Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіз  елдің  ұрпақтарын  тәрбиелеу -

Тәуелсіз елдің ұрпақтарын тәрбиелеу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1195 | Размер: | Автор: гость
. Тәуелсіз елдің ұрпақтарын тәрбиелеу
Тараз қаласы
№47 орта мектебінің
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі
Таласбаева Г.Т.
Иә, ұстаз бола білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – мұғалімнің азаматтық борышы. Ол – өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам болуға тиіс. Өз ісіне болған сүйіспеншілік ғана оны қиын әрекетке қызықтырады, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Сондай болғанда ғана, бірнеше жас жүректе мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздардың ондай қадір – қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған ортамен әрбір шәкіртіне сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым – қатынас жасауында. Өйткені, ұстаздың қарапайымдылығы, мәдениеттілігі, сыпайылығы, жан – жақты білімі шәкіртке де, ата - анаға, жұртшылыққа үлгі өнеге. Қай уақытта болсын ұстаздың бар уақыты ізденіс үстінде өтеді. Ол білімін үздіксіз толықтырып отырады, шеберлігін шыңдайды, оқушының білімге деген ынтасымен өзіне деген сеніміне дақ түсірмеу үшін өмір бойы атсалысады.
Әл – Фарабидің мына сөздері әр ұстаздың шығармашылық ісіне берілген жоспары сияқты: «Ұстаз өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын болуы керек... Ол алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айтып бере алатын мейлінше шешен, білімге құштар жаратылысына әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарға да әділ болуы қажет. Қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ер жүрек болуға тиіс. Мұғалім, бір жағынан, бойындағы бар білгенін балаға береді, ал екінші жағынан, халықтың өміріндегі таңдаулы атаулыны өз бойына дарытып, осы таңдаулыны қайтадан балаға береді».
Мұғалім адам тәрбиелеуші, жас ұрпақтың санасына білім нәрін құйып, мінез - құлқына ірі адамгершілікті дарытушы. « Ұстаздың әр ісінің жемісті болып келуін одан шығатын нәтиже ғана шешеді. Ал нәтиже дегеннің өзі баланың тәрбиеленуіндегі ұстазының сөзіне әсерленіп, соны ұғынуы», - дейді М.Мұқанов.
«Білім – инемен құдық қазғандай» деп дана бабамыз текке айтпаса керек.Қазақстан білім беру жүйесін әріден бастасақ болады. Дүниеге Ыбырай ашқан мектептер, алғашқы оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар келді. Ыбырай, Ахмет т.б. қазақтың ұлы зиялыларының арманы: ұйқыда жатқан қараңғы қазақты ояту, көзін ашу еді. М. Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да мектебінің қандай негізде болуына барып тіреледі» деген пікірі сол заманға сай айтылған.
Әр елдің болашағы мектебінен басталары анық. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесі педагогика ғылымы мен озат тәжірибелердің басты бағыты болары даусыз. XXI ғасыр мектебін көптеген қиындық, кедергілерге қарамай, өркендету, оның сапасын арттыру тікелей мұғалімдерге байланысты.
«Мұғалім – мектептің жүрегі, әдістеме – оның тірегі». Біз, ұстаздар қауымы, мамандығымыздың қасиетті де құдіретті екендігімен мақтанамыз. Мақтанамыз, себебі біз «әлемге мұғалім болып жіберілген» Мұхаммед пайғамбардың салып кеткен сара да дара жолының мұрагеріміз, әлемнің екінші ұстазы – Әл-Фараби бабамыздың ізбасарымыз, ағартушылық қызметтің өшпес жұлдыздары – Ыбырай , Абай , Ахметтердің ұрпағымыз және де біз еліміздің ертеңгі жарқын болашағы – бүгінгі жастардың тәлімгер ұстазымыз.
Жаңа ғасырдың жеке тұлғасын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі басты назарда болып отырғандықтан елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның әлемдік білім кеңістігіне енуі мұғалімдер алдына жаңа талаптар , жаңа міндеттер қойып отыр.
Мұғалімнің жан-жақты білімділігі мен өз пәніне сүйіспеншілігі балаларды қатты еліктіреді. Мұның өзі сабақтың қызықты болуын, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі сыйлайтын, пәнін толық білетін және оның құндылығын жете түсінетін оқытушы өз сабағына немқұрайлы қарауға төзбейді. Ол барлық оқушыларды өтіліп отырған тақырыпты жете түсінуге жұмылдырады. Ол үшін ұстаз қауымы түрлі әдісті пайдалана отырып, «Оқу оқып, білім алу – менің ең қасиетті адамзаттық борышым, еліме қосатын үлесім» деген пікірді ұғындыруға тиіс.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың кеудесіне білім нәрін құятын – мұғалім. Жазушы Ғ. Мүсіреповтың сөзімен айтсақ:«Оқушы жастардың ең сенімді , сыр жасырмай айтатын адамы - мұғалім».
Ұстазды көргенде жеритін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу керек. Мұғалімнің қасына үйіріле топталып, ерекше ынтамен сабаққа дайындалып, қызыққан оқушыларды көру – ұстаз үшін де бақыт болуы тиіс. Сонда ғана еліміздің білім жүйесі биік нәтижелерге қол жеткізеді.
«Мұғалім – адамзат баласын жаңа сапаға көтеретін, оның болмысын өзгеріске енгізетін ғажап тұлға болғандықтан, бұған біз күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы қол жеткізуіміз керек» деген ұсыныс жасағымыз келеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.