Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“Табиғатым – тағдырым” -

“Табиғатым – тағдырым”

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2811 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО Түркістан қаласы, Оранғай ауылы
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Талипова Инобат сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың тақырыбы: “Табиғатым – тағдырым”
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдете отырып, білімдерін ізгілендіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат-Ананы қорғауға және қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, буктеме, нақыл сөздер.
«Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев
«Табиғат пен жер ананы білу,
оны аялау-адамның азаматтық
борышы, әрі парасатты парызы»

Қазақстан-атамекен-киелім,
Табиғатын аялаймын, сүйемін.

Бабалар табиғатты аялаған,
Малын бағып, бауырын аялаған.
Табиғатты «Ана» деб ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
Сабақтың типі: танымдық сабақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: биология, экология, география, қазақ әдебиеті.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Туған халқым ел- аман бол!
Ұлы мекен -Жер аман бол!
Жүрекжарды тілегіміз-
Жаса мәңгі ,Сен Жер- ана!
Сабақтың жоспары:
І. «Табиғат тіршілік көзі»
ІІ. «Табиғат –алтын бесігім»
ІІІ. «Ана-Жер туралы аңыз»
ІY. «Туған жердің табиғаты»
Y. «Табиғатты аялай-парызымыз!»

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Табиғат-бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасына тыс, өздігінен пайда болған дүние. Табиғаттың пайда болуы-адамның пайда болуына әкеледі. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайді. Табиғаттың тамаша бір қасиеті-ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазарта алады. Ол адам баласының іс-әрекеттерінің қалдығынан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады. Бұл жерде адам көмегі керек-ақ! Таза табиғат үшін күрес-өмір үшін күрес, келешек үшін күрес. Туып өскен ортаның табиғатын қорғау үшін әр бір адам өз жерінің табиғатын, оның ерекшеліктерін білуі қажет, неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, сауатты түрде өз көмегін бере білуі қажет деп ойлаймын.

1-бастаушы:
-Туған жер, Ұлы Отан, өскен ел деген жүрекке жылы тиетін салиқалы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен тікелей сабақтасып жатады. Табиғат-адам баласын дүниеге келтирген аяулы Ана, бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп-өскен мекені.

2-бастаушы:
-Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы. Өсімдіктер. Жануарлар. Таңғажайып құбылыстар. Көркем көріністер. Бәрі-бәрі табиғаттың бір бөлігі. Әр адамның «шыр» етіп дүниеге келгені, «Ана» деген сөзді алғаш айтқаны, тәй - тәй басып оқу - білімге жол ашқаны – табиғаттың кең пейілі, мейірімі емес пе?

1-оқушы:
-Ей адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштық сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаныңда, қаныңда,
Жер жаhанды аялап алақанда.
Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,
Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.
Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап,
Дүниеге Жер-Ана қара шаңырақ.

2-оқушы:
О, табиғат! Тағдырымсың сен менің,
Сенің барлық өзен, тау мен көлдерің.
Ауаң, суың, өсімдігің болмаса,
Дүниеде қалай өмір сүремін.
Құдіреті мол табиғат, мен саған,
Әрқашанда алғыспен бас иемін...

3-оқушы:
-Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сол кезде-ақ қазақ «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғауға тәрбиелеген. Сол тәрбие, бабалар салған игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып жатыр.
4-оқушы:
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
5-оқушы:
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат - адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер. Ертеден қалған «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.

6-оқушы:
-Халқымыздың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов та: «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғатты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым - жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.

7-оқушы:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін

8-оқушы:
Қандай ғажап керемет – табиғат,
Іш, бауырым, пейіл қойшы пайымдап,
Игілігің – көкше көлдер, өзендер,
Сеңгір таулар, гүлді орман, қайың бақ...

Мен сүйемін сылдыраған салқын суды,
Судағы салқындаған үйрек, қазды.
Мен сүйемін күн шығарда көтерілген,
Көгілдір көк жиектегі көкшіл буды.

9-оқушы:
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
ІІ. «Жер ана туралы аңыз»
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.


Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді.
Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.


Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

10-оқушы:
-Дегенмен, табиғат Анаға бүгінгі күннің көзімен қарайтын болсақ, қоршаған ортамыздың шынымен де жетімдік тартып отырған тұстары бар. Оған,әрине, бүгінгі заман қажеттілігі, өмір талабы себеп болып отыр. Елдің өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғаттың тазалығы да соншалықты маңызды.

11-оқушы:
Табиғат – адам.
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде,
Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!
12-оқушы:
-Өйткені, адамзат болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек, ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
Мұрат емес,озғаным,озбағым,
Кімге керек азған соң тозған арың?!
Айналайын Адамдар,аялаңдар.
Туған жердің ырысы мол, табиғатын.
13-оқушы:
Ей, замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де, беретіне қарызға.
14- оқушы:
-Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуы, маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі, және т. б. атауға болады.
15-оқушы:
- Азғыр, Тайсойған әскери полигондарынан ұшқан ракетаның сынықта-рынан аяқ алып жүретін жол жоқ. Оларды жинақтау, көму жұмыстарының жүрісі нашар. Облыста бірде – бір таза су көзі жоқ, уақ өзен, көлдер әбден ластанған. Оның үстіне су тазартқыш қондырғылар өте аз.Сол себепті көп ауру осы су көздерінен тарайды.
-Химия және металлургия салаларындағы ірі кәсіпорындар біздің еліміздің Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларында орналасқан. Бұл қалалардағы ауаның ластану деңгейі аса жоғары болды. Әйтсе де проблемалар жеткілікті.
16-оқушы:
-Өндірісті ірі қалаларда, техногендік елді қоныстарда қоршаған орта қатты ластануда. Осы бүлінген қоршаған ортада адам ағзасына залалды заттар молайды. Мұндай кеселді заттар қан және лимфа айналымын бұзып, адам өміріне қауып төндіреді.
17-оқушы:
-Әрине, мұны көпшілігіміз елей бермейміз. Қоршаған ортаны бүлдіруден түбінде үлкен зардап шегетінімізді ескермейміз. Ластанған ауа мен су біздің ағзамызға ас қорыту жолдары және тыныс алу мүшелері арқылы енеді. Залалданған топырақ пен бүлінген ауа аса қауіпті. Жер асты сулары тамаққа тұтынылады. Жерден жаңа өнім жиналады. Егер жер алқаптары қатты бүлінсе, ауыл шаруашылық мақсаттарға пайдалануға мүлде жарамай қалуы әбден мүмкін.
18-оқушы:
-Себебі, адам қоршаған ортадан тыс өмір сүре алмайды. Кез келген басқа тіршілік иелері сияқты қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады, біздің денсаулығымыз — қоршаған ортаның жағдайына тікелей тәуелді. Күннің сәулесі, құнарлы жер, ауа және таза су — бұл тіршілік атаулыға қажетті бірден-бір алғы шарт.
19-оқушы:
• -1991 жылы 18 маусымда Республика тарихында тұнғыш рет Қазақстан Республикасының «Айналадағы табиғи ортаны қорғау» туралы заңы шықты. Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын, адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған.

1991 жылы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен елімізге ажал отын шашқан Семей полигоны жабылды.

«Табиғатты қорғау басты борышымыз» деп ҚР Ата Заңында бекітілді.
• Саны сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды , құстарды, жорғалаушылар мен қосмекенділерді сақтау мақсатында 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабі жарық көрді. Онда сүткөректілердің 40 түрі мен түршелері, құстардың 50 түрі мен түршелері, өсімдіктердің 179 түрі мен түршелері, ал бұрынғы Семей облысы бойынша сүткөректілердің 6 түрі мен түршелері, құстардың 18 түрі мен түршелері, өсімдіктердің 30 түрі мен түршелері енгізілген.

-1997 жылы қыркүйекте Қазақстанның бастауымен ядролық қаруды қолданбау туралы халықаралық конвенция өтті.

-«Қазақстан-2030» бағдарламасында Президентіміз ел экологиясына ерекше тоқталды.
20-оқушы:
-Біздің ауыл Қаратаудың етегінде орналасқан суы мөлдір, ауасы таза, жері құнарлы, көктемі өте керемет.
Міне, көктем де келді. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы көктемде табиғат жаңа түлеп, қайта туғандай күйге енеді. Бұл мезгілде табиғат та, Жер - Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарып, адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал -теректер бүршік жарып, даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел-белестерге қызылды-жасылды кілем төселеді. Сол сәттегі табиғат сұлулығын көрегенде көкірегімнен еріксіз жыр ағылады:

Көктем келді..
Көктем келді, қандай ғажап, тамаша,
Жандар едік ойнап өскен балаша.
Қырдағы шалғын әсем гүлге оранып,
Құлпырады, құлпырады - ау жаңаша.

Көктем келді, о табиғат, жер ана
Көзіңді сал айналаңа, маған да.
Қыс түссін, мейлі, күз түссе де бұл көктем,
Сайрап тұрар бұлбұлша менің санамда.

Көктем, сенсің тіршіліктің күткені,
Сен келген соң жылынар қыр бөктері
Болшы мәңгі жүрегімнің шуағы,
Сайрап салар көңілімнің көктемі.

Көктем, көктем, өзің неткен кербез ең,
Жайнады ғой, таулар, бөктер, бұл өзен.
Сұлулық пен сымбатыңды ән қылып,
Бел ортаңда ойнақ салып мен келем.
Көктемнің шуақты күні қандай тамаша?! Көктеммен бірге сәні кіріп, жаңарған табиғатымызды таза ұстап, аялау - біздің парызымыз. Өйткені «болашақ біздерден басталады».

1-бастаушы:
Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!

2-бастаушы:
Табиғаттан шипа таппай келді кім?
Енді өзіне керек боп тұр ем бүгін.
Сақтай алар қорық соңғы дәнекер,
Табиғаттың ұлы тепе - теңдігін.

1- бастаушы:
Туған жер алтын бесік, асыл ана.
Самғайды ақ жүрегің тосып әні
Табысқан тәтті тірлік, ерен күшің
Сүйем мен сені осындай далаң үшін.

Жүректен – жүрекке
Хормен:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Мұғалім:
-Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біздер оны қорғауымыз керек. Балықтарға су, ал құстарға орман, тоғай керек. Демек, табиғатты қорғау өз Отанымызды сақтау деген сөз.
Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына. Жер, Табиғат, Отан, Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес әрі мағыналас. Сондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу, қорғай білу, қастерлей білу-бәріміздің борышымыз. Табиғатымыз аман болсын!
Табиғатты түсіне білейік!
“Табиғатты қорғайық” деген белгі тапсырылады.


“Туған ел” әнімен аяқталады.

Түркістан қалалық білім бөлімі
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі Талипова Инабат
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.