұз боп жатқан күн.

Оқушы:
Қайғы езіп елдің еңсесін
Жаншыдау жанын батқан күн
Енді қайтып келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.

1-жүргізуші:
Түн, бірақ бұл түн өзгеше еді.Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып-соғып,өлімше халге жеткізді.Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар.Халық басына төнген осы бір сәтті от тілді,қайсар ақын Қайрат былай суреттейді:
Екі жүзің қырылып,
Екі жүзің ұрылып,
Екі жүзің сотталып,
Жоқтаусыз кетіп барасың!-деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы,жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғары ату жазасына іліккендердің бірі.

2-жүргізуші:Көрініс.

Ортаға бір топ қыз -жігіттер шығады.
-Қыздар, мен газет әкелдім!
-Қане, не жаңалық бар екен?
-Пленум болыпты.
-Қонаевты орнынан алды дейді.
-Онысы несі?
-Орнына кім болыпты?
-Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
-Қазақтан-ақ біреу қойсашы!

Жастар шуласып кетеді.
1-жүргізуші:
Осы шешімге қарсы халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтардың бірі-қазақ студенттері мен жастары алаңға шықты.Шеру бейбіт және саяси сиптта болды.Сонымен 16 желтоқсанда таңғы сағат 7-де Брежнев атындағы алаңда жастардың алғашқы тобы пайда болды.
Бір топ жастар « Менің Қазақстаным» әнін айтып шығады.
-Пленум шешіміне қарсымыз!
-Әр ұлтқа өз басшысы!
-Колбинді әкетсін!
-Қонаевтің өзі сөйлесін!
Оларды екінші топ ОМОН, милиция киімін кигендер қуып таратады.1-2 адамды ұстап алады.
-Қайрат!
-Қайрат!-деп топ шуласып тарайды.
Қайратты тергеуге әкетеді. «Сот залы»

-Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!
Сот:
-Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сот залына әкелінсін!
-Айыпталушы Қайрат Рысқұлбеков сіз озіңізге тағылған кінәні мойындайсызба? Қайрат Рысқұлбеков:
- Жоқ! Мен емес мойындамаймын!
Сот:
-Куәгер кірсін!
Куәгер:
-Мен Анна Светлановна сағат 10-дар шамасында Қайрат Рысқұлбеков Свицкийді өлтіргенін көрдім!

-Орындарыңыздан тұрыңыздар сот үкім шығарды!
Сот:
-КСРО Жоғарғы кеңесінің заңдарының 173-бабына сай Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілсін.

2-жүргізуші:
КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының шешімімен 1988 жылдың 28 сәуірдегі Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды.Алайда бұл хабар Қайратты қуантқан жоқ.

1-жүргізуші:Ж.Ә.Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

Оқушы:
Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1мин.орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.

Оқушы:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсап күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса қалдырған бақыт бұлбұлым.

1-жүргізуші:Би: «Қыздар биі»

2-жүргізуші:
Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы , Әнұраны бар.
Әнұранымыздың авторлары:Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,
Н.Назарбаев.

Оқушы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті.Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.
Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі.Күннің нұр шұғыласы- байлық пен берекенің ,тыныштық пен жылылықтың белгісі.
Қыран бүркіт –Тәуелсіздік белгісі.Өрнек-салт дәстүріміздің белгісі.
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

1-жүргізуші:Би: «Қаражорға»

2-жүргізуші:1991-2011 жылдар аралығында қандай жетістіктерге жеттік?
Оқушы:
1991 жыл Тәуелсіздік алған жыл.
Өзіңдікі туың да, от пен ауа, суың да,
Жаса,Қазақстаным!Белді бекем буын да.
Ұраның да жасасын!Құраның да жасасын.
Қанатың қайрылып,қыр арқаңнан майрылып
Егемен тәуелсіздіктен,қала көрме айрылып.
Оқушы:1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды.Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы.Елтаңбасы,Әнұраны қабылданды.БҰҰ-ға болып кірді.

Оқушы:1993 жылы 15 қарашада «Ұлыттық валюта» күні деп аталып,алғашқыҚазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалы суреттер басылып шықты.2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

Оқушы:1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.Талғат Мүсебаев Собз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

Оқушы:1995 жылы 30 тамызды Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.

Оқушы:1996 жылы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының 1 сессиясы болып өтті.

Оқушы:1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

Оқушы:1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы бұрынғы Ақмола қаласына көшті.Бұл күнде Астана жаңа сәулетті,соңғы сәнмен көркейтіп,өсіп келе жатыр.Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналып жатыр.

Оқушы:1999 жылы 10 қаңтар ППриздент сайлауы өтті.Қазақстан Республиаксының Призденті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

Оқушы:2000 жылы «мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
Оқушы:2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
Оқушы:2002 жылы. «Денсаулық жылы» деп жаряланды.
Оқушы:2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» деп жаряланды.
Оқушы:2004 жылы «Қасзақстан-Рессей» жылы болды.
Оқушы:2005 жылы рессейде «Абай жылы» аталып өтті.
Оқушы:2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.Атақты желтоқсан көтерілісіне 20жыл толды.
Оқушы:2007 жылы «Қазақ тілін қолдау»жылы.
Оқушы:2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астанада ынтымақ пен бірліктің символы ретінде Самит өткізілді.
Оқушы:2011 жылы 30 қаңтар-6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қаласында 7 қысқы Азиада ойыны өтті.
Оқушы:2011 жылы 3-сәуірде Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.
«Алға ,Қазақстан !» Хормен 3 рет.
Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.
Мұғалім:Міне егемендігімізді алып Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп , небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқына жақсылықпен жетістікке жетелеген ПриздентімізН.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстан халқына жолдлауы елдің тағамыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жолдауда еліміз жаңа серпіліспен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасының өркендетуге сендер де ат салысадыдеп сенемін.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

1-жүргізуші:
Туған жерді сүю-парыз
Сүю үшін білу-парыз
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетіне тұру-парыз

2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.