.
.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №2 балабақшасы» МКҚК Тәрбиеші: Ералиева Гульнара Абытқызы Табиғат біздің досымыз.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5097 | Размер: | Автор: гостьТобы: І кіші топ
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдер: Қоршаған ортамен таныстыру, сурет, жапсыру, тіл дамыту.
Тақырыбы: Табиғат біздің досымыз.
Мақсаты: Балаларға қоршаған ортаның тәжірбиелік және эстетикалық құндылығын көрсету,оны тануға деген қызығушылығын арттыру. Тірі және өлі табиғат туралы ұғым беру. Адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Табиғат көріністерінің және талдардың , таулардың жыл мезгілдерінің суреттері.
Билингвальді сөз: Природа наша друзья.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, бағдар беру.
Ұйымдасу іздену.
Кері байланыс тұжырымды нәтиже Психожаттығу.
«Шаттық шеңбері»
Балаларды шаттық шеңберіне шақырамын.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Сәлем саған-Жер ана!
Сәлем саған-Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз,
Қонақтарды көргенде
Амандасып аламыз.
Сәлеметсіздер ме! Апайлар
ІІ. Күндей жарқырап,
Айдай арайлап.
Жұлдыздай жайнап,
Судай мөлдір,
Таза көңілмен.
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.
1.Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекетінде «Табиғат біздің досымыз» тақырыбында әңгімелейміз. «Табиғат үшін жаралыпты, бар қызық табиғаттан таралыпты». Адам мен табиғат -әрқашанда егіз. Ата-бабамыз. «Жер қазына, су-алтын, мал-байлық» деп бекер айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, тамағымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз-бәрі табиғаттың сыйы. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөлуге болмайды. Балалар табиғат біздің досымыз.
2. Суретпен жұмыс
Көрдіңдер ме мына суреттегі балалар нағыз табиғаттың досы екен.
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін.
Қандай сұлу табиғат,
Тірліктің анасы.
Қорғай біл ей адамзат,
Ағаштардың бұтағын.
Көбейтіңдер жасыл алқап орманды,
Табиғатқа пана болар қорғанды.
Бергің оған бар нәріңді,
Күте білгің Жер –Анаңды.
Құстар біздің досымыз,
Біз қамқоршы боламыз.
Құстарға ұя саламыз,
Жем , су беріп жыл бойы
Балапанын бағамыз.
Өз үйің, өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
Ей табиғат балаңмен,
Ертеңіне алаңмын.
Табиғаты ғаламның,
Денсаулығы ғаламның.
Табиғатты сүю парыз,
Сүю үшін қорғау парыз.
Табиғатсыз күнің жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Күн күркіреп өткенде,
Нүр жаңбырды тосамыз,
Оны әнге қосамыз.
Дұрыс айтасыңдар балалар гүлмен, ағаштарды суғарып, сынған бұтаны байлап, түскен құстың балапанын ұясына салып, табиғатты аялайық.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел есіп.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
4. Ал балалар табиғат нешеге бөлінеді екен.
Иә, екі топқа бөлінеді.
Атап беріңдерші.
Тірі табиғатқа нелер жатады:
Өлі табиғатқа нелер жатады:
Тиым сөздер:
Тірі табиғат
Гүлді жұлуға болмайды-гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды-олар бізге таза ауа береді.
Құсты атуға болмайды-құс адамның досы.
Аңдарды қорғауымыз керек-олар біздің байлығымыз.
Жасыл шөпті жұлуға болмайды-ол біздің жерімізге көрік береді.
Өлі табиғат:
Күнімізді бұлт баспасын,
Бұлтпен жаңбыр жаусын,
Асқар тауларымыз биік болсын,
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ.
5. Жұмбақ шешу.
Көрікті жалғасып,
Пісетін өрігі.
Мейіз, алмасы
Қай мезгіл деп ойлайсын.
Жиы теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойлайсын.
Шанамен зырғырап желдетіп, Шаңғы,коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын.
Бұлтты айдап желдеткен
Нөрселетіп селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын.
Қай мезгіл деп ойласын.
Жарайсыңдар балалар жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Әр мезгілдің өз табиғат ерекшіліктері бар.
Мезгілдерге байланыс суретпен жұмыс, айларын атау.
-Ал, енді айтыңдаршы бізде қазір жылдың қай мезгілі екен?
6. Таңғажайып сәт.
Көктем мезгілі қонаққа келеді.
Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер мені шақырдыңдар ма?
-Саламатсың ба көктем, біз көктем мезгілі жайында жатқанбыз.
-Сен бізге қонаққа келдің. Көктем балалардың саған арналған тақпақтарын тыңдай отыр.
Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күніңмен.
Келді көктем қызыл-жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.
Көктем келді далама,
Көз тоймайды қараса.
Құстар қуантып,
Айнала қандай тамаша.
Көктем: Рахмет балалар, ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар.
Ақ сандығым ашылды.
Ішінен жібек шашылды.
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін.
Жылт –жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Көктем: Балалар жарайсыңдар жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Енді мен сендерге Табиғат ананың беріп жіберген табыстайын:
Қане балалар табиғат ананың хатын оқиықшыү
Хат сөзі: Құрметі балалар!
-Балалар мен сендердің өнеріл, ақылды, табиғатты сүйетін балалар екендеріңді білемін. Енді менің үш тапсырмамды орындаңдар.
1. Құстарға ұя құрастыңдар.
2. Бәйшешек гүлін қағаз бетіне желім арқылы жапсырыңдар.
3. Жыл мезгілдеріне сәйкес сурет сыңарын табыңдар.
Ал балалар табиғат ананың тапсырмасын орындайық.
Көктем: Балалар сендер тапсырманы мұқият тыңдап, дұрыс орындаңдар. Мына гүлдерді сендерге Табиғат ана сыйлыққа беріп жіберді. Енді мен Табиғат анаға барып,сендерді мақтайын. Сау болыңдар!
7. Ойын: Көбелектер мен гүлдерді түстеріне қарай топтастыр.
Мақсаты: Ойын шартын түсініп, қабылдау, түстерді ажыратуға баулу.
Көбелек-ау, көбелек,
Қонбай қайда кеттіңдер?
Гүлдер-гүлдер гүлденсің,
Көбелектер көп келсін.
Гүл қанатты көбелек,
Бақшамыздан кетпесін.
ІІІ. Рефлекция.
1. Табиғат әдемілігін сақтап қалу үшін не керек?
Жер, су, ағаш бір-бірінен байланысты ма?
2. Су болмаса жердің көркі бола ма?
Сақтайық жұрт қаламыздың сән-көркін,
Самғасын құ, асыр салсын аң ернін.
Жайнай берсін нұрлы көлдер, ормандар.
Бауырларымм игілігің сендердің.
Тиым сөздер:
-Гүлді үзбе
-Суға түкірме
-Құстың ұясын бұзба
-Ағашты сындырма
-Құсты атпа
2 Мадақтау.
Оқу іс-әрекетіне толық қатысқан балаларды мадақтау.
-Балалар ортаға шеңбер құрып тұрайық, табиғатымыз сұлу әсем болсын десек оған қамқорлық жасайық. Жүректен шыққан жылы сөздермен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтайық.
Күніміз ашық болсы!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Сау болыңдар! Құрметті апайлар!
Шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады. Өлең жолдарын қайталайды.
Амандасады.
Қабылдау, түсіну.
Табиғаттың байлығын сезіне білу.
Балалар суреттерді әңгімелейді.
Саяжан
Шұғыла
Елдос
Нұрай
Заңғар
Нұрсұлтан
Арайлым
Байжан
Айдана
Мазмұнына сай қимыл-қозғалыспен орындайды.
Екі топқа бөлінеді.
Гүлдер, ағаштар, құстар, аңдар,жасыл шөп.
Күн, бұлт,тау, тас, су, құм.
Альбина
Аякөз
Жаз
Күз
Қыс
Көктем
Топтық жұмыс
Көктем
Қарақат
Тілектес
Күн
Ауа
Су
Тапсырманы мұқият тыңдап, орындайды.
Қоштасады.
Ойынды қызуғушылықпен ойнайды.
Толғанай
Қайырымдылық
Байланысты
Болмайды
Інжубике
Ә.Айдана
Қуанады, сезінеді
Қоштасады
Күтілетін нәтиже
Білу керек: Тірі және өлі табиғатты ажырата білу.
Дағдылану керек: Адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап қорғауға.
Жасай білу керек: Құстарға ұя құрастыруға, бәйшешек гүлін жапсыруға, жыл мезгілдеріне сәйкес сурет сыңарын табуға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.