Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұқым және жеміс. -

Тұқым және жеміс.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1273 | Размер: | Автор: Публикатор
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
Ақсу-Аюлы мекені
Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы КММ
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі
Ахметжанова Мақпал Амангельдиевна

Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тірек сызбалар, тест, жеміс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

• Психологиялық дайындық
• Шаттық шеңбер құру
• Топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру
а) Тамыр. Сабақ.Жапырақ

ә) көмірқышқыл газын оттегін бөліп шығарады
сіңіреді

Тыныс алады Ағашқа әдемілік сыйлайды.

Су буланады.

б)Өсімдік мүшелері:
Тамыр, сабақ, жапырақ,гүлі, жемісі

ІІІ. Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп-өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)

2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)

-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.
1-сыныпта өткен «Жеміс», «Тұқым» жайлы еске түсіру.
-Жемістің қандай пайдасы бар?
Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.
Жеміс- өсімдіктердің бізге тартатын сыйы.Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп баптасақ, мол өнім береді.
Ал жемістер қайдан шығады?
• Сызба арқылы түсіндіру:
Тұқым Өсімдік Жеміс

А) Жемістің түрлері
Жеміс

Шырынды Құрғақ

Шырыны мол, жұмсақ: Қабығы қатты, сүйектенген,
Алма, алмұрт, картоп т.б. құрғақ болады: арпа, күріш т.б.

Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)
В) Өсімдіктер тұқымдары арқылы таралады. Қайың, жөке, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалар» болады.

Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары түкті үлпілдек болады.шамалы жел соқса ұша жөнеледі.


Селеу , қара сұлы -желмен ұшады, үшкір ұштарымен жерге қадалады.



ІV. Оқулықпен жұмыс
-іштен оқу
-тізбектеп оқу
-сұрақ-жауап

V. Сергіту сәті.
Ағашта - жерде
- Алма,шие, өрік
- Картоп, сәбіз,
VІ. Сарамандық жұмыс
І топ. Алма тұқымын көрсету.

ІІ топ. Қиярдың тұқымын көрсету.

ІІІ топ. Күнбағыстың тұқымын көрсету.


(Тұқымдарын ажырату.)
• Шығармашылық жұмыс
Тұқымның суретін салу
VII. Сәйкестік тесті
1.Бұл не?
өнеді сабақ
өседі тұқым
көбейеді тамыр
қурайды гул

2.Қай бөлігі пайдалы?
картоп жемісі
қызанақ тамыржеміс
сәбіз дәні
бидай түйнегі

3.Өсімдіктің (тамыры, сабағы, жемісі) анықтау
• Жемістердің пайдасы
1.Алманың пайдасы-Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Алманы баршамыз жақсы көреміз. Ал алманың құрамында алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады.
2.Орамжапырақтың пайдасы-Капустаның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады.

• Сөзжұмбақ «Бақша»
VІІ. Сабақты бекіту.
а) «Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.
1.Тұқым мен жеміс өсімдіктің қандай мүшесі екенін айт?
2. Жапырақ қоректі қайдан алады?
3. Лимон жемістің қай түріне жатады?
4. Қарбыз жемістің қай түріне жатады?
5.Көкөністерді ата
6. Қайың,жөке ағаштарының тұқымдарының таралуы
7. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
8.Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?
9.Жапырақтағы жасыл бояу . .
ә) Ойын: «Жеміс жидек жинайық»

VІІІ. Экологиялық тапсырма.
1. Әдемі қызыл гүл көрдің. Не істейсің?
2. Табиғатты қалай қорғайсың?
ІХ. Үйге тапсырма.
1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.
2. Жемістердің суретін салу.
Х. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.