Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Танымдық ойындар сайысы -

Танымдық ойындар сайысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2188 | Размер: | Автор: гость
. Танымдық ойындар сайысы
Төмендегі сынып оқушыларының табиғатқа сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыруда сыныптан тыс өткізілетін шаралардың маңызы зор. Осындай қосымша білім беру көздерінің бірі танымдық ойындарға негізделген- көңілді тапқыштар клубы ( КТК). Төменде осы көңілді тапқыштар клубының « Бізді қоршаған табиғат» тақырыбында өткізілген кезекті сайысы.
Мақсаты: 1. Оқушылардың табиғат жөнінде ой- өрісін кеңейту.
2. Білімге құштарлығын логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.
3. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Табиғат туралы даналық , суреттермен сайыс өтетін зал безендірілді. Биз табиғаттың иесіміз, ол биз үшін өмірге қажетті мол байлықтың көзі. Балыққа су, құсқа ауа, аңға орман және тау. Ал адамға Отан қажет. Табиғатты қорғау Отанды қорғау деген сөз» деп тамаша жазушы , табиғатты сүюші Михаил Пришвиннің айтқан даналық сөздерімен көңілді тапқыштар клубының «Біздің қоршаған табиғат» тақырыбындағы сайысы басталады.
Мұғалімнің бағыттау сөзі «Неге деген білуге құштарлық сөз бар. Ол сөз әр кезде әрқашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Адамдар көп жаналық ашқанын, әлі де аша беретініне сенеді. «Жоқ, жетпейді, енді мен ештеңе білгім келмейді» деген кезеңдер ешқашан болмайды. Сіз әлі еш жаналық ашқан жоқ екенсіз, сондықтан алдымен не белгілі, не ашылды, соны білуіңіз керек, сонда ғана сіз өзіңіздің «неге» деген сұрағыңызға жауап табасыз. Бұл сөз сізге айнала қоршаған дүниені танып білуіңізді көмектеседі. Сіз ғылымның ашқан жаңалықтарымен танысып зініздің «неге» деген сұрағыңызға жауап ала аласыз. Алған біліміңіз өмірде сізге көмек беріп, сізге жаңалық ашуға, жаңадан «неге» сұрағына жауап табуға жол ашады.
Биологиялық эстафета
Бастауыш: ( ойын шартын түсіндіреді)
Мен кез келген өсімдік атын атаймын, ал сендер сол өсімдік қайәріптен бітсе, сол әріптен басталатын өсімдікті атайсындар. Мысалы: өрік көкемарал лалагүл т.б. осыдан сендердің қаншалықты өсімдік түрін білетіндеріңді байқауғаболады..
Сонымен; Жеде
Балалар: Емен нарқайсар рауғаш шықшөп плауннайзабас сұлы ырғай итқонақ қандыағаш шие елизікше ерінгүл ләйлі ілбі іргешөп принула ақтал лапсона асқабақ қойбүлдірген нөн ағашы ызбан найзақара атқұлақ қоянжонышқа ақбасқұрай итмұрын норғия шөп пеларгония итшомыр раушан наурызгүллала алма адыраспан намазшан мақта ққайыңалоэ эскулап шөбі інжгүл лапыз занониха арша ащышөп потрипие пассифлора ақжелкен кейкоты ымыртгүл ләйлек күріш шолқан найзақара арпашөп помидор рауғаш шетен ноқат түймедақ қорандыз зире ешкішөп ебелек күшала алабота алма
Танымдық сұрақтар.
Құан жерлердегі өсімдіктерде жапырақ орнына неге тікенек өседі (Бұл өсімдіктің климатқа бейімделіп, ылғалды үнемді сіңіруіне байланысты)
Неліктен ағаштың жоғарыдағы жапырақтары кешірек түседі (Олар жасырақ)
Қандай қылқан жапырақты ағаш өзінің қылқанын қыста тастайды (Балқарағай)
Түнгі гүлдер неге ақ (Олар тозаңдандырушы жәндіктерге бірден көрінеді
Қай бауырымен жорғалаушы туралы «терісіне сыймаған» деп айтылған (Жылан түлегенде(
Қай құс қыс бойы басын төмен салып ұйықтайды (Жарқанат)

Жұмбақ жарысы
Жұмбақ айтам сіздерге. Тура тапқан адамға
Жауабын айт, көрермен Әділ баға берем мен

Жасыл, бірақ жуа емес Бұйра бұйра, бірақ шаш емес
Өзі ақ, бірақ қар емес

Ә) Көктемде көңілді идіреді
Жазда салқындатады
Күзде тамақтандырады
Қыста суықтан қорғайды

Отырса жасыл
Ұшса сарғаяды
Жерге түсіп қаралды

Ешкімнен қорықпайды
Бірақ қалтырайды

Ата отыр тон киіп

Мына өлеңде өсімдік аты келтірілген

Жер түгі (І.Жансүгіров)
Ағашта өзін білген қарағай тал
Жалғыз ақ неше алуан түрлісібар
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша
Ақ сасық, қызыл қайын, барша шынар
Шырғанақ сөңге терек, сөгет емен
Үйеңкі шырғай, балғын торанғылар
Сарыағаш, қойқарақат, жиде шетен
Табылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар
Қораған бозқорған, шенгел шілік
Сықылды ағаштардың талайыбар
Тауқонақ шайшөп, маңқы құлыпенбес
Сүттіген, еңлік, мейіз, киізкиік
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң
Жапырақ теңге бұйра, қисық шақ
Балдырған, уқорғасын, атқұлақты
Елік жүр сонысында соны қиып
Жүйкеуір бәрпі шырыш шытыр
Сауыны биермшектің кеп тұр иіп
Мыңтаммыр, жуа, рауаш, жаужапырақ
Балауса, сырғыш, селдір, ермен, бақбақ
Сыбызғы, жалбыз құлшақ, қарақияқ
Шоңайпа, меңдуана, сара шоқпақ
Ішінде сол құрайдың сұлу солар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ
Қонжыға, қоға, сасық, аққай болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ
Кеше елді аттандырған құтты қоңыс
Әлі тұр әсемдіге тауысылмай
Суретін сөз баяндап беткізе алмас
Жерінің бетісудың бәрі соңдай

Мұғалім. Табиғат күрделі де көп түрлі. Біз оны неғұрлым көп танып, түсінсек, соғұрлым табиғат бізге қызықтырақ бала түседі. Табиғат бізге өмір сүруге қажеттінің бәрін береді, тамақ, киім, аспана.
Махаббат пен Отан табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады. Табиғаттың әсемдігін сезініп, оның тілін оқу, білу, байлығын қорғау керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының бабында «Қазақстан Республикасыныңазаматы табиғатты қорғауға және оның байлығынсақтауға міндетті» делінген. Көңілді тапқыштар клубының кезекті сайысын мына жолдармен аяқтауға болады.
Білсең егер, табиғатта зор мән бар
Онда аң, құс, жануарлар, ормандар
Жерің, суың, таза ауаң қажетті
Шын жүректен оны сендер қорғандар!

Қазылар алқасы сайысты қорытындылайды.
Табиғатты қорғауға байланысты сыныптан тыс
Өткізілетін мұндай шаралар төменгі сынып оқушыларын белсенділікке, табиғатты сүюге, қорғауға баулиды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.