.
.
Атырау қаласы М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің Тәуелсіздік - тұғырым
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1706 | Размер: | Автор: гостьмектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Есмаганбетова Мадина Қазыққызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік - тұғырым»
Мақсаты: Балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, елін, жерін, Отанын сүюге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сюжеттік суреттер, интерактивті тақта, слайд, шарлар, жалаушалар
Тәрбие сағатының жүру барысы:
Құрметті ұстаздар, ата- аналар, балалар! Бүгінгі мектепалды даярлық «Б» тобында өткізгелі отырған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіз елдің бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік туы көтерілгенде дүниеге келген әрбір қазақ перзенті, бүгінгі күні өзін тәуелсіз елдің ұланымын деп мақтанады. Тәуелсіздік – сенің абыройың, намысың, иығындағы қалқаның, маңдайындағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, балалар, Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер- дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді бастаймыз. Ендеше сөз кезегін шәкірттеріме беремін.
Жүргізуші: Сабина
Келген емес жайдан жай,
Жеңдік барлық езгіні,
Тәуелсіздік алған ай,
Жылдың қай мезгілі?
барбала: (Қыс мезгіл, Желтоқсан айы).
Жүргізуші: Еркебұлан
Тәуелсіздік жолында
Тапқан жолдың шешімін
Президенті қазақтың,
Айтшы қане есімін.
Барбала: (Нұрсұлтан Назарбаев)
Диас:
Тәуелсіздік келді деп
Оралды қайта салтымыз,
Баянды болғай енді тек
Бақытты біздің халқымыз.
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар,
Қыран ұшқан қалықтап
Кімнің туы біліп ал?
Барбала: (Қазақстан).
Алима:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Самия:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Мөлдір:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жүргізуші: Сабина
Біздің Қазақстан -Тәуелсіз Мемлекет. Отанымыз туған жеріміз жылдан жылға көркейе. түсуде.
Жүргізуші: Еркебұлан
Тұрса да биік өр басын, Қазаққа бақыт орнасын. Сексен алтыншы жылғыдай, Желтоқсан желі болмасын!
Сабина: Көрініс: « Тәуелсіздіктің ақ таңы»
Әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.
Әжесі: — Е…. тәуба! Бергеніңе шүкір…
Немересі: — Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр.Жүріңіз көрейік!
Әжесі: — Е,… е, жарығым, бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет қой! Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: — Әжетай, Тәуелсіздік деген не?
Әжесі: — Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың балам.Біздің кезімізде мұндай еркіндік болған жоқ.
Немересі: — Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші.
Әжесі: — Әй, балам — ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап басым айналады.аздап тынықпасам болмас.\ Әжесі мен немересі қисайып жата кетеді\
Немересі: \ көзін уқалап тұрады\ — Әже жап жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: — Е, ол сенің бақытың ,балам. Тәуелсіздігіңнің мәңгі жарық күні.
Немересі: — Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің ақ таңы атып келеді! \ Немересі сахнадан жүгіре жөнелді\
Фатима:
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде.
Айнара:
Асқар тау да сенікі
Бақша – бауда сенікі
Қалтықсыз доспенен
Қатал жау да сенікі.
Гүлназ:
Өзіңдікі туыңда
Отпен ауа, суыңда
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буында.
Әділхан:
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Қазақ биі: қыздар тобы
Ақниет:
Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Жанель Ш
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, бағалап.
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Данияр:
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-өлкем
Қазақстан-туған ел!
Жанель М:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-өлкең, аспаның.
Отан-досың, бауырың,
Отан-аудан, ауылың.
Сабина: Хор: Мен ауылға барамын.
Дамир:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабағы
Айша:
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл — халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Бекзат:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада-аспан әлемі.
Еламан:
Шырқап көкке аспан-ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Елордасы – Астанам!
Ануар:
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.
Хор: «Атамекен»
Жүргізуші: Сабина
Әрқашан бейбітшілік заман болсын,
Ел іргесі аман болсын.
Ертеңге жол ашатын, Бүлдіршіндер бақытты болсын
Еркебұлан: Осыменен, «Тәуелсіздік - тұғырым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.