.
.
Ускенбаева Айнура Балтабайқызы, Тамақ әзірлеу технологиясы. Сайыс сабақ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2429 | Размер: | Автор: гость№8 колледждің оқытушысы.
Төлеби ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Тамақ әзірлеу технологиясы. Сайыс сабақ
Мақсаты:
1. Оқушының білімін, дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге, оқушыларды ұйымшылдыққа, іскерлікке, шеберлікке үйрету.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мәні: Еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, өздерінің мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, слайд, ыдыс аяқтар, асханалық ас жаулықтар.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тауартану пәнімен тамақтану физиологиясы пәнінен тамақтану мекемесінде қонақтарға қызмет көрсету пәнімен байланыстыру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар және студенттер, 14 және 16 топ оқушыларымен өткізілетін Сайыс сабағымызды өткізуге рұқсат етіңіздер.
Наннан тағам аспайды,
Нан бәрін де бастайды.
Бассада адам Құранды,
Нанды бірақ баспайды.
Нан қарағым киелі,
Нанды халық сүйеді,
Қастерлеген адамға
шапағаты тиеді, - дей отырып 1-курс 16 топ және
2-курс 14 топ білімдерін сынап көретін сайыс сабағымызды бастаймыз.
Топты 2-ге бөлуі
Адам көзінің нұры-
Жүзінің шырай- түрі
Тіл деген- ақыл гүлі,
Тілде жатыр сөздің сыры деп, сайыстың бірінші бөлімін бастаймыз және топ басшыларына сөз кезегін берейік.
І-топ «Орамжапырақ »
Эмблемасы, плакаты шығарылған болу керек. Девизі «Ас-адамның арқауы». Топ басшысы Орамжапырақ атауын қорғауы. «Денсаудық-зор байлық» немесе «Өзіңді-өзің емдей біл» демекші:
1. Бас ауырғанда жас орамжапырақты шекеңізге, самайыңызға жапыстырып қойсаңыз тез жазыласыз.
2. Ұлтабар жарасын жазу, бұны операциясыз ақ жазуға болады. Күн сайын орамжапырақты ұзбей және ұзақ уақыт жесеңіз одан оңай құтыласыз. Ішек жолдары ауырса ем қонғаны.
ІІ-топ «Тәтті бұрыш »
Эмблемасы плакаты шығарылған болуы керек. Девизі «Ас атасынан» топ басшысы: тәтті бұрыш құрамында аскорбин қышқылы молдығынан өсімдіктер бірінші орында. Ашытқан орамжапыраққа 1кг на 50гр бұрыш салса онда С дәруменімен байытып қана қоймай оны сақтайды. Бұрышты бөлек тұздауға болады. Ол коратинге бай А дәруменіне.
І ші бөлімі
Топ басшылары жюри мүшелеріне плакатты, эмблемаларын көрсетуі тиіс әр топ 10 үпайдан бағаланады.
Ж-10
О-6-9
Т-1-5
ІІ ші бөлімі
Үй жұмысы «Менің шығармашылық жұмысым» қорғау
Мынадай талаптар орындалуы қажет .
Еңбек қауіпсіздік шараларының сақталу Тазалақ талаптарының сақталуы Тағам және сусун дайындалу технологиясының сақталуы Тағамның органалектикалық көрсеткіш бойынша сапалығын анықтау Қосымша құжаттар
Ескерту:
Ж-8-10
О-5-8
Т-1-4
Үй жұмысын жюри мүшелеріне әкелу керек.
ІІІ бөлім
Оқушылар аспаздық шеберліктерін көрсетуі. Әр топтпн 2-кі оқушы шығып азық-түліктерімен өзінің қалаған тағамын немесе сусынын дайындау оны қорғау.
Ж-8-10
О-5-8
Т-1-4
ІҮ бөлім
«Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» білім сайысы. Әр топқа сөз жұмбақ сұрақтарына жауап 1 баллдан қосылады.
І ші топ сұрағы
а
с
п
а
з
1. Ас дайындау шебері(аспаз)
2. Тамыр жемісті коратинге бай көкөніс(сәбіз)
3. Сыбаға сөзінің орысша атауы(порция)
4. Асқабақ тұқымдас көкөніс (қарбыз)
5. Көкөністерді алғашқы аспаздық өңдеу (тазалау)
ІІ топ сұрағы
Т
А
Ғ
А
м
1. Турау формаларының жай түрі.(тілімше)
2. Оқып жатқан мамандығымыз(аспаз)
3. Тамыр жемістілердің түрі(шалғам)
4. Көкеністерді механикалық аспаздық өңдеу(қабығын аршу)
5. Көкөністердің сапасын органолептикалық әдіспен анықтау.(дәмі)
Ү. Бөлім.
«Мақал сөздің мәйегі» сайысымызда екі топ басшысы бір мезгілде конвертті алып ондағы сайыстың шарты түсіндіріледі. Бұл сайыста конверттегі үш мақал-мәтелді жалғастыру қажет. Әр дүрыс аяқталған мақалға 5 ұпайдан. Тапсырманы орндауға әр командаға 3 минут беріледі.
І топ
1. Астың дәмін келтіретін ........................ (тұз әулие)
Елдің сәнін келтіретін ...........................(қыз әулие)
2. Жақсыға берсең ............................ (асыңды)
Жақсы силар.............................. (басыңды)
Жаманға берсең.........................(асыңды)
Итке тастар..................................(басыңды)
3. Жиен ел.......................... (болмас)
Желке ас ........................(болмас)
ІІ топ
1. Асқа барсаң ........................... (аш бар)
Тойға барсаң ..........................(тойып бар)
2. Жылқы етін жесең ..........................(тісіңе кіреді)
Жемесең .........................................(түсіңе кіреді)
3. Аз қайғыны ...................(ас басады)
Көп қайғыны.................(дос басады)
ҮІ бөлім мерекелік дастархан жабдықтау
Мерекелік дастархан жабдықтауға 1 оқушы шығып салфеткаларды әсемдеп әр әсемделген салфеткаларға 4 балл қойылады. 20 минут
ҮІІ бөлім. Көрермендермен жұмыс
Жүргізуші азық-түлік өнімін атайды, сіздердің міндеттеріңіз, ол не?- деген сұраққа жауап беру. Мысалы:
Нәлім- балық
Сүт-сусын
Баклажан-көкөніс
Кефаль- балық
Жүзім-жидек
Топинамбур –көкөніс
Айран-сусын
Кокос-жаңғақ
Канапе-бутерброд
Вобла-балық
1. Көрермендерден 2кі оқушыны сахнаға шығарып, қолын байлап, алдындағы тортты жеу қажет сонан соң стакандағы суды ішу керек. (студенттерді жарыстыру)
2. Әр топтан бір оқушының көзі байлаулы ұнды крахмалды, ас содасын қолымен ұстап анықтау керек. Әр дұрыс жауабына 5 балл.
ҮІІІ бөлім. « Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» жұмбақтар жарысы. Әр топқа 3 жұмбақ жасырылады. Егер дұрыс жауабы айтылмаса кезек келесі топқа беріледі. Әр дұрыс жауабына 5 балл.
(5 минут уақыт)
Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болсада,
Шешпей оны қоймайық,- деп жұмбақ шешіп көрейік.
І топ жұмбақтары
1. Қарны жуан қампиған,
Қос құлағы қалқиған. (қазан)
2. Көк жалынын ойнатады,
Үндемей ас қайнатады. (газ плита)
3. Қос құлағы қалқиып,
Су ішкен сайын марқайып
Күн ысыса төл жинайды,
Дос болғандаел жинайды. (орамжапырақ)
ІІ топ жұмбақтары
1. Жерге ақтай тықтым
Жап жасыл боп шықтым
Енді қызыл мықтым (қызыл бұрыш)
2. Мадақтады мақтады,
Ұрғылады, таптады
Бәрін көріп келеді,
Пышағыңнан өледі. (нан)
3. Оным отызға береді,
Отызым ылпынға береді.
Ылпың жылпыңға береді,
Жылпың жылжып береді. (тамақ жеу)
ІХ бөлім.
«Оқусыз білім жоқ , білімсіз күнің жоқ» тест сұрақтарына жауап беру. Әр топ басшысы конверттегі сұрақтарды бір мезгілде алады . әр сұрақ жауабы 5 балдық жүйеде.
І топқа сұрақтар
1. Тамақтану мәдениеті дегеніміз не?
А) тағамды ұсына білу
Ә) тағам дайындау ережесі, тазалық гигеналық талабы
Б)тағам әр түрлі болуы бір қалыпты тамақтануы
В)дастархан басында тамақтану ережесі
2. Шала фабрикат қандай мағына білдіреді?
А) піскен тағам
Ә) қуырып болған тағам
Б) жартылай дайындаған тағам
В) Бұқтырылған тағам
ІІ топқа
1. Ашытқылар бұл не?
А) тұздық түрі
Ә) кристалды ұнтақ
Б) микроорганизмдер
В) тамақ содасы
2. Мусс,желе жасау үшін қандай тағам желімін пайдаланады.
А) май
Ә)бал
Б) желатин
В) маргарин
Х бөлім. Оқушылар аспаздық шеберлігін қорытындылау.
ХІ бөлім. «Мерекелік дастархан жабдықтауы» қорытындылау.
ХІІ бөлім. Жюри мүшелерін өз-ара сабақты қорытындылауы. Студенттердің концерттік программасын тамашалау.
Сөз жюри мүшелеріне беріледі. Студенттерді марапаттау.
(мақтау қағаздарын ұсыну).
Жүргізуші: Осымен «Тамақ әзірлеу технологиясы» атты сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше хош-сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.