.
.
Шокеманова Гулжан Бахтыбаевна, Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1592 | Размер: | Автор: гость№90 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы
Сабақтың мақсаты : Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы туралы толық мағлұмат беру.
1.Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау, Мемлекеттің рәміздері мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:Топтық өзіндік жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың ой- өрісін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
3 Тәрбиелік: Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан, елін, жерін қорғай білетін жастарды тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары: графопроектор, карта, суреттер, слайд, тірек-сызбалар, стикер, маркерлер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс- тәсілі: Жигсо әдісі, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, Венн диаграммасы, топтық тергеу, оқыту үшін бағалау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі, Мемлекеттің рәміздері менТәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы түсінеді, мәлімет алады.
Қолданылатын модульдер: АКТ-ны қолдану; Сыни тұрғыдан ойлау; Оқытуды басқару және көшбасшылық; Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сыныпты 3 топқа бөлу. Қайта оралған есімдер туралы түсінік беру, сол арқылы топқа бөлу.
1. «Қасым хан» тобы.
2. «Тәуке хан» тобы.
3. «Абылай хан» тобы.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылығын ояту.
1.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болып кім сайланды?
2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президентінің инаугурациясы қашан өтті?
3. Қазақстанда заңсыз қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау ісі қай жылы басталды?
4. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауы Қазақстан Республикасы болып қашан өзгертілді?
III. Жаңа сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы.
Топтар тақырып бойынша жигсо әдісімен дайындалып презентация жасайды.
1. «Қасым хан» тобы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау тақырыпшасының мәнін ашады. Қабылданған құжаттың әрбір бабына тоқталып, мәлімет береді.
2. «Тәуке хан» тобы : Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің авторларына тоқталады, Мемлекеттік рәміздердің шығу тегі мен рәміздердің мәнін түсіндіреді.
3. «Абылай хан» тобы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы түсінік береді.
IV. Ой толғаныс:
Жаңа сабақ бойынша үш топқа сұрақтар қойылады.
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қашан қабылданды?
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң анықтаған мәртебесі қандай?
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін атаңдар?
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
5. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қай жылы, қай күні қабылданды?
6. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды?
Әр топ өз жауаптарын даярлайды.
V. Соңғы сөзді мен айтайын:
Жаңа сабақты бекіту.
Оқушыларға «Ыстық орындық» әдісімен сұрақтар қою.
Негізгі оқиғаларды кезектесіп, орындыққа отырып жылдам айту.
1. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қашан қабылданды?
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер әскері қашан құрылды?
3. 2006 жылы қабылданған қазіргі Әнұранның сөзінің авторлары кімдер?
4. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қанша бөлім, қанша тараудан тұрады?
VI. Бағалау. Рефлексия.
Оқушылар берілген бағалау парақшаларын толтырады
VII. Үйге тапсырма: Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы тақырыбын оқып келу. «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазу.
VIII. Рефлексия. Инсерт әдісі бойынша кері байланыс жазады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.