.
.
«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биология Тамыр және тамыр жүйесі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1700 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsfсабағының жоспары
Мектеп: Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия
Мерзімі:12.11.15 ж
Мұғалім: Абдураимова Вазира Сайфуллаевна
Сыныбы:6
Оқушы саны: 24
Тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі
Құндылық:Сүйіспеншілік.
Қасиеттер:шынайылық, риясыз қызмет ету, жанашырлық.
Сабақтың мақсаты:оқушыларғатамыр және тамыр жүйесі және оның маңызын сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға тамыр және оның жүйесі туралы түсіндіре отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: оқушының өзін-өзі дамытуға жетелеу, шынайылық, жанашырлықіскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды өз Отанына,ата-анасына,туған жеріне риясыз қызмет етуге тәрбиелеу. Ресурстар (материалдар көздері, оқулық, слайд,суреттер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті.Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңдар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз,қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббатқұралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсыізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрініен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға,жан- жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: ...Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен нұрмын.
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сыртқы интеграция.
(Өзін –өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану).
Тамыр-топырақтың жерасты мүшесі.Тамырлар сіңірген суды және онда еріген минерал тұздарды сабаққа өткізеді.Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы болып бөлінеді. Негізгі тамыр-тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады.Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығын айтады.Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр деп екіге бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы дамыған. Олар қосжарнақты өсімдіктерге тән.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Шашақ тамыр дара жарнақты өсімдіктерге тән.
Ескерту:
5 Т-ны есте сақтау:
Тәртіп
Тазалық
Татулық
Тыныштық
Талап
Ішкі интеграция.
(Жалпы адамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)Мысалы, қызғалдақты біз кіндік тамырға жататын өсімдіктер қатарына жатқызамыз.Біз далада өсетін қызғалдақтарға қарасақ,олардың түсі қып-қызыл.Баяғы замандарда ата-бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмағандығы туралы әңгімелейміз.Себебі,оларда қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі.Сондай-ақ, «қызғалдақ»- қызыл+қан-дақ деген үш сөзден құралған атау.Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар,яғни жан дүниесі таза,рухы биік адаидар іспеттес.Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе,бойында ерекше қуат пайда болып сергіп қалатынын сезінеді.Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдіктерді зерттей отырып,олардың жаны,рухы бар деген тұжырымға келді.Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда,әлгі аппаратқа:маған қауып төніп келеді!Қауіп жақындады!Төнді!Өлдім-деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған.
Қазақтың батырларына үңілсек олар қазақ даласы үшін өздерінің бір тамшы қаны қалғанша күрескені тарихтан мәлім.Қызғалдақтың қызыл түсі адам қанының түсімен сәйкес келеді.Адам баласының өмірге келуі,өсіп- өнуі,білім алуы, халқына еліне қызмет етуі, жанұя құруы, балалы-шағалы болуыда табиғат заңдылығына жатады. Жүрегінде адами қасиеттердің қалыптасуы.Бойындағы мейірімділік,жанашырлық,адамгершілік,ізгілік қасиеттерінің бар екендігі тікелей қарағанда қызғалдақтың өмірімен байланысы бар сияқты.
Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте дамып, жуандамай, басқа қосалқы тамырлармен бірдей өседі. Біз көпті көрген,өсіп-өңген жандарды шашақ тамырға теңесек болады.Қаншалықты жеміс берсе де,шашақтары бір қалыпты.Мен дәл осы сәтте жомарт жандарға, көшбасшыларға теңегім келіп түр.Олар: елім, жерім деп өмір сүреді, яғни өз отанына, ата-анасына, туған жеріне риясыз қызмет ететін перзенттер.Олардың жүректеріндегі махаббат әр үйдің алтын тірегіне айналады.
Тамыр туралы аңыз әңгіме
Бір орманның жанындағы өзеннің жиегінде ағаштар өсетін еді, олар күшті және биік өсуге және әдемі гүлдері мен қалың жапырақты болулары үшін бар күштерін жұмсайтын.
Әлбетте, олардың тамырды дамытуға күштері қалмады, олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді…
Сол өздерінің биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін-ді.
Ол бар күшін тамырға жұмсады.
Барлығы оның үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.
«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы. Бізді бәрі үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».
Ал лавр болса былай жауап беретін:
«Мен одан да өз күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін».
Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.
Бірде қатты жел соғып, сол ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалқаны болмаса, аман қалды.
Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы, жүрегіміздегі, жан-дүниеміздегі күшіміз сақтап қалатынын түсінді.
Үй тапсырмасы:№12 сабақ.Тамыр бөлімдері.
-Тамыр түктері бар аймақтарды неліктен сору аймағы деп атайды?
Сабақтың қорытынды сәті
«Өзін-өзі тану» пәні – сан қырлы.
Айтар ойы, мақсаты оның мазмұнды.
Жеке тұлға қалыптасса жан-жақты,
Болашағы болар елдің таңы нұрлы.
Өзін-өзі, өзгені де танитын,
Мейірімділік, адалдыққа баулитын.
Сездіретін жүректердің жылуын,
Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Өзін-өзітану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал. Алматы «Бөбек» 2010
2. Жалпы білім беретін мектептін 6-сыныбына арналған оқулық
«Биология» Алматы «Атамұра» 2010 ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.