.
.
Г.Қ.Рүстембек, Табиғат сыйы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1341 | Размер: | Автор: гость№2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан Облысы
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат сыйы»
Сабақтың мақсаты: Балалардың «Табиғат» құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсінік беру;
- құстарға аялы қарым-қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
- табиғаттың аң-құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құстар үні жазылған үнтаспа, оқулық, дәптер, құстардың аты жазылған жұлдыздар, табиғат суреттері, плакаттар.
Шаттық шеңбері.
- Саламатсыңдар ма, балалар. Мен бүгін сендерді көргеніме қуаныштымын ! Бүгін сендер де ерекше әдемі болып кетіпсіңдер.
Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, яғни бізге қонақтар келіп отыр. Қанекей, сабағымызда күндегіден ерекше амандасайық. Сендердің екі қолдарың екі қанаттарың деп ойлайық, қанаттарымызды бір-бірімізге тигізейік.
(Балалар шеңбер болып тұрып, қолдарын тигізеді. Құстар дауысы естіледі).
Балалар: Д.Әлімжановтың өлеңін хормен айтады.
Тамаша көк жазығы таң қалғандай,
Үстінен жауса жауын нұр тамғандай.
Қызығып ішсең суын құмартасың,
Аузыңа кетпес дәмі бал салғандай.
Сабақтарымен таныстырып, «Табиғат сыйы» дегеніміз не ? деген сұраққа жауап береді.
Балалар құстардың суретін алу арқылы топқа бөлініп алады.
Екі топ өз тобының атын анықтағаннан кейін, әр топ өзінің құстарын атап шығады.
(Бейнетаспадан құстар суреттері көрсетіліп өтіледі)
1-топ – «Үй құстары»
2-топ – «Дала құстары»
Мәтінмен жұмыс.
Қ.Мырза Әли «Адамның артықшылығы»
Мәтінді екі топ бөліп, мәнерлеп оқып шығады.
Мәтінді түсінгенін сұрақ-жауап арқылы бекітіледі. Екі топ жауап бергендігіне байланысты жұлдызша және төртбұрыш арқылы бағаланады.
1-сұрақ: Адамдар табиғаттан нені үйрене алады ?
2-сұрақ: Мәтіннің ішінен тірі табиғатты атаңдар ?
І топ: Жаңа ақпаратпен таныстырады.
Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.
ІІ топ: Дәйексөзбен таныстырады.
Дәйексөз: Р.Сәтімбековтың «Табиғатым – аң-құсымен ажарлы».
- Балалар, табиғатты аң-құстарсыз елестетіп көріңдерші. Құстың сайраған үні жоқ жерде жан-жануардың қайнаған тіршілігі жоқ жерде табиғат сұлу болмақ емес. Олардың да адамға үйретері мен ұғындырары мол. Сондықтан да табиғаттың сәні болған, тіршілікті жандандырған аң-құстарды табиғаттың бізге берген сыйы деп, оларға қамқор бола білейік.
Тапсырма:
- Балалар, өздеріңе таныс аспан көгіндегі құс жолы белдеуімен көктемде қанатты достарымыз бізге адаспай ұшып жетуіне септігін тигізетін жарық жолдар салу үшін мен сендерге бір-бір жұлдыз таратып беремін. Бұл жұлдыздарда сендердің қанатты достарыңның аты жазылған. Сендер құстың аты жазылған жерге сол құстың жақсы қасиетін тіркеп жазып, тақтадағы құс жолына іліңдер.
Мысалға:
- Аққудың жақсы қасиеті – адалдығы;
- Қарлығаштың жақсы қасиеті – адаммен достығы;
- Қыранның жақсы қасиеті – батылдығы;
- Тотықұстың жақсы қасиеті – ағашқа қамқорлығы;
- Сауысқанның жақсы қасиеті –сақтығы;
- Тотының жақсы қасиеті - әдемілігі;
- Бұлбұлдың жақсы қасиеті - ән сыйлауы.
Оқушылардың жауаптарына ризашылығымызды біздіреміз.
Өзіммен-өзім.
Оқушыларға табиғат сыйын сезіндіру мақсатында өзіммен-өзім тәсілі ұйымдастырылады.
- Ал, балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Көз алдарыңа құс жолын елестетіңдер. Міне, біздің көмегімізбен құс жолы бұрынғысынан да жарқырап, жерде тіршілік ететін барлық жанға құстардың жақсы қасиетін жеткізуде. Аққу құстың адалдығы, сұңқардың батылдығы, сауысқанның сақтығы, ал қарапайым да кішкентай қарлығаштың адамдарға деген достығы біздің де тұла бойымызға дарып бара жатқандай. Барлық адамдар аққудай адал, бұлбұлдай әнші, тотыдай әдемі болсақ деп армандауда. Олар қанатты достарының тек ағаштарды қорушы ғана емес, табиғаттың жан біткенде берген сыйы екенін түсінгендей. Ал енді көзімізді ашайық.
(Құс қиындылары тақтаға ілінеді)
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Қане құс болып ұшайық
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Сахналау. Ө.Тұрманжанов «Құс ұясын бұзбайық !»
Рөлдерде: Табиғат- ана, мұғалім, оқушылар.
І топ: Табиғат-ана баларға неліктен өтініш айтты деп ойлайсыңдар?
ІІ топ: Сендер осы өтінішке қалай жауап берер едіңдер? Неліктен?
- Иә, балалар, құстың обалына қалуға болмайды. Сондықтан айтқан уәделеріңде тұрып, құстарды қорғай біліңдер. Қыстың күні суықта бүрісіп отырған құстарға жем беруді ұмытпаңдар.
Дәптермен жұмыс.
Қанатты достар сыйлаған табиғат-анаға қандай сүйіспеншілік қолын ұсынар едіңдер ?
Мысалы: Мен сені ерекше қадірлеймін. Мен сені аялаймын. Мен сені қорғаймын.
Қорытындылау.
Тұмсықтарына батпырауықтың жібін қыстырып, ұшып жүрген құстардың әр батпырауығына әріптер жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді орнына қойғанда, құстардың бізге айтқан өтінішін оқуға болады. «Дос болайық, балалар !»
Жүректен-жүрекке.
«Ақ көгершін» әні хормен орындалады.
Рефлексия. Сендерге сабақ ұнады ма?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.