.
.
Батыс Қазақстан облысы Тұғыры биік тәуелсіздік
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1870 | Размер: | Автор: гостьЖаңақала ауданы Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ бастауыш сынып мұғалімі
Қаденова Асылгүл Қанатқызы
Тақырыбы: « Тұғыры биік тәуелсіздік»
Мақсаты:
а) Білімділігі:
«16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні»туралы мағлұмат беру, оның бүгінгі күнге дейінгі бастан өткерген және жеткен жетістіктері туралы мағлұмат беру.
ә) тәрбиелігі: оқушыларды желтоқсан құрбандарымен , олардың ерлігімен таныстыру, елін, жерін, Отанын, туған атамекенін сүюге тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: оқушыларды осындай бірнеше қиындықпен келген тәуелсіздіктің қадірін түсініп, ұлттық потриотизмге тәрбиелей отырып, дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қ.Р-ның рәміздері , желтоқсан оқиғасына қатыныасқан құрбандардың портреттері, нақыл сөздер, ширмалар.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Мұғалімнің құттықтау сөзі:
2. Шаттық шеңбері. (оқушылар шеңбер болып тұрады)
1-оқушы: Туым-теңдігім,
Елтаңбам-елдігім
Әнұраным-айбыным!-демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы,өз елтаңбасы, әнұраны бар.
Мұғалім: Қ.Р-ның мемлекеттік әнұраны орындалады.
Мұғалім: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді. Азат таң шығатынына кәміл сенді.Енді осы тарихи оқиғаларды еске түсіріп көрейік.
Тарихи оқиғалар...
1. 1970-1980 жылдары тілімізді күрмеді, қазақ тілі керексіз тілге айналды.
2. 1936-1937 жылдары қазақтың бас көтерер оқымысты, зиялы тобын сыпырып әкетті.
3. 1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең қырылған ұлттардың бірі қазақ болды. Олар өз жерлерін , Отанын қорғау жолында қанға боялды.
4. 1986 жылы азаттық іздеген қазақ жастарын қанға бояған жыл болды.
Мұғалім:
1986 жылғы 16-желтоқсан күні бұл – үлкен оқиға болғанымен, шын мәнінде тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» болып енді. Міне, осы көтеріліс 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізуімізге себеп болды. Желтоқсан оқиғасын қазақстанға отыз жылдай басшылық еткен Дінмұхаммед Қонаевты қызметіне алып, оның орнына оры с ұлты Колбинді бірауыздан сайлауы еді. Соған қарсы шығу мақсатында Алматы қаласында 1986 жылдың
17-желтоқсанында таңғы сағат 8-де Брежнев алаңына жастардың алғашқы тобы келді. Олардың саны 200-300 шамасында болды.Алаң қарақұрым адамға лық толды. Бәрі де қазақ жастары. Олар –студент қыздар мен жігіттер, жас жұмысшылар, оқушылар еді. Қолдарында «Қазақстан жасасын!», «Қазақстанды өз ұлтынан шыққан басшы басқарсын!», «Қазақстанды әркімге билетпейміз!» деген ұрандар жазылған. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті. Бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбандары: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова және Ербол Сыпатаевтар еді.
Міне, осындай ержүрек аға-апаларымыздың рухына , ерлігіне бас иіп , тағзым ету парызымыз –деп, 1 минут үнсіздік жарияланады.
Гүлнұр: Бойымда әлі бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым, жыр құрап.
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық мен ынтымақ.
Айнара: Басынан бұл қазақтың нелер өтті.
Жамандық пен жақсылық бәрі кетті
Жиырмасыншы ғасырды шыңдаған соң,
Аңсаған еркіндікке қолы жетті.
Оразмұхаммед: Шықты жастар тәуелсіздік аңсаған,
Қайратына, жігеріне тамсанам.
Қыршын кеткен талай буын күнәсіз,
Бас иеді ерлігіне барша адам.
Ернұр: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін ұлы күн
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп шалдардың.
Мадина: Аты әйгілі бұл – «Желтоқсан» шеруі
Қазағымның бір мәмлеге келуі
Қабыл болып, жастарымның тілегі,
Елімізге тәуелсіздік беруі.
Данара: Қазақ елі тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік үшін күресіп, опат болған боздақтарымыз: Асанқызы Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхамеджанқызы Сәбира, Ноғайбайұлы Қайратты халық ұмытпайды.
Аңсар: 16-шы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.
Мәди: Көк байрақ иілмесін,жығылмасын
Көзге жас,кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туың туды тіреп,
Қазағым сен қашанда тұғырдасың.
Бек: Сол тәуелсіз Отанымның аясы,
Болып отыр бірнеше ұлттың панасы
Барлық ұлттар бір шаңырақ астында
Бірлігі мен татулығын қарашы.
Дамир: Желтоқсаннан бастау алған теңдігі
Қазағымның өркендеді ерлігі
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ұмытылмас ағалардың ерлігі.
Ақбаян: Бостандықты бағалай біл, жас ұлан!
Келген жоқ ол оңайлықпен тосыннан
Тәуелсіздік сенің ұлы қазынаң
Қадірлей біл, дұшпаныңнан сен жасыман.
Нұртілеу: Аңсап халық көп күткен
Егеменді ел болдық.
Көңіл-күйі тоқ жұртпен
Тереземіз тең болдық.
Ералы: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба, жарқыра.
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!
Фариза: Тәуелсіздік-тірлігімнің айғағы,
Татулығым-бірлігімнің айғағы,
Сөгілмесе еліміздің іргесі,
Әлі де бар ұрпағыңның арманы.
Көрініс: «Желтоқсан оқиғасы»
Мұғалім: - Міне, тәуелсіз ел болу, тұңғыш президентіміздің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі-бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Тәуелсіздік жемістері:
Әлинұр:
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.
Жан:
1992 жылы 4-маусымда еліміздің рәміздері қабылданды.
Ақерке:
1993 жылы 12-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
Мирас:
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.
Нұрислам:
1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшіріліп, 1997 жылы Астананың тұсаукесер тойы болды.
Қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.