Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғатым тал - бесігім -

Табиғатым тал - бесігім

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1691 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО
Шымкент қаласы
№34 жалпы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жулдыз Кубейсинқызы Тохсанбаева

1. Табиғатым тал - бесігім
(Сахналық қойылым)
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді, табиғаттың шын жанашырлары бола білуге, жер – ананың адамзатқа берген сыйын үнемдеп оны сақтай білуге дағдыландыру.Ана табиғатымыздың, мынау қоршаған ортамыздың адам мейіріміне зәру екені, жасаған іс - әрекеттерінің оң және сол әсерлерінің болатынын түсіндіру. Ата –бабамыздың ұрпағы үшін, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен аманат етіп қалдырған жерлерінің табиғатын сақтай білуге тәрбиелеу.
Сахнаның безендірілуі: күй «Қорқыт» жай қобыз әуені ойнап тұрады, тау, тас, түрлі түсті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ (табиғат суреті, адам алақанында бейнеленген «Жер шары» суреті).
Қатысушылар:
1.Ана – басына биік түндік, аппақ ұзын, кең көйлек
2.Қария – басында қалпағы, ақ шапан, қолында аса таяғы
3.Жер – Ана – көкшіл кең ұзын жамылғы
4.Асан қайғы – басына киіз қалпақ, қоңыр түсті шапан,аса таяғы, иығында қоржыны
5.Қорқыт ата – сұр түсті шапан, қолында қобызы
6.Су – көк түсті жұқа, жеңіл киім
7.Өсімдік – жасыл түсті, ұзын жұқа киім, мойнына, басына жасанды гүл шоқтарынан жасалған арнайы орамалар
8.Аққу – басына аппақ желбегей жұқа жамылғысы, сыртынан ( тәж) аппақ ұзын жұқа киім
9.Топырақ – сұр түсті көйлек
10.Табиғат – жасыл – көк түсті киім, жасанды гүл шоқтарымен әшекейлеу

І бөлім
( Сахна ашылады, қобыздан күй ойнап тұр)

Ана: - Уа, армысың, киелі далам, қасиетті Жер – Ана!
Қария: - Ия, адамзаттың Жер – анасы аманбысың?
Жер – ана: - Ей, адамдар! Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер – Анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах ұрады дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?
Асан қайғы: Жалғыз жүріп, жалықпаймын іздеуден,
Іздеп өтем жер ұйығын елімнің.
Барар жерім көп болса да дамылдап,
Уа, Жер – Ана, алайыншы амандасып өзіңмен.
Армысың – асыл Ана, мен бір балаң,
Иісі қандай киелі топырағың.
Тіршілікті тал бесікте тербеген.
Қарыздармын қасиетті жерге мен.
Жер – Ана: - Барша әлемді тербеген мен боламын – Жер – Ана,
Таныстыршы өзіңді, боласың сен қай бала?
Асан қайғы: - Уа, ардақты Жер – Ана, бас иемін алдыңда, жер ұйықты іздеген Асан қайғы мен болам.
Жер – ана: -Уа, балам, көзің өткір қарашы,
Қараңдайды қара сұлба алыстан
Өзі асығыс сонша жадап жүдеген,
Бет алысы бізге қарай,
Жөн сұрайық өзінен.
Қорқыт ата: -Жер – Ана, іздеп келем өзіңді мен,
Өлім мен қасіреттен қашып жүрген
Қорқыт деген мен боламын
Айтпақшымын жаман хабар күйінішпен
Жапа шекті бір ғалам
Жайнап тұрған.
Жер – Ана: -Не дейді? Не дейді? Бұл сұмдық қой естімеген
Өз перзентім өзіме қол көтерген.
Бетіме сонша таңба салатындай,
О, құдірет, қай ісімнен таптым екен?
Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай, қайғылы күйге түсірдіңдер, сендерге өлкеміздің байлығын, асыл қазыналарын, айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарын қырып жойыңдар деп қалдырған жоқ едік ғой!
Қорқыт ата: -Қамқоры кім жерімнің,
Панасы кім?
Даласы мұң елімнің,
Ауасы мұң
Тап болды бір заманға
Сәбилері уланатын сүтінен анасының.
Асан қайғы: - Ел жағалай қонбаса, бетегелі бел ғәріп.
Қаз үйрегі болмаса, айдын шалқар көл ғәріп.
Қорқыт ата: Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын,қанаттарың қырқылмасын.
Ана: - Күйзелмеші, күйінбеші Жер – Ана.
Қария: - Налымашы, бәрін қайта келтіреміз орнына.
Ана: - О, қасиетіңнен айналайын Жер – Ана. Біз, сенің перзенттеріңбіз.
Сенің қойның кең, мейірімді құшағыңдамыз.
Жер – Ана, жомарт ана тер төккенге.
Қария: - Мына сенің саялы бағыңды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен - көлдеріңді, сиқырлы сазды үнді құстарыңды, жалпы табиғат атаулыны аялап сүйеміз. Жаратылыстың мырзалығын ысырапқа салған, Адамзаттың ойланбай жасаған қиянатын кешіре көр, қасиетіңнен айналайын, Жер – Ана!
( Тізерлеп екі қолын жоғары көтеріп, кемсеңдеп, дауысы жарықшақтанып шығады)
ІІ бөлім
(Сылдырап аққан судың, сайраған құстардың дауысы, сахна ашылады)
Су: -Мен сумын, мен тіршіліктің көзімін. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. « Сулы жер – нулы жер » дегенді бекер айтпаған. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
Өсімдік: - Мен -өсімдікпін. Жасыл желекпін, көк майсамын, құрақпын, қызыл – жасыл гүлмін. Өсімдік ашыққанда – тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік, таза ауа- еліміздің дәулеті, жасыл – желек орман- әрі сұлулық, әрі байлық, әрі-ден саулық
Аққу: Сұлулықтың патшасы, су аруы – аққумын. Жануарлар әлемінде жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары ақбөкен, бұлбұл әуезді әнімен табиғатымыздың сәні, көркі емес пе?
Топырақ: Мен – топырақпын. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді мына менен алады.
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны, денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылық топырақтан шығады.
Табиғат: Мына мен – табиғатпын. Мен адам бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемімін.

Көрініс: «Табиғаттағы қолдан жасалған апат»
Қатысушылар: Ораз қария - 80 жаста
Медет қария –75 жаста
Ораз қария: Ой, заман – ай , заман – ай, адам табиғат пен Жер - Ананың төл перзенті ғой, табиғат тіршілік көзі, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтағанда, қ – а – й – р – а – н, шағалалы шалқар теңізім Аралым, мұндай күйге түспеген болар едің. Сырқатың меңдеп барады, сырқатың меңдеп барды. Қолдан келер қайран жоқ.
Медет қария: Иә, дұрыс айтасыз, құм басқан татырлар, шегінген жусан, ақ сортаңға айналған бағзы жылдардағы егінді алқап... бәрі – бәрі жанымызға батады, Ореке.
Ораз қария: - Келер ұрпақтың алдында ұятқа қалдық, берер жауабымыз жоқ.Тіршілік үшін әр кез жауапты екенімізді мүлдем ұмыттық.
Медет қария: Жер тағдыры – ел тағдыры екенін кеш болса да жастарымызға ұқтырып, табиғаттың қателікті кешірмейтінін, елімізді, жерімізді адамзаттың өз қолынан жасалатын апаттарынан сақтауға жол сілтеу керек, қария.
Ораз қария: Адамзаттың, болашақтық алдындағы біздің мақсатымыз, парызымыз өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт – бағдар беру!

Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»

Жер – Ана: Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аяулы бесігі, құтты қонысы, өсіп – өнетін мекені.Адам – табиғат перзенті. Олай болса табиғат – анаға аялы алақан, жүрек жылуын арнау әрбір саналы азаматтың парасатты адамгершілік борышы.
Қан төгіп соғыспаңдар өтінемін!
Куәсі едім соғыстың да, ұлы істің де,
Жетпейді екен тыныш күнге.
О, адамдар!
Таза ауаны түтінмен құртпаңдар,
Есірткінің есігін құлыптаңдар.
Хиросима тағдырын ұмытпаңдар.
Тыныш жатсын құстар да ұясында,
Күрсінбесін қария, қия шыңдар.
Қару алмай, қастаспай достасып – ақ
Барлығың да төсіме сиясыңдар!
Мұрат емес, озғаным, озбағаным,
Кімге керек азған соң, тозған арың?
Айналайын Адамдар, аялаңдар.
Туған жердің ырысы мол табиғатын.
Ей, адамзат! Мынау ғаламшардың қауіпсіздігі сенің қолыңда, мына біздің қолымызда!
(Қатысушылар бәрі бірге қолдарына глобус алып сахнаға шығады, бір дауыста:)
Адам мен қоғам
Көресінің көкесін көрген де – Адам.
Көк құрышты қамшы ғып өрген де – Адам.
Найзағайдай атылған жолбарыстың
Жағын қолмен айырып берген де - Адам!
Күн нұрына арманын малған да – Адам.
Жақсылықпен бір тыныс алған да – Адам.
Құлап түскен торғайдың балапанын
Ұясына көтеріп салған да – Адам!
Ән: (хормен) «Атамекен»
(Сахна жабылады)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.